Әке асқар тау атауына лайық па?

Бүгінгі түйінді мәселе мыныда болып отыр. Қазақта әке-асқар тауы атты мақал бар. Ал, осы тіркесті қаншалықты маңызды болып тұрғанын мына оқиға желісінен түсінесіз. Менің бір құрбымның Айнұр есімді танысым бар еді. Отбасында жалпы төрт адам. Олар: әкесі, анасы, інісі және өзі. Айнұр қазіргі таңда Астана қаласында грант бойынша заңгер саласы бойыша оқуда. Інісі 10-сыныптың оқушысы. Анасы дәрігер. Әкесі жұмыссыз. Ендігі әңгіменің ауылын Айнұрдың әкесіне бұралық. Айнұр ес білгеннен бері білетіні әкесі шайтан суға құмар. Құмар ғана емес. Бұл су әкесінің жан жолдасы іспеттес. Сонымен бірге әкесі бірде –бір жұмыс жасап көрмеген. Яғни, жатып ішер. Отбасының тірегі, ана орнына ана, әке орнына әке – Анасы! Нан табары да – Анасы екен. Бұдан сорғысы әкесі жай ғана бұл суын ішіп жөніне жүрсе ғой, анасына қол көтереді екен. Ал, інісі көзін тырнап ашқалы әке махаббатын көрмеген. Шынына келгенде әкенің балаға деген махабатының қандай болатынынан бұл отбасы бейхабар.Сорақының сорақысы мынада боп тұрғаны. Бірде әкесі ішіп келіп, анасына қол көтерген сәтінде анасын арашаламақ боп, қызы ортаға түседі. Осы сәтте әкесі қолындағы киім ілгішпен қызын қол көтерген.Осы соққы Айнұрдың өмір бойы денсаулығына дақ болды. Себебі, бауырына және басына зақым келген. Кейіннен бұл бауырына ота жасалып, дәрігерлердің тексерістің ұйғарымымен бауырды өз орнынан төмен орнатуына мәжбүр болды. Егер де ол жасамайтын болса, қыз өміріне қауіпті екенін айтады. Анасының келісімімен дәрігерлер қызының бауырын төмен орналастырып береді. Ота сәтті шығады. Әттегенайы, қыздың дене бітімі өскен сайын бауыры ауырады екен. Ал, басына тиген соққының әсерінен жылдың көктем мен күз айында басы қатты ауырсынады. Бұл жерде айтылып отырған басты мәселе, Айнұрдың денсаулығы емес, әкесінде.
Әке- өте құдіретті де қастерлі ұғым. Жалпы, бұл отбасында әке атауы жай ғана үн болып естіледі деген Айнұр өз сөзінде. Әкемнің араққа әуес болуы анасынан, яғни менің әжемнен дейді. Себебі, әжем өте араққа жақын жанның бірі. Қазір жасы жетпістің бесінде. Әлі күнге дейін бұл сумен жан жолдас деп замандас сөз барысында айтып қалғанды. Әрине шайтан суға ерік беру- жақсылықтың белгісі емес.
Қазіргі таңда Айнұр әкесімен бірге тұрмайды. Қағаз жүзінде ғана толық отбасы бұлар. Айнұрдың анасы ажырасайын десе, үмітсіз шайтан демекші, арағын қояр, адам болар деген үмітпен өмір сүруде. Алайда, бұл үміті 20 жылдан бері орындалмай келуде. Соңғы үш жылға дейін әкесімен бірге тұрған. Анасы жұбайының соққысына да шыдап көнген. Қылмыстық іс қозғамаған, себебі балаларымның әкесі ғой деген ой болатын. Алайда бұл соққы күннен күнге үдеп, қояр түрі болмаған. Кейіннен ана жүрегі бұл соққы маған ғана емес, бір күні балаларыма тиіп кету қаупі бар деп жүргенде, бұл қауіп орындалып, қызының денсаулығына зиян келеді.
