Қазақтың салт-дәстүрлері

Журфак /
Кіндік кесер


Кіндік кесер (салт). «Кемпірлер кіндік кесе бастады». Ел ішінде «кіндік шешесі» немесе нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер дайын турады. Кейде олардың «жол менікі» деп таласатын кездері де болады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс. Байыпты әжелердің шешімімен кіндік кескен әйелге «кіндік кесер» кәдесі беріледі. Бұл да жолы бөлек кәде. Кейін де «кіндік шеше» деп аталатын әлгі әйел сол баланың анасы есепті құрметке ие болады. Кіндік баласын оның өз анасынан кем санамауы керек. «Кіндік шеше» кейін келіп бала үйінен өз қалауын да ала алады.
Баланың кіндігі түскеннен кейін де жасалатын халықтық ырымдар көп. «Елдің қорғаны болсын» деп ер баланың кіндігін атшаптырым жерге апарып көмеді. «Қыз отбасының тірегі болсын» деп от орнына немесе табалдырыққа көмеді.

Итаяғына салу


Итаяғына салу (дәстүр, ырым). Жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда, не есік көруге шақырғанда әйелдер не үлкен әжелер оған «итаяғына» сал деп сақина, күміс, жүзік сияқты заттар береді. «Итаяғына салу» деген келіншек босанып баланы шаранасынан жуатын суға, яғни, «шілде суына» әлгіндей күміс жүзік, сақина, күміс түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп, нәрестені жуады. Жуып болғаннан кейін әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алып, мәз мейрам болып тарасады.

Беташар


Беташар(дәстүр). «Уә әлеумет! Енді беташар тыңдайық!». Жаңа түскен келінді «беташар» дәстүрі жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі «беташар» жасалады. Оған тойға жиналған туыс туғандар тегіс қатынасады. Жас келіннің екі жағында екі көргенді келіндері тұрады. Мұнда «Беташар» жыры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі, оның басқа туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Сәлем жасаған адамдар «көрімдік» береді. Бет ашатын жігіт ән жырды желдірте, көңілді көтере жыр төгуі керек.

5 пікір

jalyn
Мынау да көшірме! atazholy.kz
ааааааааааааа жок енді қазақтың салтөдәстүрлерін мен жазбаймын ғой жалын мырза.
Мен тек интернеттен алып,әр апта сайын қолымнан келгенше қазақтың салт-дәстүрлерін кіргізіп отырамын.Әр қазақ баласы білгендері дұрыс.
jalyn
Интернетте бар дүниені интернетке жүктеудің қажеті қанша?! Өзіңіз жазбасаңыз да, өзіңіз компьютермен теруге болады. Тым болмаса көшіріп алған жерге сілтеме беріңіз. Бәрі копипост жасай берсе не болатынын ойлап көріңізші. Көшірме боп отырған жалғыз осы жазбаңыз емес! Бізде де ГУГЛ бар екенін ұмытпаңыз!
Иә, дұрыс айтасыз.Ескеремін
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.