Елдің интеллектуалды әлеуеті

Журфак /
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2013 жылы 19 маусымы мен 2 шілде аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық Бюросының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы аймақтарда зерттеулер жүргізеді.
2013 жылы 19 маусымда ҚР Білім және ғылым министрлігі «Елдің интеллектуалды әлеуеті»
мемлекеттік бағдарламасы қаржыландыруымен, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастық келісім аясында аталған жобаны ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюросы ақпараттық қолдауымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы ел арасында зерттеулер жүргізуге аттанады.
Биыл алғаш рет ұйымдастырылған студенттік экспедиция 2013 жылы 19 маусым 2 шілде аралығында «Елден елге» акциясы аясында еліміздің Маңғыстау, Қызылорда, Семей өңірлерінде зерттеулер жүргізеді.
Ғылыми жорық нәтижесінде 2013 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігіне орай «Рухани қазына» ғылыми зерттеулер жинағы жарық көреді.
Аталған шара аясында жас ғалымдар:
1). «Қазақстан азаматының интеллектуалдық құндылықтарының семиотика-символикалық» атласына қажетті материалдар жинақтайды;
2). Интеллектуалдық қоғам азаматы қалыптасуына бағытталған әлеуметтік жобалауға бағытталған гуманитарлық технологияларды зерттейді;
3). БҰҰ-ның Мыңжылдықтар Даму Мақсатына енетін «Қазақстан 2015 жылдан кейін» проблемасы бойынша Қазақстан азаматтарының қоғамдық пікірін зерттейді.
Сонымен қатар, ғылыми жорық барысында басты оқиға орын алмақ. Ол – 2013 жылы 1-14 маусым аралығында өтетін ауыл тағдыры, ел жағдайына арналған «Ауылға хат» ақпараттық науқаны. Аталмыш шара арқылы республикамыздың Маңғыстау, Қызылорда, Семей өңірлеріне ауыл тағдыры, ел жағдайына арналған «Ең үздік хаттар топтамасы» баспасөз-конференциясында аталып, сондай-ақ өңірлердегі құзіретті ұйымдарға табыс етіледі.

Қосымша ақпарат үшін: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, БОК-3Б, журналистика факультеті, 225 каб., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева
Тел.: комм. +7(727) 3773334 ішкі 13-51; факс: +7(727) 3773514 моб: +77011527488; эл-пошта: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva_g@mail.ru
Веб-сайт: intelligent.kz – «Интеллектуалды ұлт» гуманитарлық зерттеулер орталығы.

5 пікір

Kan
Осындай әлеуметтік жобалар жәй бір көз бояушылық секілді. халыққа еш пайдасы жоқ. «Ауылға хат» деп әдемі әсерлейді де. бірақ ауылға түкте істелмейді.
semser_soz
Барлығына бірдей топырақ шашуға келмес. Бірақ, иә көптеген осындай әлеуметтік жобалар әйтеуір өтіп жатады. Бірақ, бұл науқан алғаш рет қолға алынған соң, соңын күтіп, сосын пікір білдірерміз!!!
Jako
Кім ойлап тапты екен,Құдай-ай)
ereke_enu
Түк түсінбедім. Сауатсыздығымды кешірерсіздер. «Жирный» шрифтіні тек маңызды жері деп әдеттеніп қалған соң ба, білмедім
semser_soz
Түк түсіне алмасаңыз «Ауылға хат» ақпараттық науқаны аясында өтетін баспасөз-маслихатына шақырамыз!
Мерзімі: 20 маусым 2013 жыл
Уақыты: сағат 11.00
Өткізілетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасы, № 2 зал (4 қабат). КЕЛІҢІЗДЕР КҮТЕМІЗ. Жобаның ұйымдастырушыларына тікелей сұрақ қойып, қанағаттанарлық жауап ала аларсыз деген сенімдемін!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.