Видео өңдеуге арналған тегін 3 бағдарлама

Журфак /
«Нұр Медиада» істейтін танысым "Жалдамалы әскер Келісім-шарт негізіндегі әскер" туралы инетке материал әзірлей аласың ба деген соң келісіп едім.

Видео жасамаққа бекіндім. Қайдағыыыы. Жалдамады әскер түгілі, әскерде жүрген танысым жоқ. Әйтеуір әскерде болған танысым есіме түсіп, демалыс күндері жұмысына іздеп бардым.



Бір есептен көптен бері камкодырды қолға алмап едім. Сонымен бұл видео Kodak камкодырымен түсірілді. Өкініштісі бұл камкодерде видео түсіріп жатқанда дауысын бірден ести алмайды екенсің.

Камкодр деген — инетке видео түсіруге лайықталып жасалған, көлемі қалтафондай ғана болатын, бірақ белгілі бір деңгейде сапалы видео түсіре алатын құрылғы.

Видеоны өңдеу үшін тегін бағдарламаларды қолдандым. Өз басым, әлдебір бағдарламаның заңсыз нұсқасын қолданғанды қаламаймын. Мүмкіндігінше, open source бағдарламаларды қолдануға тырысамын. Әр адам өзіне ыңғайлысын таңдайтын болар. Сондықтан бұл бағдарламаларды қосымша деп ұғарсыз болады.
  1. Audacity бұрыннан бері қолданып жүрген аудио файлды өңдеуге арналған бағдарлама. Түсіну де, жұмыс істеу де өте оңай.
  2. Видеодан аудионы бөліп алу үшінAoA дегенді пайдаланамын. Өзім осыған үйреніп алдым.
  3. Ал видео монтажға VideoPad дегенді қолдандым. Бір рет еуропада треингте болғанда осыны көрсеткен еді. Ол кезде бұл бағдарламаның 14 күнге trail-ге беретін Қазір non-comercail version шығарған екен. Сонысы жақсы болды.

Видео жасағанда ең қиыны контент қой. Құрылымы, идеясы т.с.с. дегендей. Сонымен біраз басым қатты. Оның үстіне видео түсіргенде де біраз қателерім бар. Енді видео түсіруді жиілетсем, бірте-бірте инетке сапалы дүниелер әзірлей алармын деп үміттенемін. Ал әзірге, барымен базар!

 

5 пікір

MSHERIMBEK
Audacity жеңіл әрі жақсы бағдарлама.
Ол қиналып кеткенде Adobe Audition ғой
urimtal
Иә, Адоби де жақсы. Америкада универдегі кез-келген студенттің компында Адобидің күллі бағдарламасы болатын. Инфографиканы да сол Адоби иллюстрейшнмен үйреніп едім. Енді соған опенсорс альтернатива іздеп отырмын. Білерің бар ма?
beko
Іске сәт, үлкен табыстар, мақсатыңызға уақытында әрі ойдағыдай болып жетуіңізге тілектеспін…
Соңғы өңделген уақыты:
Mustafa
Егер видео шынымен де сапалы шықсын десеңіз камкордер емес, айналы кэнон камераларымен түсіргеніңіз абзал.
urimtal
Мақсатым әрбір адам видеоға түсіріп, оның өңдей алатын мүмкіндік қарастыру. Әрине, шын кәсіби видео камкодермен түсірілмейтіні белгілі ғой :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.