Келіндердің сәлем салуы тартысқа түсетін тақырыпқа айналды

Журфак /
Келіндердің сәлем салуы тартысқа түсетін тақырыпқа айналды
Санаға, салтқа сіңген қазақы сәлемдесу үрдісі бүгінгі күні қаншалықты деңгейде сақталуда? Ұлттық болмысымызға тән ерекше салт — жаңа түскен келінге беташар тойын жасап, ағайын-туысқа бас игізіп сәлем салдыратын дәстүріміздің соңғы уақытта сетінеп жатқаны баршаға аян.
Журфак: Келіндердің сәлем салуы тартысқа түсетін тақырыпқа айналды

Негізінен, тек жаңа түскен келіндер ғана емес, инабаттылықты, кішіпейілділікті, көрегендікті ту еткен үлкен апа-жеңгелерімізге дейін жасы үлкен кісіге бас иіп сәлем берген. Әйел адам келін болып түскен күннен бастап жаңа келген жеріндегі күйеуі жағынан жолы үлкен қайынаға, абысын-ажындарына, ата-енесіне иіліп сәлем салуы — өзге ұлттардан ерекшелігіміз. Бұл үлкендерге жасалатын құрметтің, сыйластықтың белгісі ғой.
"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа", демекші, бір топырақта, бір тудың астында өмір сүріп жатқанымызбен, еліміздің әр өңірінде келіндердің сәлем салуларының бір-біріне таңсық, сан түрлі «версиясы» бар. Мысалы, сәлемнің «иілу», «оң аяғымен тізерлеп тағзым ету» сияқты түрлері болады.
Алғашқы сәлем беташарда күйеуінің жақын туған-туыстары таныстырылған кезде салынады. Бұл келген жеріне деген құрметтің белгісі болып саналады. Келін сәлеміне қатысты пікірлер өте көп. Солардың бірі-үлкен кісілердің аяғы ауыр келіндердің сәлем салмауына рұқсат бергені туралы. Бұл пікір әр келіннің түсінігіне байланысты.
Әрине, біреудің еркелетіп өсірген қызының жат жерге барып, сіңісіп кетуі оңай емес. Сондай-ақ, әр түрлі ағымдардың қуаты үстем еткен мына заманда «бір Жаратқанның алдында ғана бас иеміз» деп, өрекпіп жүрген жас келіндеріміз аз емес. Бұны әрине әркім, өзінше қабылдап, өзінше қорытындылар.
Жалпы сәлем салу әр өңірде әр түрлі. Мәселен, оңтүстік келіндерінің сә-лем салуы керемет. Келіндер күнде таңертең тұрып, сәлемді екі қолын айқастырып, сәл иіліп салады. Ешқашан көзге тік қарамайды. Ал мұнайы тасыған батыс өңірінде сәлемді оң қолын бір аяғының үстіне қойып, аздап отырып салады. ОМейлі ғой, қалай салса да, ізет көрсеткенге не жетсін!
Мені қынжылтатыны — солтүстік өңірінің сәлем салуды мүлде ұмытқаны. Ол жақтың халықтары орыстанып, салт-дәстүрімізді ұмытқан. Қазіргі жастарымыздың арасында осындай салт-дәстүрді түсіне бермейтіндері бар.
Осы тұрғыдан, орайы келгенде, жастардың арасында сәлем салу үрдісі қаншалықты маңызды екенін білмек болып, сауалнама жүргіздік.
Айтқалиева Аягөз, студент: Келіндердің сәлем салғанын байқамаппын. Біз жақта, яғни Батыс Қазақстан, Орал өңірлерінде, бұған аса мән бермейді. Ал негізі маған бәрібір.
Алтынбек Ержігіт, жас кәсіпкер: Келіндердің сәлем салуы ескінің қалдығы. Қазір керек емес меніңше.
Ақан Ақтиярұлы, зейнеткер: Келіндердің сәлем салғаны дұрыс. Біздің келіндер жаңадан келін болып түскенде сәлемін салатын, бірақ онысы бір-екі баласын босанғаннан кейін жайына қалды.
Токкулова Күлфарида, жұмыссыз: Келіндердің сәлем салуы дұрыс, себебі ол сыйластықтың белгісі. Сәлем салғаны үшін, үлкендердің батасын алады. Шын көңілімен салса, айтылған ізгі-тілек орындалады.
