ЖурФактағы жиын

Журфак /
Өткен аптаның жұма күні Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде бір жылға жуық жүргізілген жобаның қорытындылануы болды. Біздің университтетте күніне кемдегенде бір конференция өтіп жататыны шын. Бұл жолғы жобаныңда аясыда өте кең.
Қазіргі таңда елімізде көші- қон мәселесі өте күрделі проблема болып отыр. Мигранттардың заңсыз келіп жатқандары қаншама, әркім тағдыр айдауымен түрлі ғұмыр кешіп жатыр. Кейде аш- жалаңаш тығылып жүрген олар аянышымызды да туғызатыны да өтірік емес. Осы секілді факторларды жан- жақты қарастыра отырып жасалынған бұл жобаның негізгі авторлары университетіміздің журналистика факультетінің белді ұстаздары. Атап айтқанда Қ.Мысаева, А.Әлжанова және С. Барлыбаева.
БҰҰ Гендерлік теңдік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымымен (БҰҰ Әйелдер) бірлесе ұйымдастырған «Еңбек көші-қоны мәселелерін адам құқы мен гендерлік аспектілерді сақтай отырып БАҚ-та жариялау (Орта Азия елдері мысалында)» деген атаумен өткен іс-шараға БҰҰ өкілі В. Самек, БҰҰ Әйелдер құрылымының бағдарламалық сала маманы Н. Азизова, координаторы А. Бергенова, КТК телеарнасының журналисі А. Пономорев, з.ғ.д., профессор С. Алибеков, ф.ғ.к. СДУ журналистика факультетінің меңгерушісі, танымал журналист Е. Капқызы, ф.ғ.к. Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті журналистика факультетінің меңгерушісі Б. Сердәлі және т.б. осы саланы кеңінен зерттеп жүрген тұлғалар қатысты. Таңғы тоғыздан басталған дөңгелек үстел түс ауғанда бір- ақ аяқталды. Бір қуантарлығы тартымдылығын сақтап,қатысушылар баяндамаларын көпшілікке ұсынып, арты қызу- пікірталастарға толы болды.. Сонымен қатар, шара барысында «көші-қон» тақырыбы бойынша студенттер арасында жарияланған ең үздік эссе, теле, радио сюжеттер конкурсының жеңімпаздары анықталды. 1-орынға журналистика факультетінің 2-курс студенттері С. Кустанова мен А. Байзулина, 2-орынға А. Нұрбекова мен И. Ковальчук, 3-орынға Қ. Есенбай ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бастысы сыйлық емес, журналистің пайдалы әрі нақта ақпарат таратуы үшін жас қаламгерлер уаде берді.
.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.