[KAZ]bash.kz сайтында жарияланып жатқан қызықты цитататар.


Жақында интернетке Қазақша Цитаталар сайтын қосқан болатынмын. Әр адам өзінің өміріндегі қызықты цитатларын, диалог түріндегі қызық әңгімелерін сайтта жариялай алады. Жіберілген Цитаталар сайттағы тексеруге жіберілген соң оны тексеруден өткізіп сайтта жариялаймыз. Сайтта цитатаға дауыс берумен қатар жеңіл пікір қалдыру мүмкіншілігі бар. Уақыттың тапшылығынан сайтпен толық айналысуға мүмкіншілік аз болып тұр. Алдағы уақытта база қоры көп Цитаталар мен әзілдерді толықтырамыз.

Жобаның шығуы.
Қазіргі таңда бір үлкен велосипед ойлап шығарудың қажеті жоқ. Қазақстанда жаңа қызықты жоба бастаймын десеңіз орыстардың сайттарын ақтарып, осындай сайт бізге қажет-ау деп шешсеңіз, соны Қазақ тілді интернетте іске асырыңыз. Ол жаба өз қолданушыларын міндетті түрде табады. Орыстардың ең танымал www.bash.im сайтын көріп қалып осындай жобаның қазақшасын жасаймын деген оймен іске асқан жоба. Бастапқыда тек Цитата сайты ретінде істелінгенмен көп қолданушылар сайттың не екенін ұқпай Әзілдерін жіберіп жатты. Соның нәтижесінде Цитаталар мен Әзілдер сайты болып өзгертілді. Бірақ екеуін ерекшелеу үшін арқайсысының астында ілмекпен ерекшелеу арқылы бөліп оқуға болады. Басымдылық негізінен Цитаталарға болады. Егер ойыңызда жүрген Цитаталар болса немесе аудармаңыз жақсы болса www.bash.im сайтында ұнаған Цитаталарды қазақша аударып kazbash.kz/add бөлімі арқылы сайтқа қосуыңызға болады.

АЛ енді осы уақытқа дейін сайтта жарияланған қызықты деген Цитаталармен бөлісе отырсам.

— Қатарларыңның бәрі үйленді, сенің жүрісің — мынау, скоро отызға келесін! — деген кемпірлерге:
— Қатарларыңның бәрі өлді, сен няғып жүрсін? — демейм ғой, — шешесс!


Адамдар үшке бөлінеді: санау білетіндер, санау білмейтіндер.


Келіншегіңді суретке түсіріп жатырған кез.
«Түсірем», — деген мен әйеліңнің: «кәне, қалай шығыппын, көрсетші!» — деген аралықтағы уақытты «жарық жылдамдығы» деп атаймыз.


Гүлім, болды енді, қойшы, жыламашы! Көйлегім су-су болды...


Банкоматтан ақша алып болып, санайтын бауырым, айтшы маған:
— Cұраған сомаңа алған сомаң жетпесе, не істейсің, а? (((:


Қанша жастасыз, ару қыз?
Білмеймін да шеее. жыл сайын ауысып отырады ғо XD


Күйеуі баласын шомылдырып жатып, ваннада айқайлап жатыр:
— Қатираш, мынау көпіршікті жеп жатыр!
Бірнеше минуттан соң:
— Қатираш, мынауың шынымен де дәмді екен!


М: -Сәлем!
О: -Салем! Откуда будешь?
М: -С Борового. Анкета для чего)))
О: -Ммм.
М: -айтпақЧ, орысша жазбайықшы. Орыс тілінен аллергиям бар! ок?)))
О: -А мне не нравится на казакском
М: -нягып? Не дейді мынау а? казакша сойлеу керек емес емес, сойлеу керек
О: -А Я не хочу
М: -как хочешь. менін досым бар неміс орыстар олар казакша сойлегілері келеді))) уот молодцы олар
О: -Да они да а я казашка я хочу на руском
М: -жарайды. тек мені жек коріп кетпеші, мен казак тілін катты жаксы коремін
О: -Жарайды мне тож нравится но я хочу все равно на руском
М: -білесін ба даже менін итім казакша уйренгісі келед, ) так что барі казакша уйреніп жатыр, кеш калмайык
О: -:-) ну научи собаку
М: -Ол ит қазақша түсінеді. Бірак сойлей алмайды. (Сен сиякты тож)

