"Әлем" әдеби бірлестігіне бір жыл

Журфак /
«Әлемнің» тағы бір әсем кеші
Журфак: Әлем әдеби бірлестігіне бір жыл
Бір жасқа толған мерей тойында «Әлем» әдеби бірлестігі әдемі кеш сыйлады. «Әлем» әнмен тербейді атты әдеби-сазды кеш қарашаның 14 жұлдызы күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қасиетті қара шаңырағының журналистика факультетінде болып өтті. Меймандарына әннен шашу шашып, өлеңнен өрнек өріп, әзіл мен көтеріңкі көңіл күй тарту еткен кешке эстрадамыздың әншілері арнайы шақыртылды. Аталған шараға Саят Медеуов, Есет Садуақасов, Сержанәлі Әлібек келеді деп күтелген болатын. Әнші Саят Медеуов кеш қонақтарының қатарынан табылмады.
Журфак: Әлем әдеби бірлестігіне бір жыл
Дәл сол күні суырып салма дарынымен танылған айтыскер ақын Есенқұл Жақыпбек дүниеден озған болатын. Саят Медеуов айтыстың саңлағын, қазақ поэзиясының өр ақынын ақтық сапарға шығарып салу үшін Ұзынағашқа аттанған екен. Сержанәлі, Есет ағаларымыз ән айтып, әзілдесіп, Саят ағамызды жоқтатпады.

Журфак: Әлем әдеби бірлестігіне бір жыл
Бұл шараның жүргізушілері, бірлестік мүшелері Арман Құдайберген мен Ақжарқын Қыдырханова кештің көңілді өтуіне атсалысты. Жүргізушілерден кейінгі бірінші сөз кезегін алған "Әлем" әдеби бірлестігінің төрайымы Ақтолқын Тәжікова шараның шымылдығын ашып, әлемдіктерді бірлестіктің туған күнімен құттықтады. Бұл шара бірлестіктің бір жасқа толуымен қатар, келе жатқан студенттер күніне арналғандығын да баса айтты. Кештің басында қолына қасиетті қара домбырасын алып, әнші ағаларына арнауын орындауға сахна төріне Айтбек Тұрсынбек шықты.
Журфак: Әлем әдеби бірлестігіне бір жыл
Шара ортасында "Әлем" әдеби бірлестігінің жанынан құрылған «Бақыт» әзіл-оспақ театрының қалжыңдары мен сахналық қойылымдары көрерменге жол тартты. Кешке жиылған қауымға ән мен жырын тарту еткен әлемдіктер жан-жақтылығын барынша танытты. Өз кезегінде кеш қонақтары кешікпей келіп, көрермендер көкейіндегі сауалдарға сан түрлі жауап қатып, гір тасын көтеріп, студенттердің «ұлттық» асынан да ауыз тиіп тіпті, тосынсый да тарту етті
Журфак: Әлем әдеби бірлестігіне бір жыл
Кешке қатысушылардың дені болашақ журналистер болғандықтан ба сұрақтар легі толастамады. Әншілердің өнері мен жеке өмірін қамтыған сауалдардың арқасында Сержанәлі Әлібек ағамыздың тоғызқұмалақ, шахмат ойнайтынын біліп, волейбол сынды спорттық ойынға жақын екендігінен хабардар болдық.
Журфак: Әлем әдеби бірлестігіне бір жыл
«Гүл сыйлайық әйелге» атты әнімен танылған Есет ағамыз жары Меңтаймен қалай танысқандығын әңгімелеп, студенттік өмірдің қызықтары жайлы сыр шертті. Өнер әлемінде жүрген қос әнші де басқа саланың маманы екендерін жасырмады. Десе де сұрақтарға жауап беру барысында ән таңдағанда, әннің сөзіне баса назар аударатындықтарын айта кетті.
Журфак: Әлем әдеби бірлестігіне бір жыл
Өнерден де өзге еліміздегі өзекті мәселелер төңірегінде біршама сұрақтар қойылды. Соның ішінде «Кеш үйлену сән бе? Мәжбүрлік пе?» деген тыңдарманының сұрағына Сержанәлі Әлібек: «Негізі үйленген жақсы. Пайғамбарымыз да үйленіңдер, көбейіңдер деген ғой» деп сөзін бастап «Аллаһ қаласа осы концертімнен кейін үйленем» деп болашақ жоспарымен бөлісті. Жоғары да айтқанымдай кеш сұхбаттасу жанрынан алшақ өтті. Ойындар ойнатылып, әншілерімізге сыйлықтар табыс етілді. Эстрада жұлдыздарының қаншалықты спортқа жақын екенін танытатын сайыста Есет ағамыз 20 рет гір тасын көтерсе, Сержанәлі ағамыз өз сөзімен айтар болсақ, «ырымын жасады».
Журфак: Әлем әдеби бірлестігіне бір жыл
Сұрақ қойып, спортпен ширатып алған соң қонақтарымызға студенттеріміздің сүйікті асын асатып, жарыстырармыз деген ек. Сержанәлі ағамыздың ауызы ораза екен. Өзіміздің факультеттен екі ойыншыны ортаға шақырып Есет ағамен сайысқа түсірдік. Қатысушылардың барлығына «жатақханадағы жұлдызды асқа айналған – BigBon-ды» сыйға бердік. Осы тұста Сержанәлі ағамыздың тосынсыйын айтып кетпеске болмас. Өзіне сұрақ қойып, кездесуге белсене атсалысқан студентерге 29 қараша күні Республика сарайында өтетін «Моншақтым» атты ән кешінің билеттерін үлестірді. Әдеби-сазды кешті филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Майкотова Ғалия құттықтау сөзімен түйіндеді. Шараның шымылдығын әнші Есет Садуақасов қонақ кәдеге дайындап келген «Арманым – ақ құсым» әнінмен жауып, студенттер сүйікті әншілерінен қолтаңба алып, естелік суреттерге түсті.
Журфак: Әлем әдеби бірлестігіне бір жыл

«Әлем» әдеби бірлестігі туралы басқа да ақпараттарды осы жерден біле аласыздар: www.intelligent.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=224:-l-r----&catid=66:lr-&Itemid=248
ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің 3-курс студенті, Карл Сымбат

4 пікір

Jako
Бір азамат өліп жатса, біреулер тойлап жатқан заман-ай десеңші. Есенқұл саңлақ азамат еді-ау!
Kan
Тірі адам тіршілігін жасайды да.
semser_soz
Есенқұл Жақыпбек ағамыздың қазасы барша қазағымыз үшін қаралы хабар екені ақиқат. Дегенмен ажал айтып келмейді. Алдын ала жоспарланған шараның өту барысында ғана бұл суық хабар бізге жетті… Қаза қайырлы болғай!!!
Jako
Әрине,өнер алға жылжи беуі керек.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.