Жолдағы жағдай

Журфак /
Әдеттегідей, сабағым аяқталған соң үйге қайту үшін №124 автобусқа отырдым. Оған Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аялдамасынан міну мүмкін емес. Себебі, бұл автовусқа мінетін адам көп, оған қоса, автобустың екі соңғы аялдамаларының арасы тым алыс.Сонау қала сыртындағы Водник ықшам ауданынан бастап Таулы Қыратқа дейінгі аралықты қамтып жатыр. Боралдай кентіне дейін жол жүруіме тура келетіндіктен, қалтадағы жол жүру билетіне сеніп, кері қарай екі-үш аялдама жүремін. Қала ішіндегі аялдамалардың тұсына аталмыш автобустың арасы жеті минут деп жазылып тұрғанмен, жарты сағатта бір жүретін автобустың ішіне адам отынша жиналады. Бұдан кейін күнде кешкі автобустардың іші майдан алаңына айналатыны да анық. Кеш болғанда №124-тің жарты сағатта келгеніне риза болып та кетесің, оған «сыймай қалам-ау» деп ойламастан. Таңертең сабақ қай уақытта басталса да, ертемен алғашқы екі автобустың біріне үлгеруге тырысасың. Одан кейінгілер соңғы аялдамадан-ақ толып қалады.
Журфак: Автобус нөмірі
Автобустың заң бұзушылығы да белең алып жатады. Кешкі уақытта жолаушылармен бірге жанармай құюға тоқтайды. Мысалы, автобус ішіне лық толы адамдарға қарамастан, жиырма үшінші ақпан кешкі 20:23-те A 910 HL нөмірлі автобус Боралдай кентіне кіре берістегі helios жанармай бекетіне тоқтады. Сондағы қоғамның өміріне қауіп төндірді. Заң ғылымдарының докторы, профессоры Ағыбаев Арықбайдың айтуынша, мұндайда жүргізушіні заң бұзды деп есептеп, оны жүргізу құқынан айырады немесе жұмыстан шығарады екен. Және де мұндай келеңсіздікті байқаған жағдайда, құқық қорғау органдарына хабарлау керек. Бірақ, өкінішке орай, бұл оқиға күнде орын алады, осы уақытқа дейін бірде-бір рет шара қолданылған емес.

34 пікір

Chan
күнде орын алып жатса, жанармайы бір күнге жетпейтін шығар? уақытпен жүргесің жолаушыларды түсірмей нете береді да, түсірсе көбі «фокс» болып, шашырап кетеді. бәрінде проездной емес
begymsulu
иә… бірақ ойлаймын, ол жанармай бекеті өздерінің соңғы аялдамаларынан ұзақ та емес. соған уақыт тауып барып алуға болады деп. бір күні өртенсе, сонда болады ғой, шашырағанның көкесі
Chan
оны қойш мынаны оқып нетерімді білмей, іштей қынжылып отырм.
begymsulu
ИӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘ, бұл біздің қала. сұмдық қой
yesbolat83
Әрине, бұл заң бұзушылық. Сондай-ақ, жанармай бекеті қызметкерлеріне де таңғалап отырғаным. Тәртіптің орындалмауы ол адамзаттың өз-өзіне қастандық жасауы болып табылады.
begymsulu
оларға маңыздысы табыс көзі болып тұрған сияқты ғой
didi0393
автобустарды кобейту керек! неужели «кытайски » автобуска да жарымай жатыр?)))
Chan
автобустар көбейсе, пробка болады дегендей. жыртық, лас автобустарды ауыстыратын уақыт болды, жол ақысы да өсті. алматының исі ужі ластанып барады. білуімше сіздер жақта маршрутқа қарғанда, жаяу тез жетесіздер ғой, да? күн ысып, жел болмаса, рахат жер ғо)
didi0393
ия.маршрут немесе такси дегенге асыгыс болганда минбесек жаяу тартамыз.жаяу журу денсаулыкка пайдалы «деп кояд дейтта»))
Chan
ну, такси 150 теңге, бірақ шамалыға табыла бермейді дейсің ғо. с тобой все ясно)
didi0393
конешн, в кошелке все крупное)))
Chan
ақшаны айтпайм, такси табыла бермейд дейм. мақтаған сайын, сен де бірсондай ақпараттар естігем, рас па деп сұрап жатқан сол.
didi0393
естиген сон сене бершиш.зачем переспрашивать? такси толватырр)))
Chan
не дид?) қысқасы, сізбен таныса алмай отырм
didi0393
сен кимсин, дауай сау бол))))
Chan
Это все потому что я черный, да?
didi0393
нет)потому что ты ускоглазый)))
Chan
ох, күлейін ба, қайтейің, шырақ?
AshTrollToqTrollmenOinamaide
мынадан соң тошны секірер байқұс десем тірісіз ғо))
didi0393
него жагдайына караш, жаркыным)
Chan
менің жазғанымды негативті қабылама ДиДи:)
yerzhan
Чан ты отстой, экраннан кет адамды ұялтпай
begymsulu
ол жағы да бар… әлемде жоқ жүйені біздің Алматыға енгізгелі жатыр ғой. қалаға кіретін 4 жерден автотұрақ салады. онда автобус санын тағы көбейту керек.
zhurttyn_balasy
Ұжыс, не деген сұмдық заң бұзушылық? Зынданға!
satirik92
Біздің заң бар бірақ оған иісі қазақтар бағынбайды шындық осы.
jalyn
Бұларды дұрыстап қадағалау керек қой. №135 автобустың жанармай бекетінде жанып кетіп, ішіндегілердің әрең аман қалғаны бастарына тимеген ғой. Жолаушылардың да үнсіз отыра беретініне таңым бар.
begymsulu
әрине тимейді
Jado
Бірі бәрі үшін дегенді ұмытқан ғой… Айқайлап айқайлап қоясың ғо… как хорошо что мен автобуспен жүрмеймін…
begymsulu
онда сенікі рахаттың рахаты ғой…
semser_soz
Бұл қазіргі айта-айта ауыз талған тақырып қой. Әрине заң бұзушылық.Бірақ, жауапты органдар кінәлі, оларға әйтеуір жылы орнынан тұрмай күнін өткізсе болғаны. Қадағалап, 1-2 заң бұзғандарды жазаласа азаяр еді. ӨКІНІШКЕ ОРАЙ ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЕШКІМГЕ ҚЫЗЫҚ ЕМЕС...
begymsulu
республикалық газеттердің бетінде де қаптап жүрген, қызып-қызып күйген тақырып қой. бір күні плотно бір нәрсе болады, сол кезде мүмкін орындарынан ағаларымыз тұратын шығар…
semser_soz
МҮМКІН
Бірақ, ешнәрсенің болмай-ақ қойғаны игі болар еді!!!
begymsulu
әрине амандық керек қой. олай болғанын ешкім де тілемес
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.