Сүйсіндірген "Ер Төстік пен Айдаһар"...

Журфак /
Қазағым қызықты мультфильм шығара алатынын дәлелдеді бүгін. Езуіміз жиылмай тамашаладық. Расында, дауыстары да өте келісті, қазақилықтан, шүкір дейік, кенде емес дүние екен. Бір-ақ сағаттық мультфильм шетелдің ешбір мультфильмінен кем емес. Ерлік те, махаббат та, әзіл де бар. Сценаристің ертегіде жоқ болса да, мульфильмге қосқан Тасбақасы мен Қосаяғы да өте сәтті шыққан. Дап-дардай болсақ та, балаша күліп, мәз болып отырдық. Тағы бір ұнағаны — «Бапы Ханның жаңалықтар көретін кітап іспеттес элетронды құрылғысы» мен «Жалмауыз кемпірдің айна іспеттес айпады»)))
Журфак: Сүйсіндірген Ер Төстік пен Айдаһар...
Енді сізге, жалпы бүгінгі күннің кереғар жағын айтайын. Кассаға жақындап, билет алғалы жатқанымызда, кассир қыз "Қазақшасы бұл, бола бере ме?" деп 2-3 қайтара сұрады. Сонда қалай, орысшасы болса — бәрі дұрыс, қазақшасы — дефект пе, бірнеше рет нақтылап сұрайтын? Бұл — бір! Екіншісі, кинозалға кіріп қалсақ, 10 шақты бүлдіршіннен өзге ешкім де жоқ. НЕГЕ? Осы сұрақ керней берді мына кеудені. Бірінші қазақ үшін мақтаныштан жарылып кете жаздайын деген жүрек енді ұяттан жарылып кете жаздады. ҚАЙДА ЖАСТАРЫМЫЗ? Қазақы нәрсені көргенде ат тонымызды ала қашып жөнелетініміз несі? «Мадагаскар» шыққандағы зал әлі есімде менің. Бүгінгі залдың антонимі ол…
Мені жұбатқан жалғыз нәрсе — бізден кейінгі қатарда отырған бүлдіршіндердің мультфильмге айтылып жатқан пікірлері болды. Оларға ұнады. Бастысы — сол! «Мәәә, Көлтаусарға базар жоқ екен, иә?» әйтпесе «Мен де папаға айтам Ер Төстіктікіндей сауыт-сайман әпер деп»… Спайдермен, Бэтмен, Супермэндердің орнын Ер Төстік дәл осылай басып кете берсе ғой дедім. Тек Ер Төстік емес, ертегі боп, аңыз боп, аты халық аузында қалған батырларымыз көп қой біздің. Солардың барлығы туралы сапалы кинофильм, мультфильм, комикс, тағысын тағы шығарса, балапандарымыз көрмейді емес, көреді ғой. Бірақ ол балапандарды да кинотеатрға ертіп әкелетін ата-ана керек. Бүгінгі ата-аналардай. Оларға шын жүректен РЭСПЕКТ!
Осының барлығын айтып, саралағаннан кейін мынадай ой келеді: «Мультфильм бюджетін ақтай ма екен?» деген. Қазақ үшін аянбағандардың еңбегі өз дәрежесінде бағаланса екен. Ол бюжет ақталуы үшін кинозалдар бүгінгідей бос тұрмауы керек қой. Күрмеуі көп, күрделі мәселелерді шеше алмасақ
та, тым құрығанда осындай ұлт үшін игі дүниелер шыққанда, солардың куәсі болайық та, жастар…

Ер Төстік
Журфак: Сүйсіндірген Ер Төстік пен Айдаһар...
Журфак: Сүйсіндірген Ер Төстік пен Айдаһар...

Кенжекей
Журфак: Сүйсіндірген Ер Төстік пен Айдаһар...

Таусоғар, Желаяқ және Көлтаусар
Журфак: Сүйсіндірген Ер Төстік пен Айдаһар...

Жылан Бапы Хан
Журфак: Сүйсіндірген Ер Төстік пен Айдаһар...

Бекторы (Бапы Ханның қызы)
Журфак: Сүйсіндірген Ер Төстік пен Айдаһар...

Жалмауыз кемпір
Журфак: Сүйсіндірген Ер Төстік пен Айдаһар...

Шойынқұлақ (Жалмауыз кемпірдің ұлы)
Журфак: Сүйсіндірген Ер Төстік пен Айдаһар...