Әкесі кейінгі кездері сайтан су мен бірге жолдастарын үйіне ертіп келетін болады. Ол жолдастары әкесін арақпен булап, қызына көз сұғуды шығарады. Бұл жағдайды Айнұр анасына айтады. Анасы қыз болашағына қауіп төнбей тұрғанда деп балаларын төркініне алып кетеді. Жұбайына бір ғана шарт қояды, жұмыс жаса демеймін, оған да көндім, бір- ақ нәрсе сұраймын, мына суыңды өз еркіңмен таста, олай жасай алмасаң, медициналық жолға жүгінейік дейді, Алайда, бұл шартына жолдасы келіспейді. Амалсыздан ана жүрек қайтсін, көзінің ағы мен қарасы екі баласын жетектеп төркініне барады. Бір қуанарлығы, төркіні өзегінен теппей, құшағын жаяды. Екі баласына мейлінше қамқорлық танытады.
Айнұрдың анасы балаларына әкесін көріп тұруына қарсылық білдірмейді, қандай жағдай болмасын, ол- сендердің әкелерің деп тәрбиелейді. Әрине, кез-келген ана баласының жаутаңдағанын қаламайды. Қанша әке орнына әке болам дегенмен де әке орны бәрібір білініп тұрады.
Айнұр мектеп қабырғасында жүріп,әкем үшін ұялатын халге дейін жеткенмін дейді. Бірде деп мына оқиғаны баяндады. «Құрбыларыммен мектептен келе жатқанымда ,әкем араққа булыққаны соншалықты төрт аяқтап келе жататын я болмаса үй арасындағы дүкендер арасында құлауда көрінісе кезігетінмін. Оны көрген сыныптастарым мені мазақ ететін. Бұны көру маған да оңай болған жоқ. Мектепте құрбы- жолдастарым менің әкем менің айтқанымлы алып берді деп алған нәрселерін бір-біріне көрсетіп мәре-сәре болады. Сол сәтте менің ет жүрегім езіліп, сыртқа шығып, ағыл-тегіл жылайтынмын. Себебі, менің әкем-әке болып сыйлық берген жан еместі. Оның сыйлығы арақ ішіп келіп, концерт қою болатұғын»- деп өс сөзін тәмандады.
Бұл қарагөз мектеп қабырғасында әкесі үшін көбінде айы оңынан тумаған. Жарыстарға, конкурстарға, олимпиадаларға барған сәтінде Ермек сынды аты әйгілі « алқаштан» дұрыс бала бола қоймас деп әділқазылар үнемі Айнұрды жарыс атаулы да ұпайынын шегеріп, шеттететін болған екен. Әкесі үшін бала жауапты емес ғой. Осыны ескерсе игі еді. Айнұржан өз қабілетімен мектеп қабырғасын қызылмен тәмандаған. Қазіргі уақытта замандас інісі үшін алаңдаулы. Себебі, ер бала үшін әке орны тым бөлек! Ауылындағы, мектебіндегі әкесі үшін шеттетулер інісінің жүрегін жаралап, псиихикалық әсер етпейді ме деп ана мен әпкесі алаңдаулы.
Айнұр бірде қатты сырқаттанып қалады. Ауруы сол баяғы бауыр. Бірақ бұл кездегі қыздың жағдайы тым ауыр болып. Өмірмен қоштасуы да бек мүмкін болады. Көрер жарығы бар екен, қызы төсектен айығады. Ауырған сәтінің бірінде әкесімен телефон арқылы тілдеседі. Әкесінің сол сәттегі жауабы, « Жат енді солай, маған не дейсің? құрысаң өз жолыңмен құры, мына жақта дөңгелек жарылып жатыр....» деп телефон тұтқасын тастай салады. Төсекте жатқан қыз ағыл-тегіл жылайды. Жаны жоқ дөңгелек менен қадірлі болды ғой ол үшін деп. «Жат енді солай, маған не дейсің? Құрысаң өз жолыңмен құры» дегені маған өле бер дегені емес пе, әкеңнен өле бер деген сөз есту – ең үлкен қасірет ғой деп өз сөзін аяқтаған. Әрине, бұл сөзді айту безбүйріктік емес пе? Мына оқиғадан соң, әке- асқар тау атауына лайық па деген көкейді күмәнді ой мазалауда. Көпке топырақ шашпай-ақ қойайын, бірақ бізде безбүйрек ата-аналардың барлығы жүректі қынжылтады.

