Қазақ студенттері сайты

Қазақ студенттері сайты
Бұл сайт қазақ студенттеріне арналған әмбебап сайт орталығы, ашылғалы көп болмады, қолдап-қуаттауларыңызды сұраймыз, сайтымызда көптеген кемшіліктер бар сондықтанда сіздердің ақыл көрсетіп пікір айтуларыңызды үміт етеміз,қазақ тілді сайттардың дамуына үлес қосыңыздар ағайын, рахмет!







47 пікір

beko
Әп бәрекелді. Құтты болсын. Сәттілік!
dosik
Көп рахмет!
Jako
Дизайны Қандастар сайтының дизайнынан ұқсас екен.«Біз студент болмаған соң.не бар онда»- деген ой келеді екен.
dosik
ИЯ қандастар сайтымен ұқсас система жүйесінде аударылып жасалған,discuz деген""" сайт студенттерге арналғанмен ішіндегі мазмұны тек студенттермен шектелмеген, студент болмасаңызда сайтқа мақала жолдап, тақырып қосып артыңыздағы студент бауырларыңызға игілік жасасаңызда болады, сайттың бағытына қарап шектелмеңыздер.
followme_alik
1. Сайт Блогтұғырдың бір түрі ме?..
2. Мәліметтерді кім енгізеді, тіркелген қолданушы?..
3. Жазулары ма, ақпараты ма көп. содан көзім: тітіркенді:
4. Көпшілік айтатын бөлім ЧАТ па?..
5. "Қызғынды ізделген"… қызғын, не ол?
6. Сәттілік.
followme_alik
тіркелдім де шегіндім әзірше)… аудармаларын-ай)
dosik
хыхы""«аудармаларында қаеліктер мол, көрген жер маған айытыңыздар, көп кешіктірмей түзетемін.Сын айтылмай, мін түзелмейді.
dosik
1.Бұл сұхбат негізінде құрылған сайт,қазір тек бастамасы, болашақта әр жағынан кемелденеді деп ойлаймыз.
2.Мәліметтерді тіргелген кез келген мүше сала береді, тек заңға қайшы болмаса болды әр қандай мәліметтерді салуға болады, бірақ тіркелген адамдар осы уақытқа дейін мәлімет салмады, қазірге дейін барлық мәліметтерді өзім енгізіп келдім, жақсы қызықты ақпарат кезіксе соларды аударып салып отырдым.
3.Жазулары көп дегеніңіз орынды, қазірше бастамасы болғандықтан көп жетіспеушіліктер бар, айдаршалар шашырап жинақталмай жатыр,өзім жалғыз болғасын ойымды жинай алмай, бір жағынан оқуым бар сондықтанда уақыт жетпей жүр, болашақта реттеледі.
4.Көпшілік не айтады деген бөлік, тіркелген мүшелердің жеке блогында жариялаған естеліктері, сол естелік негізгі бетте жинақталып барлық кірген қолданушыларға көрініп қолайлылық жасап тұрады.
5.Қызғынды ізделген деген сұрақ-жауап сайытындағы ыстық ізделген деген сияқты, яғни қызғынды ізделген тақырыптар деген сөз.мысалы қазақ сөзінің ізделуі көп болса, сол жерде қызғынды ізделгендер: Қазақ деп көрсетіледі, оны бассаңыз бүкіл қазақ сөзі бар мәліметтер табылады.
6.Көп рахмет сізге!
7.Сайтымызға тақырып жолдап блог ашуыңызды қарсы аламыз.
followme_alik
толыққанды жауапқа қанағаттандым. Ризамын. ((((:
dosik
сіздің сұрақ қойып көзқарас білдіріп жатқаныңызға менде дән ризамын. Рахмет!
AKA
Аудармалары сұмдық енді...(( «Мүше есімі» дегеннен кейін қарауға ұялады екенсің…
dosik
Кешіріңіз сіз «мүше» деген сөзді айтып жатқан боларсыз, ол сіз ойлағандай бір мағынада емес, ол көп мағыналы сөз, 1.адамның дене мүшесі, 2. бір адам немесе бір мемлекет мәлім бір ұйымға немесе бірлестікке ресми түрде тіркеліп кіргеннен кейін ғана ол мүше ретінде қаралады, яғни сол ұйымның мүшесі болып саналады, сол сяқты сайтқа тіркелген адам адам ғана мүше аталады.
мысалы:


