SALAMWORLD! Әлеуметтік желінің халалы шықты

SALAMWORLD! Әлеуметтік желінің халалы шықты

Халал атауы тағы халықты қарық қылмақ. Жақында ғаламтордан salamworld атты халал әлеуметтік желі шымылдығын ашпақшы. Жобаның авторларының мақсаты – кіл ислам діні жолындағы мұсылман қауымды бір желінің астына тоғыстыру. Сөйтіп, халал әлеуметтік желі ғаламтор бетін адалдамақ ниетте

АДАЛ – СӨЗІНІҢ АЯҚҚА ТАПТАЛУЫ

Қазір халалсыз қалам ғана қалған шығар. Халал әлеуметтік желіні қоспағанда, халал тағам, мейрамхана, асаба, сауна, сусын, такси т.б. топырлап кетті. Тек қазақтың «адал» деген ұлы сөзін тұмшалап, арабша атауынан әлі ажырамады. Тіпті тілімізге тән аудармасы құрып қалғандай! Адал сөзі — халал сөзінен алыс мағыналы болса, тағы жарытпас едік, енді егіз іспетті ұғымды да енгізуге әлсіздік танытып отырмыз. Өзгенің қөңсығы бізге таңсық. Төл тіліміздің алдын ораған халал сөзі – қашанғы мемлекетімізде үстемдікке ие бола береді? Қазақ халал сөзін қаперсіз қабылдауда. Ертең төл тіліміздегі адал, арам сөздерінің орнын, араб тілінің халал, халам сөздері оп-оңай иемденбесіне кім кепіл?! Онсызда аузынан біссімілләсі түспейтін азаматтар халал сөзін күнделікті қолданысқа айналдырып үлгерген. Ит жоқта шошқа үредінің кері осының көрінісі! Алаңсыз жүре берсек, тіліміздің жартысын орыс тілі, жартысын араб тілінің сөздеріне беріп, өз тіл телімдеріміз қолданыстан шығып кетіп жатса кімге кінә артпақпыз?!
КӨҢІЛДЕГІ КҮМӘН…

Әлемнің алты ауызы болған MAIL.RU, FACEBOOK, TWITTER сынды әлеуметтік желілердің салған сара жолынан ерекшеленуді көздеген сайт авторлар алқасы бастапқы 3 жылдың өзінде 30-50 миллион қолданушыларын таппақ ниетте. Әлеуметтік желі болған соң, міндетті түрде mail.ru–дағы агент сияқты жазбалар жүргізіледі. Ал жоба жасаушылардың айтуынша, барлық жазбалар тексеріледі, егер бір азамат (ша) дінге жат жазбалар жазып, суреттер қойса автоматты түрде аталмыш желіден ат ізін суытады. Алайда, әлеуметтік желі қанша уақыт және кімнің аузына қақпақ болады? Мәселен бір азаматша хиджаб киіп суретке түсіп, мұсылман образын жасап, әлеуметтік желіде түрлі адамдармен танысып, небір құйтырқы сөз жазады. Алайда, мұндай бассыздықтардың бәрін төңіректей беру үшін, әр тұтынушыға бір қадағалаушы керек. Қадағалаушының қарымы қатал болса, 30-50 миллионнан тұлым да қалмай жүрмесін. Әлде, бұл да бренд-ті тәуір пайдаланып, тауарын өткізіп жатқандардың былығының бір бөлшегі болып, бер жағын жалтыратып, әлемдік асуға шығудағы нысана ғана ма? Егер танысқан адамыңыз исламның өзге тармағында немесе қаптаған сектаның мүшесіндегі біреу болып әлеміңнің әлем-жәлемін шығарып жатса, оған қандай тосқауыл боласың?
Халал деген желеуді жабыстырып, еш адалдықсыз міндетін атқарып жатқан тамадасымақтар, қасапшыларды көзіміз көріп-ақ жүр. Тек пайда көздеген пірәдарларымыз 5 уақыт намазға тұрғанда жайнамазға қалай жығылады екен? Бұлай негізсіз жалғаса берсе, адамзат тұтынатын барлық заттар екіге айырылмасына кім кепіл? Біртіндеп сосын халал қылмыскерлер мен ұрлықшылар шығып жүрмесін. Жақында, халал қалам ұстап, халал ұялы телефондармен сөйлесіп, мұсылмандығымызды айғақтап жүрмейік… Топырлаған халал заттар жұртшылықты жауыр етті. Әр нәрсенің өз шегі бар. Әу баста халал деп шығарған ет өнімдерін жұрт кәдеге жарытып жүрді. Бұл тәжірибе нәтижелі болғаннан кейін, халал деген есім барлық нәрсеге ауыз сала бастады. Енді соңы сайтты қойып әлеуметтік желіге шапты. Халал сайт болса автор ғана халал өнімдер жөнінде жазып, сайт пайдаланушыларының сұрағын қанағаттандырып, жат пікірлерді таразыдан өткізуге мүмкіндігі мол еді. Ал бір емес, бірнеше халықты қамтитын әлеуметтік желі адалдық атына кір келтірмесіне кім кепіл? Елбасымызда 28 маусым күнгі Ислам конференсиясын ұйымдастыру ұйымымен мұндай жаңа дүниенің Қазақстан аймағына да қолданысқа келуіне толық келісім берді. Қасиетті Рамазан шілде айының соңында SALAMWORLD әлеуметтік желісі ашылып, әлем мұсылмандарымен бірге қазақ жұртшылығы да өзара тәжірибе алмасады. Егер алған беттері адалдықтан ауытқымаса мұсылмандардың мызғымас бірлігіне әкелер еді. Уақыт бәріне таразы.