15 пікір

onlasyn
Молодец Ербол
Бұл арнайы CMS па?
yerbol89
Ия қателеспесем 5 мың теңгеге сатып алдым-ау деймін. Сосын өзіме лайықтап қосымша өзгертулер енгізіп тастадым. :)
onlasyn
Бір цитата енгізгенде ол циатаның бұрын болып болмағанын қалай білесің?
yerbol89
Әзірге Цитаталардың саны аз болғандықтан тікелей енігізп жатырмын. Бірақ енді саны артып жатқандықтан мен модератор бөлімінде енігізілген өріс бойыпна іздеу мүмкнішілігін қарастырамын. Іздеп база даныхта болмаса енгіземіз. АЛ егер бар болса жарияланбайды. Іздеу мүмкіншілігі алғашқы бетке де шығуы мүмкін. Қолданушылар да арнайы сөз арқылы іздей алады. CMS коды қарапайым. 4-5 функция ғана атқарады бүкіл істі. Оған тағы іздеу функциясын жазып шығу қиынға соқпас.
Aikona
Жарайсың Ербол!
pari
Жақсы бастама, жарайсың ағасы:)!
орыстардың сайттарын ақтарып, осындай сайт бізге қажет-ау деп шешсеңіз, соны Қазақ тілді интернетте іске асырыңыз.
Две звезды — Екі жұлдыз
Тағыда көптеген бағдарламаларды орыстардан аударып жатамыз. Ал орыстар ағылшындардан аударады екен. Аудару тірлігі тоқтап, қашан свежый бағдарламалар жасаймыз өзіміз?!
Сіздің осы жердегі сөзіңіз аса майдай жаға қоймады. Орыстардан аудара бергенше өзіміз баспен ойлап қазақ шығарды деген сөзді айтқанша тынбай еңбектену керек. Орыстардың сайттарын қазақшаға көөп аудара бермегенде дұрыс. Таза ойдан ойлап тауып жасаған дұрыс. Айтарым осы. Артық кетсем кешірім сұраймын. Бірақ бұл менің жеке пікірім.
yerbol89
Інім жас баланың көзімен қарама. Сәл сәл қателесесің.
Сен алдымен Бензин шыгаратын зауыт салмай Көлік ойлап табу керек деп айтасың. Жаңа бірденке ойлап шығаратындай күйде емеспіз. АЛдымен барды жасап алып жатқан да жоқпыз. Егер барлық қажетті ақпарат бар сайт болып, соның көшірмесін істеуге келсек онда түсінуге болады.
pari
Жаңа бірденке ойлап шығаратындай күйде емеспіз
Бұлай тартыншақтай берсек, ештеңеде шығармаймыз. Бастысы ниет болу керек, ағасы:)))
ereke_enu
тағы бір дебат тақырыбы)
User
Пари быратан сен шамалы кетіп қалдың батысқа қарай.ііі не ғо, Легко придумать зеленое солнце, гораздо сложнее придумать мир, в котором оно было бы естественным дейді ғо орыстар… шамалы аударып алайық содан кейін бірдеңе қылармыз.
Manas
Қанша жастасыз, ару қыз?
Білмеймін да шеее. жыл сайын ауысып отырады ғо XD
ZevsKO
соңғысы өлтірді енді
StrangeR
Mediawiki движөгіне негізделген ашық ақпараттық сайт жасау ойда жүр, яғни кез-келген адам қосып, бөлісе алатын, қалай? деген сұраққа жауап беретін білім қоры. Бірнеше тематикалық санаттар болады (санаттардың өзі санатқа бөлінуі мүмкін), мысалы, Бағдарламалық жасақтама: "Қалай керек драйверді жылдам табамыз",… «Макостан хакинтош жасау».Аспаздық рецепттер:"Қалай помидордан салат жасаймыз?",… «Фунчеза салаты». т.с.с. Аригиналды, қарапайым әрі ыңғайлы скин(интерфейс, функционалы) жасауға жәрдем беретін програмистер болса керемет болар еді (бәлкім, өзімнің қолымнан келер, көреміз). Идея бар, жүзеге асыру қалды.
dimash
Бұлдардан да қызықтары жарияланды ғой :)
-Кезінде ата-анамның айтқаның бекер тыңдамаппын
-Олар не деп еді?
-Айтып тұрмын ғос сол тыңдамаппын деп :)

Общым өмірде айта жүретін әзілдер екен, сайт ұнады :)
Karakulov
КВН-ге \\
1-жарнама:
Әйелі: Жаным, мен теледидарды құлатып, сындырып алдым.
Күйеуі: Ештене етпейді жаным, ол проблема емес.
Әйелі: Жаным, мен сенің Ipod-ыңды да сындырып тастадым.
Күйеуі: Ештене етпейді жаным, ол да проблема емес.
Әйелі: Жаным, мен тойотаңды айдап көрейінші деп едім, оны да соғып алдым.
Күйеуі: Ештене етпейді жаным, тіпті ол да проблема емес.
Әйелі: Қалай сонда? Сонда не проблема сеніңше?
Күйеуі: Ешқандай проблема жоқ, себебі, біз Каспий банктың салымшыларымыз ғой.
2-жарнама:
Әйелі: Жаным, мен теледидарды құлатып, сындырып алдым.
Күйеуі: Ештене етпейді жаным, ол проблема емес.
Әйелі: Жаным, мен сенің Ipod-ыңды да сындырып тастадым.
Күйеуі: Ештене етпейді жаным, ол да проблема емес.
Әйелі: Жаным, мен айдап көрейінші деп едім, тойотаңды соғып алдым.
Күйеуі: Ештене етпейді жаным, тіпті ол да проблема емес.
Әйелі: Сонда не проблема?
Күйеуі: Е, тыныш отырш, мазалай бермей, проблема керек боп тұр ма не?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.