AKA
Сауатымды ашқаныңызға рахмет, бірақ мұндай аудармамен…
Jako
Моңголдағы қазақ жастарының сайты болар, сөздерінде аздаған өзгерістер болады.
kz_aidar
Тіркеліп көрейік!)) Иә аудармалары…
dosik
қателіктер түзетілуде"«байқалса айтыңыз.Рахмет!
serjan
Al endi surak ozing kay jakta turasing? shamasi kitayda goy deymin, bul saytting jasalui,dizayini bari jaksi birak Kazakstandik studentter munday styldegi saytka beyimdele almaydi.
dosik
Рахмет сізге! дұрыс айтасыз«мен тарбағатайдың тумасымын, енді сайттың стиліне келсек шыныменен аса жақсы қабылдап жатқан жоқ, өзім сайт жасаумен енді ғана айналысып жүрмін, бастап алғасын тастағым келмеді, болашақта өзгерістер ене жатар, әрі жақсы нәтижелер болама деп үміттенудемін, сіздің мұғалімдер сайтыңызда жақсы сайт екен, құдайым бұйырса болашақта селбестік орнатамызба деп ойлап тұрғаным, егер қарсы болмасаңыз.
serjan
QQ ber agent bolsa tipten jaksi, mening qq-im 1961321620
dosik
қосып қойдым ағасы! Рахмет.
Sabions
10 минуттан соң кіргім келмей кетті…
dosik
Әрине әр адамның талғамына қарай біреуге ұнап жатады біреуге ұнамай деген сияқты.
бірақ «admin» деп тіркелуге болмас.
Sabions
") әркім қалағанынша ник қолданады ғой
dosik
«Admin»ол басқарушы ник болсада ол қайталанбайтын біреу ғана"қайсы сайтта екі admin жүргенін көрдің баурым!?
Sabions
көрдім ғо талайын
Korkem
Әй 15 әріп етіп жазсам да, 3 әріп етіп жазсам да қолданушы есімі 3 әріптен кем деп нерівке тиіп бітті, қалай тіркелемін?
zhurttyn_balasy
Сіз студент емес болғасын тіркегісі келмей жатқан шығар )))
Korkem
Тіркелдім, рахмет!

Құрметті Көркем құттықтаймыз, сіз Қазақ студенттері ресми мүшесі болдыңыз,сізден жолдама жолдап пікір жазған уақытта мәдениетті сөйлесуіңізді сұраймыз, және жолдама жолдағанда авторлық құқыққа қос сұқпауыңызды, дін дер арасына ірткі салатын, отанды болшекту, ұлттар ынтымағына кесір тигізетін мазмұндарды жолдамауды қатаң ескертеміз, егер ондай жәйіт байқалып жатса мүше есіміңіз өшіріліп,қатысты мәліметтеріңізбен IP адресіңіз қатысты мекеме орындарға тапсырылады, соңында қазақ тілді сайттардың дамуына,ұлтымыздың сайт мәдениетін арттыруға бір кісілік үлесімізді қосайық ағайын!
егерде бізге деген сұрақтарыңыз болса басқарушы хат сандығымен байланыс жасаңыз.

[email protected]

Қазақ студенттері

2021-7-2 19:31
тіркелу барысындағы мына ескерту қаншалықты қатал болса, қате одан бәттәр асып түседі екен.
Мүшелерді емес сайттың қазақ тілді әмбебап екенін ескерсек онда мына қателер үшін қатаң жазаға бұйырар едім.