27 пікір

maulen
Әлі көрмегем екем, ынтығым мүлдем асқақтап кетті ғой! Көтеріп отырған мәселенді көңілге қонымды екен. Ия, шынымен қазақтың маңдайына біткен алып тұлғаларды нақыштайтын жаңағы өзің айтпақы кино, мултьфильмдердің саны артса нұр үстіне нұр болар еді. Бұл жазбаны тек Айтабер әлеуметтік желісімен шектеліп қалмай, барлық әлеуметтік желілерге жарияласан деген ұсыныс тастағым келіп отыр.
nauryzkok
VK әлеуметтік желісіндегі парақшама алдында жариялап қойған едім, қазір осы айтаберге сілтеме жасап қойдым…
yesbolat83
Мен де папаға айтам Ер Төстіктікіндей сауыт-сайман әпер деп
Қандай көңіл қуантарлық жәйт.
Мультфильм бюджетін ақтай ма екен?
Мейлі осы мультфильмге кеткен шығындарды ақтай алмасын, бастысы, қаракөз бүлдіршіндерімізге қуаныш пен қазағымыздың ардақты тұлғаларын тануға деген талпыныс пен сүйіспенділік сыйлауында. Осы орайда қаржының да аз жиналуына байланысты киногерлеріміз қазақы нышандағы мультиктерін түсіруін азайтып алмайма деген де күдікті ой қылаң ете қалады екен.
Қуаныштымын!
nauryzkok
Иә! «Бала тілі — бал» демейтін бе еді?!) Ал мынадай сөзі балдан тәтті болып кетті))
Иә, бастысы сол… Десе де, киногерлерге шабыт сыйлайтын нәрсе — ол еңбегінің бағалануы ғой!!! Дұрыс бағаланатын шығар деген үміттемін енді…
KUANYSHBEK
Оқиғалар кішігірім аймақта. Кеңінен және кейіпкерлер көп болса одан да қызығырақ бола түсер еді
nauryzkok
Хаха!))) Қызығырақ болу үшін мен оны сізге айтпаймын бәрібір, себебі ол қызықты сіз барып кинотеатрдан көруіңіз қажет!!!
korwinin_kyzy
Шрек па или баска нелерге ұқсап кеткен, осы қашан қояды екенбіз осындай көшірулерді, АЛДАР КӨСЕ қараған 10200 есе артық
nauryzkok
Пессимистік көзқарасты қашан қоямыз десеңізші, деймін да?!
korwinin_kyzy
Мына Мүлтик кішкентай балалардын Психикасына әсер етеді, Психолог таныстарын болса сұра. ещқандай пыссымизм көріп тұрғаным жоқ,, ,, ,, өқ өқ
nauryzkok
сіздің пікіріңіз — меніңше, пессимистік көзқарас. Себебі, жақсы дүниені жақсы деп айта алмай тұрсыз… Сонда қалай әсер етеді сіздің ойыңызша?)) Маған таныстардың қажеті жоқ, анам — бірінші классты психолог маманы! Бұл мультфильм туралы игі пікірін білдіріп те қойды. Ол кісі трейлерін ғана көрді бірақ. Прокатқа шыққан кезде түгелімен көреді, пікірі өзгермесіне сенімдімін, себебі трейлер — қалай болғанда да, фильмнің кішкентай болса да бет-бейнесі ғой)))
korwinin_kyzy
Мүлтиктегі кейіпкерлердін ұсқынын айтам)))
өтіріктің үстіне құрылған мүлтиккой))) ещқандай пессимзм көрп тұрған жок
nauryzkok
мейлі, өз пікіріңіз өзіңізде! тәп-тәуір мультик! алғашқы жұмыс болған соң, қателіктер жоқ емес, бар. Бірақ сіз қатты кетіп, қаншама адамның еңбегін жоққа шығарып тұрсыз, "өтіріктің үстіне құрылған" деп… мейлі, мейлі… сіздің жеке пікіріңіз…
korwinin_kyzy
қанша адам сонша пікір, менің пікірім осындай енді нестейміз басқа))
Соңғы өңделген уақыты:
nauryzkok
дұрыс-дұрыс))))) амал нешік)
Соңғы өңделген уақыты:
aidarkaka
korwinin_kyzy, сіз, жай алдар косенікіндей анимациямен жарты минуттық мультфильм түсіріңізші
Соңғы өңделген уақыты:
korwinin_kyzy
сосын не болат?
satirik92
тусіруге мүмкіндік бар ма?
korwinin_kyzy
Алдарды Біздін Қазақстан түсірмей жатыр шетелден быреулер келип тусирватр, меннен не сұрайсындар))))
nauryzkok
Өзіміздің дүниеміз өз елімізде қолдау таппаса, өзге елге өзімізді мойындату деген ақымақтық екен ғой… ееееее дейд… Қолдан түк келмесе де, өзгенің қолынан келген нәрсеге дұрыс баға берсек не етті дейм да… ееее… Мәәәйлі)))))
VVVWWW
Интеннете барма бұл, сілтемесі қайда, қарағым келеді!!!
nauryzkok
Мульфильм әлі прокатта жоқ! Тек трейлеріне сілтеме: www.youtube.com/watch?v=eatr9GEcKTE
satirik92
Кино да жүріп жатыр ма?
nauryzkok
Иә, жүріп жатыр әлі…
satirik92
Қазақфильмнің СССР уағында түсірген фильмдерін қайдан көруге болады? Білетін жан бар ма? Мысалы Шәкен Аймановтың фильмдерін?
ai-naz
Бүлдіршіндеріміздің көңілінен шықса, қуанарлық жағдай!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.