"Ең дарынды болашақ журналист"

Журфак /
Журфак: Ең дарынды болашақ журналист

Қазақ Ұлттық университетінінде дәстүрлі «Ең дарынды Журналист» пәндік олимпиадасы өтіп жатыр. Тілшіліктің тірлігін біріге белсенді көтереміз деп жанталасқан 10 команданда республиканың түрлі өңірлерінен келді.

Ханның қылығына қырсыға қарсылық танытып, «олимпиада» сөзінің шығуына септігін тигізген Геркулестің қара күшін қалам ұшымен көрсетуге бел байлаған жас журналистер жарыстың алғашқы бөлігінде 100 сұрақтан тұратын тест тапсырды. Қатысушылардың көптігінен бе, жылдамдықтың жоқтығынан ба бірінші бөлімнің қорытындысы әлі шыға қойған жоқ.

Ал, жарыстың екінші бөлімі бірнеше салаларға бөлініп, таланттардың талабы сараланбақ. Оны бағалайтындардың да қатары көңіл көнжітерлік. Алғашқы өнер – «Таныстыру». Таныстыру көбіне бейне түрінде берілді. Бір кезекке алға шығуға амалсыз көнген семейлік болашақ журналистердің бейнеге кіріктірген мақсат-армандары Есенгүл Кәпқызын есеңгіретіп салғандай-ақ. «ҚазҰУ қырандарының» қанатының түрлі тарапқа созылғаны көрермен мен әділқазылар көңілінен шықты. Ахмет ұрпақтарының киімі мен ортаға шығып өздерін таныстыруы ерекше шықты. Қазақтың тұңғыш жоғарғы оқу орны Абай Ұлттық педагогикалық университетінің журналистерінің өнеріне жұрт ықыласпен «назар аударды». Бейненің әуенін таңдауына қарағанда, Сәрсен Аманжолов университетінен келген командаға Харлем Шейктің қарағандылық студенттерге әкелген әлегі әсер ете қоймаған сияқты... Бір қызығы, «Жаңа медиа» командасы капитанының сөзіне сенсек, олардың өміріндегі бар дүние «жаңа ғана» болған. Әділқазы алқасын «Тұранның» бейнесінен гөрі төс белгісі таңдандырған секілді.
Журфак: Ең дарынды болашақ журналист

Телерадио журналистер байқауындағы Қарашаштың Қуанышбек Қариға тосыннан қойған сауалына тосылып «айтарынан» адасып қалғандай да болды.)))))))) АГУ-дің телерадиожурналис\і Диас Есембектің «алдарыңызда мен, кешкі Диас» деген сөзіне сенсек, адамның «кешкі», «күндізгі» және «таңертеңгі» түрлері болады екен.))))

Одан кейінгі байқауға түсетін журналистер еңбегі – фотожурналистер, яғни фоторепортаждар. Қара шаңырақтың көркем тұстарын түсіріп аламыз деген команда мүшелері әжепТәуір әлекке түсті. Ал, ең соңғы сайысқа түсетін «онлайн журналистиканың» қатарында осы мақалаСЫМАҚ та бар((((((

Сонан соң болдыееее. Қорытынды. Көрермен де, қазылар да қатты шаршаған сыңайлы. Әсіресе, «Азаттықтың» басшысы қарнының қатты ашқанын бірнеше рет айтып қалды. Не де болса, тезірек бітіп, әділ қорытынды шығады деген үміттеміз…

13 пікір

erke_ky3
Осы олимпиадаға қатысушылардан жылда бір қала (тобы) «Енді келмейміз», "Әділетсіз өтті" деп ренжіп кетіп жатады. Оған ҚазҰУлықтар "ҚазҰУ мықты болса кім кінәлі" деп хаха. Биыл кім жеңгендігін жазасың ғой :)
jalyn
Биыл тағы да солай кетті ғо))))
AyKoN
Диас Есембектің
емес Бейсенбек Диас
ZevsKO
егер ондай болар болса неге өздерінде өткізіп шақырмайды?
erke_ky3
Соны айтам да ^_^
Rayana
«Мықты жеңбейді, жеңген адам мықты болады» дегенді талай естіген едім, бірақ, бұл жолы мықтылар женгеніне дау жоқ! Керемет күн болды,әсіресе фотожурналистика сайысында «аяқ киімсіз» жүгіріп жүргенімізді естен шығармаспыз!
jalyn
Иә, бірәәәз жынды болдық))) Міне, бір-екі жындылығымыз:



Мынау енді сұмдық:



Бір күндік олимпиада деп өліп кетейін дедік қой… Бірақ, қызық болды ғой шіркін.
erke_ky3
Оооо, биыл «топ» үшінші курстардан жиналыпты ғой :)
satirik92
Болашақ журналистер шошытады.
Rayana
ХЕ хе хе, жұрттар асығып тұрса, мен асықпай соткамды қарап отырмын ғой!
dar
Ия, 2010 жылы да дал осы «Ен дарынды болашак журналист» пәндік олимпиада болып мен КазПИ ден катыскан едим.Тобымыздын атауын «Музбалак» койдык. 3 орынды еншилеп, мен «Ен уздік болашак репартер» номинациясын иемденген едим. Эх… сол кездерде бизде бираз ауреге салынган едик!!! Бирак, орын алмасанда катысканнын ози бир кызык еди…
Asiko
Қай жер 1 ші орынды алады сол жеоде болады олимпиада. ҚазҰУ қалайда 1 ші орынды алады ғой. Ұйымдастырылуы ұнамады. Республикалық болған соң жоғарғы деңгейде болуы тиіс
madinabdukadir
басымыздан өткен...ҚазҰУ — «лимитсіз жеңімпаздар»!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.