kaspi.kz

kaspi bank-тің интернет бөлімшесі. Сайтта не істей аласыз? Ұялы телефонға, коммуналдық қызметтерге және басқа бірқатар қызметтерге комиссиясыз төлем жасауға болады. Несиеңіз, депозитіңіз, несие картаңыз туралы толық ақпарат ала-аласыз. Мысалы: сіздің несиеңіз бар. kaspi.kz-ке кіріп, несиеңізді қашан алдыңыз, бұған дейін неше төледіңіз, қалғаны неше теңге, қай жылға дейін, келесі төлем мерзімі қанша екендігі туралы толық ақпарат ала-аласыз. Ал, коммуналдық қызметке немесе ұялы телефонға төлем жасағыңыз келсе, қолыңызда kaspi bank-тің жалақы картасы немесе депозиттік төлем картасы, несие картасы болса карта нөмірі мен төлейтін соманы енгізу арқылы төлем жасай аласыз. Бұған бір тиын комиссия алынбайды. Банк бөлімшесіне барудың, кезекте тұрудың, комиссия төлеудің қажеті жоқ. Сайт қызметін пайдалану үшін сайтқа тіркелу керек.

0 пікір

Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!