Like-minded.kz: Портфолио

Сәлем, достар! Лайк-майнд.кз ашылғанына 1 аптаға жақын ғана уақыт болды.

Сайт бағыты ІТ саласына қатысы бар адамдарға арналады. Сонымен қатар, графика, мультимедиа тақырыптары да қосылады.

Бөлімдері:

— Сұрақ-жауап бөлімі (like-minded.kz/www)
— Портфолио бөлімі (like-minded.kz/ads)
— Блог жүргізу бөлімі (like-minded.kz/blogs)

Қазіргі уақытта Сұрақ-жауап және Портфолио бөлімі жұмысын бастады.

Портфолио

Бөлімнің ашылу себебі, ІТ саласындағы еңбектерін, графика/мультимедиалық өнімдерін, оқыту-үйрету өнімдерін сайтқа скриндерін, видеоларын орналастырып жұртқа таныстыра алады. Өз кезегінде, сайт қолынан нақты іс келетін мамандарды табумен қатар, қолданушыларға өзін тегін жарнамалауға мүмкіндік береді.

Толығырақ, сайтқа тіркеліп мүмкіндігін пайдалана аласыздар. Айтар талаптарыңызды міндетті түрде ескеретін боламыз.

— like-minded.kz сайтының сұрақ жауап бөліміне қазақ тілінің латынша нұсқасы енгізілді.
Астана қ. Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті тарапынан ашылған
alphabet.kz конвертер сайтының 2-ші варианты негізінде латын әріптері қолданылды

Алдағы уақытта атқарылатын негізгі істер:
— Сайт интерфейсін автоматты түрде латиницадан кириллицаға, кириллицадан латиницаға аударатын скрипт әзірлеу;
— Сұрақ-жауап, портфолио, блог бөлімдерінің қолданушыларының қолданушыларын ортақ дерек база арқылы қосу;
— Әрине дизайн мәселесі;
— СЕО оптимизация

Қолданушылар тарапынан ұсыныс/талаптар қабылданып жатыр.

Сіздерге деген құрметпен, like-minded.kz командасы!

ҚазНеттегі жаңа әрі қызықты сайттар: Like-minded.kz: Портфолио

6 пікір

samga
AL-ASTER сені түсінбедім.Есіңде болса мен like-minded.kz сайтына портфолио салган болатынмын осы сайттың админі бұл жарнама сайт емес деді.Меніңше бұлай сайт ашып керек емес.
AL-ASTER
Жеке мәселені жеке хатқа жазыңыз.

Рахмет.

Құрметпен,
Табиғат Нұржол
FCB
Ашылды деп әбден қазақшалап алған соң жазбайсың ба, ағылшынша және де түсініксіз сайтың
aidarkaka
Бұл ағамыз, бізден 10есе жақсы біледі
satirik92
Уақыт өте түзеледі ғой. Шынын сайтты түсіне алмадым.Бірақ қазақша сайттар көбейсе игі. Бірақ айқаркөзбеді сондай бәлелер де бар
AL-ASTER
Сайт бета версияда. Ұзақ уақытқа. Демек ұзақ уақыт жетіліп отыратын болады. Ашылды демек барлығы чики чики деген әңгіме жоқ.
Контент, ақпарат арнайы дайындалған қолданушылармен толтырылады. Ол үшін, ЖОО техникалық мамандығындағы студенттер, белгілі бір нәтиже көрсетіп жаңадан ІТ саласына қызығып жүрген қолданушылар, ІТ саласының мамандары (вряд ли:) ) сосын әрине ерікті қолданушылармен толығатын болады.

Бір күндік, бір апталық немесе бір айлық нәтиже емес, жылдап келетін нәтижелер.

Істің барысы — тоқтамай, асықпай. :)
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.