«Асықпаған арбамен қоянға жетеді», деп және «жаяудың үні шықпас» дегенді ескерсем, сайт админінің тым болмаса өзгелерден көмек сұрамағаны өкінішті.

Қатесіз жазуға нөл болсаңыз сізге ешкім де қолын шошайтып күлейін деп жатқан жоқ, ондай намысты жинап қойып қатесіз жазады-ау деген кез келген досыңыздан, яки виртуалды достар арасынан көмек сұрасаңыз қуана-қуана көмектесеріне кепілдік бере алар едім.

Қатені көріп 5 жастағы баланың шимай шатпағы елестейді де, кіргің келмей кетеді.

Әлі де кеш емес, көмек қолын соғысы келетіндерге, әрі «андай» ескерту, жаза дегендеріңізді жібертіп, қателерін түзулей аласыз.

Сайт нашар!
zhurttyn_balasy
soylem.kz синдромы
AKA
Қосыламын.
dosik
Рахмет! сыныңызды қуана-қуана қабылдаймын((әрі дұрыстауға дайынмын!
алдағы уақытта осындай көркендеріңізді айтып отырыңыз.
dosik
Рахмет! сыныңызды қуана-қуана қабылдаймын((әрі дұрыстауға дайынмын!
алдағы уақытта осындай көркендеріңізді айтып отырыңыз…
Jako
Қандастар сайты да осы себептерден алға баспрады, сәл қорытынды шығарсаңдар жақсы болапр еді.
AKA
Мүшелер шайханасы
alikona
«менім»деген сөз көзіме оттай басылды…
ereke_enu
Құтты болсын!!! Іске сәт!
dosik
Көп рахмет!
Azamat
Бұл сайтта не істеуге болады? Студенттер қандай пайдалы ақпарат ала алады?
dosik
Ассалаумағалайкум! қазір ауыз толтырып анау бар мынау бар деп мақтана алмаймын, сайт жаңадан құрылып өз жобасын қолға алып отыр, көріп біліп отыруыңыз мүмкін қазірге мәселенің бәрі қате жазылған сөздер, грамматика төңірегінде болып жатыр, әрі соларды түзетумен айналысып жатырмын, болашақта жақсарып кемелденеді деп ойлаймын. 20 жыл қытай тілінде жазып оқыған соң, қазақша грамматика қиын болып жатыр, хы… хы… жалпы сайт студенттерге бағытталған сайт қой, реферат, студенттік өмір жайлі түрлі қызықтар, кәсіптену сияқты, ал одан басқа әр сала әр мамандықтан айдаршалар бар, қазақ салт-дәстүрі, тарихы.......қатарлы көп-көп нарселер, сайт болашағына деген түрлі ойлар бар, енді соларды іске асрыу үшін жұмыс жасаудамын, әрі сайтқа жанашыр жандардың көмегі керек, сонда ғана жұмыс алға ілгерлейді деп ойлаймын.
Jako
dosik,Қандастар сайтындағыдай латыницамен әріптерінің мүмкіндігін шектеп тастамасаңдар жақсы болар еді, себебі қолданушылардың көбінің логиндері осы емлемен жазылады.Қандастарда көп дүнием қалды, осы себептен кіре алмай жүрмін.Тағы бір айтарым Қазақстандақ қазақтардан модераторлады көбірек тағайындауға тырыс.Іске сәт.
konvict
Боғырем, өзің қытайлық қандасымыз екенсің. Әрі қазақ тілін, грамматикасын дұрыс білмейтін көрінесің. Айтшы, онда неге қазақ тілінің қ амын ойлағышсыңдар? Құдайға шүкір, сендерсіз де қазақ тілі дами алады. Сенің мына сайтың мәңгүрттенген қазақтар жасаған сайттан еш айырмашылығы жоқ.
Jako