Сламбекова Аида, жас ана: Мен келін болып түскелі осы күнге дейін сәлем салмаппын. Енем де, жарым да талап етпейді.Оның керегі жоқ деп ойлаймын. Біз «современный келіндерміз ғой» (күліп калды).
“Біз ХХІ ғасырда өмір сүреміз” деп кейбір жастарымыз күліп мазақ қылса, ал енді бір жастарымыз «оң қараймын, сәлем салу ол әдемі дәстүріміздің бірі емес пе» деді. Сәлем салуды менсінбеу — ол қазақтың дәстүрін жою деген сөз ғой. Соны неге ұқпасқа жас келін, ата-ене, жас күйеу жігітке.
Негізі «келін қайын ененің топырағынан» деп қазақта бекер айтпаған, келіннің бұл тәртібін енесі талап ету керек. Келін түскен жерде талап болу керек.
Келін өзінің ата-енесінің, қайын-ағасының бетінен сүйіп амандаспақ түгілі көзіне тік қарамаса қандай жарасымды. Жас келіннің табалдырығын аттағалы отырған шаңырақтағы өзінің алатын орнымен таныстыру керектігі, туған-туыстарының аты-жөндеріне қанығу ғана емес, олардың әрқайсысын қалай құрметтеу керектігі сөз болғаны жөн.
Қазақтың бұл дәстүрін бүгінгі тілмен айтсақ — жас келіннің ел алдында өзі табалдырығын аттаған отбасыға адалдыққа ант қабылдауы болып шығады.
Зерделі Есентаева

42 пікір

Kan
Менде келіндердің иіліп сәлем салғанын қалар едім. Бірақ «заман басқа заң басқа» дегендей. Қазіргі қазақ қыздары бұндай салтты түсіне бермейді «ескінің есері» деп ұғынады.
Бұл салтыңорындалуы ер адамдарға да байланыста. Мен әйеліме шамам келгенше салем салғызамын әйтседе көбі адамдар (көріші-қолаң) ол істі ерсі көреді. Тіпен әкемнің өзі «керек емес» деп тиіп тастады. Біздің ата-анамыз кеңес үкіметі кезінде тәрбиеленген ғой амал қанша.
Jako
Кан мырза, менде КСРО кезінде өмір сүріп, сол кездің бар тәрбиесін бойыма сіңірген адаммын. Ол кездің тәрбиесі дәл қазіргі уақыттан әлдеқайда жоғары болатын. Ал өзімнің жеке басыма келсем келіндерімнің (інілерімнің, балаларымның, достарымның балаларының,әрісі көршілердің де келіндері)бәрі сәлем салады, оларын дұрыс деп санаймын.Бір қызығы ешқайсысынан да сәлем салуды талап еткен емеспін.
Соңғы өңделген уақыты:
Kan
Аға біздің оңтүстіктің қазақтары мықты ғой. Негізгі салтымызды сақтап қалған сол оңтүсттіктік бауырларымыз ғой. Ал біздің солтүстік быраз орыстанып кеткеніміз рас. Оны мойындаймын
didi0393
Келіндердің сәлем салғаны дұрыс. Біздің келіндер жаңадан келін болып түскенде сәлемін салатын, <strong>бірақ онысы бір-екі баласын босанғаннан кейін жайына қалды.</strong> 
кулким кеп кеттигой)))
мангыстауда али кунге дейин иилип салем береди.бермесе ренжиди.катираштын келини иилип салем бермеди маган деп буртиып ренжип журп алад.менин мамамнын званиясы ягни шени улкен болгасын биздин ауылдын жасы келген кемпирлерине дейин салемин берип жатады. вообщем я за!
asdsadsa
келін мектепте сәлем салма))әрине қалжынғой ))ибалы келін ата енесіне жақсы келін жарына адал болуы керекқой!
yesbolat83
Бұрындары әже-апаларымыздың келін боп түскендегі көптеген міндеттерінің бірі ол ең алдымен таңертең ерте тұрып, ата-енесінің құмғандарына жылы су дайындап, киіз үй түндігін ашып, үйге ізеттілік танытып иіліп сәлем беріп кіру болатын. Үлкендерге иіліп сәлем беріп және олардың жүздеріне тіке қарамау сыйластықтық пен аса бір тәрбиеліліктің белгісі.
Мысалы, сәлемнің «иілу», «оң аяғымен тізерлеп тағзым ету» сияқты түрлері болады.
