Зерделіден зейіндіге қалар сөз

Сәлеметсіздер ме, қымбатты да, ардақты «Айтаберліктер!»

Сіздермен қуанышымызды бөлісе отырып, жаңа блогсайтымызбен таныстырып өтсем…



Бұл сайтымыздың негізін қалаған, яғни ой тастаған Қырмызы болатын. Оған айтар қалған үшеудің (Көркем, АКА, Эстет) алғыстары шексіз!

Оқып, біліп жатқандарыңыздай біздің блогымыз, болашақ сайтымыз биылғы өткен Blogcamp-2012.де "Үздік презентация" сертификатына ие болды. Қуаныштымыз!
Сондай-ақ, 1 жылға тегін хостинг! мәзбіз))) әсіресе, АКА

Зерделі — әдемілік пен әсемдікке құштар, адамгершілік, рухани қабілеттердің қалыптасуына игі әсер ететін, өзін-өзі дамытып, өзгеше көзқарас қалыптастыратын, аса бір сабырлылықты айқындайтын сөз.

Біздің сайт қазақ тілінің өркендеуіне өз үлесін қосып, оны дамыту барысында жеткілікті дәрежеде орнықты, зерделі болады деп санаймыз.
Неге «Зерделі»? Зерделі – жаңашылдыққа құмар, білгенге пайдалы, маржан сөзді, ұтқыр ойлы, білікті, жас шектеулігі жоқ, оқырманның қызығушылығын арттыратын қазақ тілді сайт.

Сіз мұнда спорт әлемінің қыр-сырымен, он саусағынан өнері тамған қолөнер шеберлерінің тамаша туындыларымен, бал татырлық дәмді тағамдарымен, екінің бірі біле бермейтін пайдалы кеңестермен, ой саларлық әдемі жазбалармен, сыры ашылмаған сұлулық құпиясымен, сондай-ақ гүл баптау, бақша өсіру сынды жаңа ақпараттармен таныса аласыздар.

«Зерделі» сайты – оқырмандарға іздегенін табуға, керекті де пайдалы кеңестерді білуге, зейінді арттыруға, білімді толықтырып, қызықты мәліметтермен танысуға жәрдемдесетін «Атына заты сай» қазақ тілді орта.

Ортамызға қош келдіңіздер!

Пы/сы: сайтымыз кеше ғана ашылғандықтан, үлкен түсіністікпен қарарсыздар деген үміттеміз!

39 пікір

qyrmyzy
сәттілік, қыздар!
Korkem
әрқашан да біргеміз! ))))
rauan
Кучті джындыыыы екен идеяларың алға басып сайттарың Казнет алдыңғы қатарларында тұра берсін
Korkem
Үлкен рахмет! Ризамыз…
rauan
1 жылға тегін хостинг беріпті енді соны пайдаланып жақсы домен алыңдар ))))
Manas
Құтты болсын сайттарыңыз!
kazjur.kz осыдан қалай блог ашады
Korkem
Рахмет! Сұрағыңды Сж.ға қой)))
rauan
kazjur.kz осыдан қалай блог ашады
Мә ұста
pari
керемет сайт
Moldir_96
Сәттілік тілеймін! Кучті-і-і сайтқа айналсын!:)
Korkem
Үлкен рахмет))) Оқырмандар көөөп болсын деп тілесиш))) әзілім
Moldir_96
Оқырмандар көөөөөп болсын!)))
Bagashar
adamdarga paidaly sait bolsa eken dep tileimin!
qyrmyzy
бұйыртса,адамдарға пайдалы сайт жасаймыз деген ниетіміз бар. Тек оқырмандары болса екен деп тілейміз
Bagashar
пайдалы болса, оқырманы болады деп ойлаймын
AiEcPi
Сәттілік қыздар, істерің оңға бассын, сайттын үздік оқырманы боламын!!!
Korkem
Рахмет! ырзамын саған
estetika91
Қыздааааааааааааааааааааааааааар құтты болсын!!! Айтпақшы, АКА грантқа ауысуыңмен жаным сол жақсы болды ғой))) Енді, қашан келесің Алматыға, Көркем сен ше?
Korkem
Уау, рахмет! ИншаАллаһ, өміріміз алда ғой))) куЧті қорғағаның үшін… бетті әкеш)))
AKA
Рахмет жәнееем! :)
Meirzhan
Құтты болсын! Қуаныштымын!
Arhun
«Зерделіге» күніне 50-100-деп адам блогерлері кіретін болсын! =)
Korkem
амин! рахмет! 1000 адамды қимадыңыз ба?))))
Arhun
100 адамға жетіп алғаны күні, алда 1000 адамның қатысуын тілеп жатармын =)))
Korkem
рахмет)))) ризамын…
Jako
Қыздар сайттарың құтты болсын, ақжол тілеймін! Кіріп шывқтым,қалай тіркелемін.ағылшыншаға түсінбедім.
akil_kalta01
Жарайсыңдар! Тек алға! алға, алға және алға!!!
Togzhan
Оо, күшті екен) іші толып тұрған пайдалы мәлімет болсын! Оқырмандарың көбее берсін!))
Korkem
ИншаАллаһ! рахмет)))
Abylai
жеңісіңіз құтты болсын қыздар!!! )) тек қана алға!
Korkem
рахмет! Қырмызымен куЧті жұпсыңдар)))
Abylai
рақмет дейін ба
Abylai
Эстетиканың мәз болғанын көріп мәз болдым ;)
Ais_97
Керемет сайтқа айналарына шын жүректен сенімдімін!
Korkem
Үлкен рахмет!
rauan
ОййБууу сайттарың тоқтап қалыпты ғой ашылмай жатып
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.