ҚAZNet-те жаңа жоба іске қосылды! Керемет бастама:)

Едулайфтың суретіБір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық…
Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.

© Ыбырай Алтынсарин

Қайырлы күн қадірменті интернет сүйер қауым! Бүгін сіздерге ҚазНеттегі бір тамаша бастама жайлы әңгімелекпіз!

Біздің заманда жаңа технологияларды үйреніп білу "ғасырдың талабына" айналды. Ал бұл жоба сол жаңа технологияларды үйренуге көмек беретін, қазақ тіліндегі бірінші «бейне сабақтар» сайты. Бұл постты Ыбрай Алтынсариннің сөзімізбен бастауымыздың себебі де осында. Жасыратын жері жоқ, әлі көпшілік қазақтың бұл салада білімділігі төмен. Жалпылама барлық нәрседен хабарымыз болғанмен, нақты "қалай жасаймыз мұны" деген сұрақ туғанда көзімізді пияздай ашып, «білмеймін» деп жауап берімізге тура келеді. Бұл жағдай бәлкім СІЗГЕ қатысты емес шығар, бірақ көпшілік қауымның жағдайы осындай. Оған қоса «бәрін білемін» деп ойлаудың қажеті жоқ, себебі «білгеніміз — бір тоғыз, білмегеніміз — тоқсан тоғы».

Жарайды көп сөзді доғарайық, жоғарыда айтылған жоба ЕСКІ ЕДУЛАЙФ сайтының РИМЕЙКІ. Сайт дәл алдыңғы адресі, яғни www.edulife.kz, бойынша орналасқан.

Сайттың бейне сабақтар базасы күн ара толықтырылуда, егер білетініңізбен бөліскіңіз келсе, сол сайттағыдай бейне сабақтар жасап, сайт авторларына, яки бізге жіберуге болады.

e-mail адрестер:
1)Едулайф сайты — edulife.kz@gmail.com
2)Айтабер — bizge@aitaber.kz

Проекттің қолдай отырыңыз:
www.facebook.com/EduLifeKz

Ал енді, скриншоттар:
1)Басты бет
Басты бет
2)Видеолар жинағы
Видеолар жинағы
3)Видеоны көру беті және ұқсас сабақтар қатары
Видеоны көру

P.S. Бұл ақылы жарнама емес, сайт „халыққа пайадалы„ деп ойлағанымыз үшін ғана жарнамалануда.

20 пікір

Sabions
ппц, мен ойлаған бір жобаға конкурент болайын деп тұр
Sabions
бір тематикаға байланысты жоба. кейін көре жатарсыздар
Abylai
Ооо енді күшті жоба болып қалыпты. Жарайсыңдар, іске сәт. Тек алға.
aitaber
Абылай білетінің көп қой, сенен жақсы бейне сабақтар күтеміз))
Abylai
даусым жәмән бұқақақа
torpedaip
охо, мультимедиялық сабақтарымызды енді осындай тастай берсек болатын шығар?
aitaber
Youtube немесе vimeo.com -ға видеоны жүктеп, ссылкасын edulife.kz@gmail.com -ға жіберсең болды.
Zhanat
пайдасы бар ма?
Abylai
.ҚАЗнет үшін естЪ же :)
Jako
Мен сияқтылар үшін де пайдасы болар деп үміттенемін.
torpedaip
Аттан қазақ деп Амангелді атамыз не үшін айғайлап жур!!!
rauan
Ооо!!! Керемет сайт екен )) Видеомонтаж бейнесабақтарын асыға күтемііін (Сони вегас, афтер еффектс сияқтыларды )
followme_alik
Пайдалы бейнесабақтар. Көріп, жасаған бір еңбегімнен кейін тойға шақыру ғана қалды)
qyrmyzy
той? қандай той?
qyrmyzy
Охх, керемет! АЛҒААА, қазақ сайттары:)
MUZBALAK
Жақсы жоба екен. Жасасын Қазақтар! Қытай мен Орыс өшсііііін!
followme_alik
патриоттығыңды-ай))
Azamat
Қатты қуаныштымын!
oljas
Ал мұндағы видеоларды көшіруге болама? болса қалай көшіремін.Сабақта қолданайын деп едім.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.