Жазба авторы батыс өңірінің сәлем салу тәртібін айтып өтуіне байланысты кішкене ғана толықтырып жіберуді жөн көрдім. Еркеша айтқандай «оң аяғымен тізерлеп тағзым етуде» келін ең алдымен сол үлкен кісіге сыйластық танытып иіліп, қос тізесін сәл ғана бүгіңкіреп оң қолының сыртқы жағын (алақан емес) оң тізесінің үстіне қойып, көздері жерде ниеті тура күйде сәлем етеді. Ата-бабаларымыздың абысыннан келінге асыл мұра ретінде табысталып келе жатырған тұнған тәрбие мен көрегендікке толы осы бір салт-жорағысын сыйластықпен қарап, одан әрі жалғастыру олардың алдындағы міндетіміз.
Erkesha
Есболат рахмет!
qyrmyzy
Бұрындары әже-апаларымыздың келін боп түскендегі көптеген міндеттерінің бірі ол ең алдымен таңертең ерте тұрып, ата-енесінің құмғандарына жылы су дайындап, киіз үй түндігін ашып, үйге ізеттілік танытып иіліп сәлем беріп кіру болатын.
Бұрындары… болатын… киіз үй

Қазір киіз үйде тұрмаймыз!
Оңтүстік өңірлерде әлі де салады келіндер сәлемін.
Келіннің барған жеріне байланысты бәрі. Әйтпесе қай келінді көрдіңіздер сәлем салмаймын дегенін
jalyn
Сәлем салу үлкен құрметтің белгісі ғой) Авторға айтар уәжім:
Алмасбек Қуанәлі, жас кәсіпкер; Бақытбеков Орынбасар, зейнеткер
Мыналарды мен танимын. Бірақ мұндай деп ойламаппын. Ореке, пенсияға қашан шығып кеткенсің?! Бір күнде 40 жыл өтіп кетті ме әлде? Мына сөздерді шынайы адамдардан алсаң да, осыны қайталар еді. Өтірік сөз, өтірік дәлел, ойдан шығарылған факті — журналистикаға тән қасиет емес!
Jado
охо өте тұшымды пікір қалдырыпсыз Jalyn myrza) Оқып алып әбден күлдім ғой… Негізі болашақта сонау жылдарда жазылатын пост болғандықтан көп күтпей жариялай берейін деген ғой... Айтарға сөз жоқ, тек эмоушн ғой)))
jalyn
Мә, қатты қорқып кеттім ғой. Мен байқамай тұрғанда 40 жыл өтіп кеттім ме деп. Айнаға қарап-қарап қоям. Ойбай ішегім… Ұят-ай, ұят!
Jado
Особенно күнде көретін Орынбасар зейнеткер дегенде мен біттім өлетін күн жақын деп қалдым ғо...Қой құрсын, ты еще молодая деп айна айтты маған…
jalyn
yesbolat83
Көшірме екен, осыншама жерден алып жерге салудың қажеті не? Жұлдыз екеуің қадалған жерден қан алмай қоймайтын адамдар сияқтысыңдар ғо. Бір рет ескертсеңдер де түсінеді ғо түйсігі бар адам.
Соңғы өңделген уақыты:
jalyn
Кешіріңіз, мәселе көшірме болғанда емес… Және онсыз да қоя салғанмын. Мақаланың көтерген мәселесіне дауым жоқ деп жазғаным да сондықтан!
maulen
Сен қазір молодая болсаң… зейнеткер кезінде қандай болар екенсің?! (қалжың)…
AshTrollToqTrollmenOinamaide
ужс, шыдамас едім
Jado
ужс, шыдамас едім бұл кімге сонда??? Отқа май құмай тыныш отырссаңыз қатып кетер еді ще…
kazakh_kyzy
Келісемін, ата дәстүрді ұлықтау бүгінгінің парызы. Келін деген бір үйдің болашағы, бір кішкентай отанның отын жағып, берекесін келтіретін, бірлігін ұстайтын қасиетті ұғым болуға тиіс. Сәлем салуды ұмытпау керек. Келіннің ибалы қасиеті отбасының абыройы ғой…
Десе де...
Ақпарат көздеріне қатыты менің де күлкім келді(кешірерсіз)… Танимын зейнеткерді де, кәсіпкерді де. Сондықтан, мейлінше жасы үлкен, өмірлік тәжірибесі бар адамдардан сұраған жөн еді.
maulen
jalyn екеумізді неге сауалманама қатыстырмады екен а? әлде біз қатыссақ бесікте боленіп жатқан жас сәбилер болармыз… Ия енді түсіті біз ол кезде сойлей алмайды екенбіз ғой, бір күліп алдым-ау!
