ҰЛТ порталы. Қоғамдық-саяси интернет басылым

Nur.kz ақпараттық порталы хабарлағандай: Қазақ тілді интернет қолданушылар үшін ақ түйенің қарны жарылып, тағы бір қазақ тіліндегі сайт дүниеге келді. Ол Ұлт мүддесін қолдаған Ұлт порталы.

Сайт 2012 жылдың 21 тамызы күні өз жұмысын бастады. Сайт саясат, әлеумет, экономика, бизнес, өнер, тарих тағы басқада бірнеше бөлімдерден тұрады. Порталдың басты мақсаттарының бірі қазақ тілді қолданушыларды ақпарат көздерімен сусындату. Жаңа портал аты айтып тұрғандай ұлт мүддесін биік қойып, елімізде орын алып жатқан соңғы жаңалықтармен қамтамасыз етіп отыратын интернет басылымға айналмақ.
Ұлт порталының басты беті

Порталдың мақала жарияланған беті

Портал туралы менің жеке пікірім:
Жалпы порталды ашып қалғаннан бастап, өзінің дизайнымен көз тартатынын байқадым. Өзіндік үйлесімділік, жинақылығы мені ерекше таңдандырды деседе болады. Жалпы бөлімдерінде Егемен Қазақстан, Жас Алаш сынды газеттердің сайттарына ұқсастық бар екен. Және ең бастысы мақалалары көңілімнен шықты. Елге танымал саясаттанушылардың айтқандарында көзім шалып қалды. Осындай Ұлт тағдырын ойға алған порталдар көбейе берсе екен. Лайым солай болғай.

Қосымша:
Мына жазбаны жазу кезінде Nur.kz ақпараттық порталынан мақалаланы тікелей көшіріп алу орын алған жоқ. Авторлық құқықтар қорғалған. Жазбаны жазуға мына мақаланың септігі тиді:Ұлт мүддесін жалау еткен жаңа портал ашылды

9 пікір

AKA
Болсын құтты!
kz_aidar
Бірге болсын!
banzaika1990
Құтты болсын! Қазақша ұлттық порталдар көбейе берсін!
Каникулда ауылыңа барып демалып жатырсың ба? көрінбейсің ғой.
kz_aidar
Иә ауылда! демалып… Негізі СЖ-да жүрміз мында болмасақта… Бұл сайтқа негізі өкпем қара қазандай еді… ренішімді басып келіп отырған бетім…
banzaika1990
Реніш деген бола береді, кешке ренжіп, таң атпай қайта кіріп аламыз өзіміз. )))))))))))))))
44маршруттан жалынды Сәлем!!!!
kz_aidar
44-кеде сәлем!)) Случайно кондуктор боп кеткен жоқсыңба? Бұйырса 1 аптадан кейін қайта мінеміз сол 44-ке!))
banzaika1990
студенттер жоқ қызықсыз екен, сендер келген соң бастаймын кондукторлықты ))))))))))))))))))))))
kz_aidar
хехе әлі-ақ жалығасың!)) Құдай-ой қашан құтылам деп!))
rauan
Біздің Ақсу ауылының каналынанда көрсеткен еді )) Жаналықтардан
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.