Құлагері журфактың...

Журфак /
Талантыңа тәнті болған талайлар,
Маза бермей жүр ғой бізге сан ойлар.
Сұм ажал да аңқау емес екен ғой
Жақсысы мен жаманына қарайлар.

Жоқ еді ғой болашаққа күдігі,
Мықтының да үзіледі-ау түбірі?!
Өзің едің Құлагері журфактың
Естілетін айшылықтан дүбірі.

Қалап едің сәждеге бас тигенін,
Өзгелердің иманыңды сүйгенін.
Бір бауыры істен шыққан адамның,
Қасіретті күндеріндей күйге ендім.

Болушы еді бәрінен де алғашқы,
Азамат ед білімі де жан-жақты.
Ақ бөзге де бізден бұрын оранып,
Ажалға да бірінші боп жармасты…

10 пікір

MSHERIMBEK
БӨРІМ… (Айдос бауырыма)
Жан бауырым, бөрі едің ау бөрі едің…
Орның болса, барған жердің төрі еді!
Кім біледі қашан барып өлерін,
Көөөп еді ғой сенің әлі көрерің!

Қалды-ау қанша жалындаған армандар,
Күтетін ең өзіңе әр барғанда.
Жеті миллиард болса-дағы мына жұрт,
Жалғызым тек өзің едің жалғанда.

Жазды ма деп парағыңа сөгемін,
Сене алмаймын нөміріңді теремін.
«Бұл абонент байланыстан тыс жерде...»
Сол-ақ қана құлағыма келері…

Бұл бауырың әрқашан да бекем ғой,
Өзіңді енді іздеуменен өтем ғой.
Жеңіс жолың ұзағынан болғанмен,
Өмір жолың қысқа болған екен ғой…

ӨКІНІШТІ…
MSHERIMBEK
Азаматым, ақ қарлар оны өзімен бірге алып кетті ғой. Кеше арулап шығарып салды.
Жәннаттан орын буйыртып, күнәларын кешіргей, АЛЛАХЫМ!
AKA
Аллаһ жәннәттық еткей!
Korkem
Иманды болсын!
ulzhankzz
Айдос пен Ақжол жандарын жәннатта болсын!
maulen
Жандары жәнатта болғай!
Jazko
Жаны жәнатта болсын
AbylaiEsimbai
ҚазҰУ емес, бүкіл Қазақстан қос тарланынан айрылды. Жандары жаннатта болуды Аллам нәсіп еткей!
Жатқан жерлері жайлы болсын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.