Берері мол жас журналисттер сайысы

Журфак /
Бүгін, сексен жылдық тарихы бар, қарашаңырақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде бесінші мәрте республикалық «Ең дарынды болашақ журналист» пәндік олимпиадасы жалауын көтерді. Олимпиадаға Қазақстанның барлық аймақтарынан 10 команда келді. Журналист қоғамды емдейтін дәрігер десек, бүгін сол дәрігерлер үлкен сынақтан өткелі отыр.
Жарысқа қатысушылар Таңғы 9:00-де төрт пән бойынша тест тапсырды. Тест соңынан келген қонақтарға аз ғана уақыт жүрек жалғауға уақыт берілді. Қазақ екі сағат кешігіп жүретін еді, бұл сайыста ондай ақау болған жоқ. Ережеде жазылғандай түскі сағат 13:00-де «Ең дарынды болашақ журналист» пәндік сайысы салтанатты түрде басталып кетті. Алғашқы сөзді ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы Өмірхан Әбдиманұлы сөйледі. Алыстан ат терлетіп келген қонақтарға һәм қатысушыларға өз алғысын білдірді. Еуразия ұлттық университетінен келген қонақтарымыз қазақы салтпен немесе саяси қөзғарастан болар, «Астана» деген көлемді кітап алып келіпті. Осы кітапты тапсырған сәт жүректі елжіретпей қоймады. Екі астана табысып, көріскендей болды, сырт көзге… Осы көрініс шегі жоқ болып көрінген видеоларға ұласты. Біреу жалықса, біреу қызығып бейне материалдарды көрумен болды. Жо-жоқ әңгіме видео көргенде емес, негізгі мәселе еліміздің мүддесі мен журналистік сәтті сезінуде. Сезіндік, көрдік, алдағы журналистік дүниеміз осы жарыстан жаңа серпінде басталмақ. Солай болады да…

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.