Абай, сөздеріңнің жаны бар, сонда да қатты кеттің. Жалпы Шеттегі қазақтардың, оралмандардың ойынша бізді орыстанып кетті деген пасық түсінік бар, олар өз жағдайына үңілмейді.Басқа бір елдің қол астында езгімен өмір сүрген, сол елге жалпақтаумен өмір сүрген,өздерін тағы қазақпын деп атайтын адамдарда тіл қайдан дамысын. ол айдан анық нәрсе ғой, сондықтан түсіністікпен қарағанымыз абзал.Бастысы ынта бар.
konvict
Дұрыс айтасыз, жастықтың желігі ғой. Кейде тым артық кетіп қаламыз
Kinostrov
Сайтыңды көріп жыртылдым
уф… жап-жақсы көңіл-күйім бұзылды ғой!
күлкім келіп тұр!
dosik, сайтыңызға кірдім, шынымен жетіспеушіліктер бар екен, дегенмен бастамаңыз жақсы! сізге әр кез көмектесуге дайынмын, студент болмасамда! студент кезімде интернеттен қазақша материал іздеу мен үшін ең қиын мәселе болды, орысшаны қазақшаға аударып оқып болғаныңша таң ататын" бұл сайт сіздер айтқандай "қазақ тілін дамыту" туралы еш нәрсе жазбапты ғой? тек студенттер өзінде бар қазақша материалдарын сайтқа салып, ортақтасса деген мәселе ғой. менше дұрыс, үиге қайтқасын түнімен отырып аударған талай-талай материалдарды сайтыңызға салайын! сіздер неге сонша күрделі етіп жібердіңіздер? кімде қателік болмайды? түзетемін деп тұр ғой, көмектесудің орнына мазаққа айналдырыпсыздар ғой? маған ұнады, "өсек-аяң" сайтын ашқанша, студенттерге игі болатын осындай сайттар молая берсін!
мен түсінбеймін осы? қазақ десе тағы өзіңе тиеді! неге осыншама жақсы бастамасы бар адамға көмек қолын созғанның орнына бір жерін түртбектеп, балағынан тартып жатырсыздар? әр жерде, әр елде әр түрлі адамдар болады, біздеде міне сіздер сияқты «түртпектер» мен көмектесетіндер бар… сіздерсізде дами аламыз деп қоясың, білген тіліңді біреуді мазақ қылғанға істеткенше, орынды жерге істетсеңші??? білмегенін мойындап ұялып, түзетуге асығып жатыр, маңгүрт қазақ деп оданша екі ауыз қазақшаның басын қосып сөйлей алмайтындарды айт!!!ішім күйіп кетті ғой!!!5 жастағы баланың шимайы емес, 5 жастағы баланың шатпағы болыпты мына әңгімелерің! қазақша сайтқа кірейін десең осы, осек, мазақ… сайт мәдениетін дамытқанның орнына, жап-жақсы осы сайттыда осек-аяң, мазақ орнына айналдырыпсыздар!!!«мүше есімі дегенді басқаша жазсаңыз болар еді… мына сөзді бұлай өзгертсе дұрыс болар еді...»деудің орнына жыртылдым, маңгүрт, сұмдық… депсіздер! алдымен сөз мәдениетін дұрыстаңыздар! сайтты жалғасты аралауғы жүрегім шыдамайтын сияқты!
AKA
Сын айтылмай, мін түзелмейді. Бұл жерде мазақ қылып отырған ешкім жоқ, турасын жазып отырмыз. Қолдан келер істі аянып қалмаспыз. "Өсек-аяң" сайты деп не меңзегеніңізді білмеймін, бірақ жоғарғы жаққа көз жүгіртсеңіз «танымдық» деген сөзді оқисыз. Мәдениетті һәм тілге құрметіңіз шексіз болса, соны алдымен өзіңіз үлгі боларлық етіп көрсетіңіз. Жүрегіңіз шыдамаса, дәрігер бар, көмекке жүгінгеніңіз абзал. Рахмет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.