15 пікір

maulen
Суреттелген оқиға аянышты, жақсы суреттелген. Көтеріп отырған мәселен де, иядеяң да көнілге қонымды. Бірақ қашанда әке орны бөлек қой. «Ата-анаң жынды болса, байлақ бақ» демекші ендігі үміт сол бойжеткен қызы мен ер жеткен ұлында емес пе?!
ai-naz
Әрине, сөзіңізге толыққанды келісемін!
yesbolat83
Қандай аянышты оқиға. Соңғы ауырып жатқанында әкесімен тілдескісі келіп, одан жанына дауа боларлықтай әкелік жылы сөздер естігісі кеп, сондай-ақ, халімізді ескеріп тәубесіне келіп, толыққанды әрі бақытты жанұя болармыз әлі деп қылаң еткен қаршадай ғана қыз үмітінің орындалмай қалуы өкінішті. Ендігі жерде бекем боп, көп уайымға салына бермей денсаулығын күтіп, болашағынан үлкееен үміт артып отырған анасы мен бауыры үшін келешекке нық сеніммен алға қарай ұмтылу керек деп ойлаймын.
ai-naz
Өкінішті екені жүректі ауыртады.Бірақ, үміт үзуге болмайды!
satirik92
Недесем болады. Өмір салыстырмалы. Мен өзім "әке" сөзін жек көрем. Бірақ, әке мен ана сенің өмірге келуіндегі себепкер. Ал інісіне жүйке жағына әсер етсе Аллаға сиынсын, намаз оқысын. Анасы екі баласы болғанына тәубә етсін. Ал Айнұр мен інісі әке мен шешесі бірдей жоқ жетімдерге қарап көрсін. Алқаш болса да әкесі бар.
ai-naz
Ия, хадисте де айтады ғой,әке-шешең ауру болса, байлап бақ деген…
nurzika888
Алла әкелерге сана берсін!
ai-naz
Әмин! Айтқаныңыз келсін!
Jako
Әкемнің араққа әуес болуы анасынан, яғни менің әжемнен дейді.
Мына жерде зер сала оқысақ әкесінің сондай күйге түсуі анасынан деп отыр емес пе? Меніңше бұл жерде әкені де, ананы да бөліп қараудың жөні жоқ-ау. Бұндай жағдайда көбіне отбасынан болып жатады.Бұл жерде қос құлынына ие бола алмаған әке ме, басында қандай адаммен байланысқанына мән бермеген ана ма,әке атын айдай әлемге жамандап отырған ұрпақ па, қайсысы кінәлі екені бір Аллаға мәлім-ау деймін.Ақылы бар бала әке мен анаға теңдей қарау керек.Әкеге ең қорқыныштысы өз жақындарының жек көре қараған көзқарасы, бұны еш әке көтере алмаса керек. Әлсіз болса арақ ішіп кетеді, күшті болса у ішіп өледі.Екеуі де оңып тұрған жоқ, Алла одан сақтасын! Ондай әкеден балаларды сақтасын,әкесін түсінбейтін балалардан сақтасын,әке мен баланы үйлестіре алмайтын анадан да сақтасын!Әке, Ана, Бала, осы үштаған түгел болғанда ғана отбасы толыққанды, бұл үшеуі ошақтың үш бұтындай. Егер ошақтың бір бұты болмаса ешуақытта нық тұрмайды. Өмірді жаңа бастаған жастар осыны есте сақтаса деймін.
ai-naz
Бұл жерде анасы деп Айнұр әжесін айтып отыр…
Jako
Түсініп отырмын, Айнұрдың әжесі әкесінің анасы емес пе, соны айтқаным ғой.
ai-naz
түсінікті
ai-naz
Пікіріңіз үшін көп рахмет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.