SALAMWORLD қаржы көздері

SALAMWORLD әлеуметтік желісін ашуға Стамбұл, Москва, Каир қалалары қарқынды дайындық үстінде. 12 өзге ұлт өкілдері жұмыс жасап, жобаны бірден – ағылшын, араб, орыс, түрік, француз, индонезия, малайзия және урду тілдерінде жарыққа шығармақшы. Куә болғаныңыздай қазақ тілі тізімнен көрінбейді. Осы жұмысқа қазірдің өзінде 50 млн. доллар қаржы салыныпты. Ақшасы тасыған Ресей бизнесмендерінен қалыс қалмай, отандық инвесторлар да қаржысын құйып жатыр екен. Сонда олар кімнің игілігіне қаржы құюда? Егер тиісті қаржы Қазақстаннан да құйылып жатса, неге мемлекеттік тілімізді енгізуді талап етпейміз? Қазақ дінге көмек қолын создым, яки садақа салдым деп өз-өзін алдаусыратады. Егер, шын мәнісінде садақа бермекші болса, елімізде қаржыға мұқтаж мүгедектер жеткілікті. Ал ондай жандарға қол ұшын берсе, сауаптың сауабы болар еді.
Ғаламтор ғасыры — асыр салған соң, қазақ байыса сайт саладының кері кепті. Халал атауын алып, түрлі саладан жаңалық ашылып жатыр. Арты неге апарып соғатыны бір Аллаға аян! Бірақ, адалдықтың талаптары әлі байқала қоймаған әлеуметтік желі 2011 жылы дәл осындай жобамен ашылған MUXLIM.com, IMHALAL.com әлеуметтік желілері сияқты жоғалып кетудің күйін кешпесін. Талап дұрыс болмаған жерде, қадағалау оң болсын ба? Тек тұтынушыларды жалған адалдықпен аузын қу шөппен сүрту адалдыққа салған нағыз арамдық екендігін анық ұқса нұр үстіне нұр болар еді…
Ақерке КЕҢЕСҚЫЗЫ

20 пікір

Turekhan
Сен қазақша деп айтып отырған «арам» сол арабтың сөзі. Сосын бұл әлемдік желіні "ҚззНет"-ке әкеп тыққаның да…
Jako
Төрехан, арабтардың «Халал, Харам»сияқты сөдері қазақтардың «Адал, Арам»-деген сөздерінен шыққан деп айтсақ жақсы болар еді, неге біздікенің барлығы біреулерден шыға беруі керек.
khairbek
Жако братан негой СЕБЕБІ Арабтар ежелгі халық сондай ақ тілдеріде ежелгі сол себептен Араптардан алынган сөз деп айтамыз, енді түсінікті болған шығар)))
Jako
Ха, арабтар ежелгі екенде біз кешегі екенбіз ғой,"қазақ"-деген сөздің өзі қайдан ишыққанын әлі ешкім анықтай алмай жүріп, бізді кешегі деу қалай болар екен.
khairbek
Алайда арап тылы ежелгі тілдердің бірі, сол себептен қазақстарда кезіңде арап әліп биін қолданған СОДАН болу керек Араптын кейбір сөздері қазақтарға енген, СОЛ УШІН АРАПТАРДАн енгез сөз деп айтамыз жарайма БЫРАТАН?
Jako
«БЫРАТАН»-мынау да сол араб емлесін пайдаланғанда кіріп кеткен араб сөзі ма?
khairbek
Быратан Орысшадан Қаазақшаға кішкене өзгеріспен кірген сөз, негізі Б дан кейін Ы әрпі жоқ мен оны өзім қостымм
Jako
Азаматсың, бір жақсы жерің ылғи қосады екенсің "қостымм" бұл жерге де қосып жіберіпсің.
khairbek
бұл қосқаным емес жай ғана техникалық қате тойсть Әрпагррапиялық дегенымго
Jako
Өлтіресіс…
akil_kalta01
Жалпы мен үшін бұл кәдімгідей жаңалық болды! Алайда бұл жай ған маркетингтік айла деп білемін. Және бұл әлеуметтік желінің болашаға бұлыңғр, күмән мен күдікке толы секілді көрінді өз басыма. Мәлімет үшін рахмет Ақерке КЕҢЕСҚЫЗЫ.
MSHERIMBEK
өте интеллектуалды пікір. 100% қосыламын
Meirzhan
Мұсылмандардың әлеуметтік желіліері бар. Ағылшын тілінде.
Мына саламәлем әл. желісі тестілік режимде қосылды. Орыс тіліндегісі ашылмады.
Онда тіркелген кім бар? Қарасақал, тіркелесің бе?
naimankyzi
Дұрыс айтасыздар, «мен» деген дін өкілдері тіпті «халал» десе қас көңіл. Ал әлеуметтік желі жайлы жоғарыдағы «аса құрметті» имамдарымыз саясатқа барлығын ысырып салды…
Jako
Халал болса халал болсын, бір күні халал арақ та шығып қалар мына түрлерімен. Халалдан арақ ішіп, халалдан құсып жүрмесек болар еді.
khairbek
мен келымпейим
naimankyzi
мен келымпейим? түсінбедім не айтқыңыз келді?
khairbek
келыспейм дегенымго
Jako
Рубен рысбек саған, ризамын, сойып айтасың!
Jako
Тақырып өзекті деп ойлаймын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.