Асхат Еркімбайдың "Жаңа медиа: Монологтан диалогқа" атты кітабына пікір

Журфак /
Еліміздегі интернет журналистика бүгінгі таңда қарқынды дамуда. Кез-келген ақпаратты жедел алмасу үшін интернет ең қажетті нәрсе. Алыс пен жақынды байланыстыратын танымал құрал. Бүгінгі күннің басты талабы десек те болады. Қазір технология ғасыры. Соңғы жылдары интернетті пайдаланушылар саны күрт артып келеді. Бір айта кетерлігі, елімізде блог ісі әлі де кенжелеп дамуда. Соның өзінде блог ісіне қызығушылар саны да артып келеді. Бұл істің бірден бір дәлелі ретінде Асхат Еркімбайдың «Жаңа медиа: монологтан диалогқа» атты кітабын дәлел етіп көрсете аламыз. Кітап дәстүрлі медиа мен жаңа медианың аражігін ажыратып білгісі келген әрбір адам үшін керек деп білемін. Кітап барлық жастағы оқырманға түсінікті тілде жазылған. Тәжірибелі блогер Асхаттың айтатын ойлары да көңілге қонымды. Кітаптың бір артықшылығы, аналитикалық жағынан еліміздегі блог ісін салыстыру мақсатында шетел журналистерінің де айтқан пікірлері мен сұхбаттары берілген. Жаңа медиа туралы жаңа терминдер де кітапта айқын түсініктерімен көрсетілген. Қорытындылай келгенде айтарым, бұл кітаптың қабылдай алған адамға берері мол.

1 пікір

maulen
ия, кез келге жерден интернетті іздейтін дәрежеге жеттік қой! Бірақ интернетті үлкен кісілер тек агент деп кабылдап, жамандап отырады ғой, бірақ олардаыңда айтұандары жөн ғой, интернет бізге қаншама пайдалы ақпарат бере алса, пайдасыз ақпараттарды да берітіні сияқты…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.