Өлгеннен кейін де өмір сүру

Журфак /
Журфак: Өлгеннен кейінгі өмір
Твиттерде қолданушы қайтыс болғаннан кейін оның атынан жазба жазып, «ретвит» жасайтын жаңа бағдарлама ойлап табылды.

Өлілердің микроблогін жүргізіп отыратын LivesOn бағдарламасы твиттерліктердің бұрынғы (тірі кезіндегі) жазбаларын сараптап, сөз саптауы мен талғамына сай жаңа жазбалар жариялап, тіпті, өзге посттарды ретвиттеп отырады.

«Біздің бағдарлама біреуге ұнар, біреуге ұнамас. Бірақ, адамдар өз өмірін ұзартудың қарапайым ғана әдісін түсінсе, не боларын ойлап көріңізші»
, — дейді идея авторы Дейв Бедвуд.

Журфак: LivesOn
Қайтыс болған соң виртуалдағы орныңды басатын бағдарлама наурыз айында іске қосылады.Бұл бағадрламаны пайдаланғысы келетін қолданушылар өмір жолы таусылған соң аккаунтын қадағалайтын адам таңдауы керек. Ол бағдарлама жариялаған твиттің қолданушының сүрлеуіне жат болмауын бақылап отырады.

Бір қарағанда мүмкін емес боп көрінер. Дегенмен, бізді қатесіз қайталайтын виртуалды әлемде жасанды интеллектуалдың болуы әбден мүмкін. Өйткені, біз әлеуметтік желілерде ішкі жан дүниемізді барынша ақтарамыз. Біз жазған хабарламалар мен біз «ретвит» жасаған дүниелер психологиямыздың айнасы болары сөзсіз.

Айта кету керек, аталған бағдарлама бұл бағыттағы алғашқы құлшыныс емес. Оның аналогі, яғни Твиттермен қоса, Фейсбук, ЛинкедИнде де қайтыс болған қолданушының атынан достары мен жақындарының жазбалар жазуына мүмкіндік беретін DeadSocial қосымшасы 2012 жылдың сәуірінен бері жұмыс істеуде.

Журфак: жасанды интеллектуал
Пы/сы: шетелдік БАҚ DeadSocial мен LivesOn-ды қанша байланыстырғанымен, мен анау айтарлықтай ұқсастық көріп тұрғам жоқ. DeadSocial жай ғана біреудің атынан біреу пост жазады. Ал LivesOn шынымен револушн болайын деп тұр. Егер іске асса, қайтыс болған адамның жаңа оқиғаларға да көзқарасын білуге болады. Кәдімгі бір адамға ұқсаған виртуалда ғана өмір сүретін жасанды интеллектуал ғой. Сұмдық-ай!!!

Бірақ, бағдарлама тек ағылшын тілінде болатын шығар.
Толық ақпаратты мына жақтан (LivesOn-ның ресми сайты) алуға болады.

19 пікір

Jako
Біздің халқамыздың менталитетінде мен өлген соң,өзімнің жеткізе алмағандарымды, атқара алмағандарымды ұрпағым жалғастырады деген тұжырым бар. Сол үшін Алладан перзент тілеп,өсіріп жеткізген.Ал енді мына тірлік біртүрлі екен.Адам ісін ары қарай өрбітетін ұрпағының орнын ешқандай соцжелілер баса алмайды деп түсінемін.Құдай өзі сақтасын! Бұл бір ұрпақ сабақтастығы дегеннен жұрдай болған батыстық мәңгүрттердің ермегі болар.
jalyn
Өлдім. Jako сіз бірдеңені түсінбеген сияқтысыз… Бұл жерде ешкім ұрпақтың орнын соцсеть басады деген жоқ!
satirik92
Адамды құлтемір басқарған кезең ғой. Не істейміз енді?
jalyn
Қайдағы құлтемір?
satirik92
робот, кез келген адамның құзырындағы техника. Қазақша- құлтемір.
jalyn
Қайдам, мына бейненің шындыққа жанаса ма деген ой кеп тұрғаны…
Jako
Өлілердің микроблогін жүргізіп отыратын LivesOn бағдарламасы твиттерліктердің бұрынғы (тірі кезіндегі) жазбаларын сараптап, сөз саптауы мен талғамына сай жаңа жазбалар жариялап, тіпті, өзге посттарды ретвиттеп отырады.

Өлмей тұра тұр, кейін сен өлгенен соң ұрпақтарың саралар істеріңді соцсеттер(Твиттер сияқты) істеп жатса не болғаны дегенім ғой. Өзім болсам сен сияқты күліп өлмес едім...))))
satirik92
Семен келісем.
dimash
теперь можно спокойно умереть ©
jalyn
Жоқ, керісінше, ертең твиттер менің орныма не деп оттар екен деп ойланып, өлуге асықпайтын сияқтымыз ғо)
dimash
Өлер кезде твиттерімізді, обшым барлық соцсетьтердегі логин-погиндерді құртып барып өлу керек болды)))
Сосын өлген-өлмегенімізді қайдан біледі екен)) Комаға түсіп қалып бірнеше айдан немесе жылдан кейін есін жиып твиттеріне кіріп қараса тошны өліп кетеді
сұмдық, базару нет, сұмдық)) Бірақ бұны өткенде орысша жазбадан көзім шалып қалған))
jalyn
не ғой олар өлгеніңді өзің таңдаған адамнан біледі, қателеспесем. Иә, орыстардың алғаш жариялағаны рас. Соны аударып, соған өз сараптауымды қосқан түрім ғой…
dimash
Не айтып кеттік
Асылық айтсам Жаратушы иемнен кешірім сұраймын, өрімдей жап-жаспын. Сексендегі шалдың өмірінің 4/1 енді өткіздім)) Жақсы аударыпсыз негізі.
didi0393
ужс! твиттерде де фейсбуктада вконтактде де жокпын! тезирек косылу керекпе калай ози))))
jalyn
өз басым тек бақылаушы ретінде ғана қолданам)
Kan
Еріккен дүние ғой.
өлгенсоң сенің писихологияңмен сәйкестедіріп жазудың не қажеті бар.
jalyn
Иә… Бірақ таныстарыңа керек болуы мүмкін.
Jado
Қызық екен…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.