Соңғы өңделген уақыты:
jalyn
Қой, наҚ. Зейнеткер болуға зауқым жоқ
Jado
Тақырыпты қатырып қойып қойыпты ғой...
Келіндердің сәлем салуы тартысқа түсетін тақырыпқа айналды
Жалған ақпарат ойлап тауып айтыстырып қойғаның тіпті күлкі болған екен…
jalyn
Негізі, тақырыпқа, мақалаға айтар дауым жоқ. Өте жақсы.
Jado
Мақала жаныма майдай жақты десещі Шымкенттік мырза!!!))))))
Erkesha
Jado ханым неге күйіп пісіп отырсыз, сіздің мақалаңыздын қасында менікі…
Jado
Ойыбу ойыбу нетсем болады??? Күшті пост жазушы мені сынады ғой деп па...Ия сіз не десеңізде өзімнің шынайы жазу стилім өзіме ұнайды... Тек шын журфак болып ұят ще...
күйіп пісіп отырсыз

Ертең өстіп жүрмейін дегенім ғо
сіздің мақалаңыздын қасында менікі…
Тағыда жалған ақпарат… Егер то докажи детка
Erkesha
Сіздерге күлкі сылағаныма қуаныштымын! Тақырып өзекті, тек сұхбат алғанда кеткен қателіктер болмас, сол үшін баршаңыздан кешірім сұраймын)
Erkesha
Жадо! керемет фактымен жумыс истейтин жас журналист! сизге айтарым ишиндеги кателиктерге токталып, тырнак астынан кир издей бермей макала не туралы жазылганына назар аударып, ой жугиртсениз дурыс болар еди.
Erkesha
айтылган сын дурыс мойындаймын.бирак кайталай берген журналистке тан кылык емес.
Jado
керемет фактымен жумыс истейтин жас журналист!
Рахмет!!! Шын жүректен!!! Қайталап айта берсем кешірерсіз!
айтылган сын дурыс мойындаймын.
Мойындағанда ерлік, менде кішірейін менде артық кетсем кешірерсіз! Артынан байқадым қайталап қайта қайта тоқталыппын…
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Соңғы кездердегі ең жақсы, өзекті мәселе көтерген пост болды деп ойлаймын,ұнады,+5 қойдым.
VVVWWW
Киліккеніме кешірерсіздер, бірақ біздер келіннің сәлем салуы дегенді кітаптан ғана оқимыз (біздің жақта сәлем салып жатса күлетін бола тіпті, не істеп жатсын деп)
Erkesha
Vvvwww кешириниз сиз кай жактан боласыз
VVVWWW
Білмеймін өзіміз көрмегесін бе, бізге бір кемсітушілік сияқты көрінеді (өз басым өмірімде көмеппін ондайды) а, ия айтпақшы Атырауданмын
Abylai
Атыраудың бәрінде дерлік сәлем етпейді деп айтпайық
Сәлем салып жатқанда күлгендерге күлемін
VVVWWW
Жоқ шынымен өмірімде сәлем салған адамды көргенім емес
Abylai
Көрмесең күлме
korwinin_kyzy
тек қана Дзюдоист келіндер САЛЕМ салсын
Иілмейде нармальны өмір сүруге болат
Адам адамды тағзым (возвеличивот) етуге олмайт
Японский сериалдар қарап қарап адамдардын шығарып жүргени го
Jako
Не деп отырсың, сәлем салу ата-баба салты. Ал біздің ата-бабаларымыз біріншіден жапон сериалдарын көрмеген, екіншіден көргенін істей салатын ақымақ болмаған деп ойлаймын.Пікірді де ойланып жазған дұрыс болар еді.
zhomart
Артық кетпе, бір нәрсені оқып алып «айқайлай» беруге болмайды, ҚМДБ-ға сауал жолдап пәтуа сұра, Қайрат ағаң да жілік-жілігін шығарып айтып береді. Жалпы, фитнәнің не екенін өзің де жақсы білесің ғой, сондықтан абайлап жазған дұрыс. Қазақтың келіндерін сәлемсіз елестету мүмкін емес.
korwinin_kyzy
ееееееееееееее жабылмандар еее кел бір бірлеп келіндер еее жабылмандар дим еее ят қайда қойындардим ееее не чесного )))))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.