Менің жеке блогым - webm.kz

Cәлем достар!
Көптен бері өзімнің блогымды ашпақ ойым бар еді. Сол ойымды 2012 жылдың 3 Қарашасында жүзеге асырдым. Блогты ашпас бұрын блогтың тақырыбына сай домендік адресте алу керектігін түсіндім. Өз мамандығым «Веб программист» болғандықтан, көп ойланбастан тақырыбын: «Сайт жасау және интернетте ақша табу жолдары», — деп қойдым. Ойткені, өзім сайт жасауды жақсы білетіндіктен, сол білімімді басқа адамдармен бөлісе отырып, сайт жасап қана қоймай, ақша табу жолдарын үйретемін.
Блогымның домендік адресі webm.kz
Блогымды Wordpress сайтты басқару жүйесінмен орыс тілінде және қазақ тілінде жасадым.
Орысша нұсқасының фотокөрінісі:
ҚазНеттегі жаңа әрі қызықты сайттар: Создание и продвижение сайтов в интернете, бесплатные шаблоны  Wordpress
Қазақша нұсқасының фотокөрінісі:
ҚазНеттегі жаңа әрі қызықты сайттар: Сайт жасау және интернетте ақша табу жолдары, Wordpress шаблондары және плагиндері
Блогымнан сіздер сайт жасауға қатысты барлық тақырыптарды таба аласыздар. Мысалы: «Сайт, домен, хостинг дегеніміз не?», «HTML деген не?», «Вордпресс. Вордпрессті қолданып сайт жасау», Wordpress-ке қажетті плагиндер мен шаблондар, JavaScrip/CSS/PHP скриптері және де көптеген қызықты ақпараттарды таба аласыздар.
Кіріңіздер, оқыңыздар, пікір жазыңыздар!
Менің блогымның VK.COM сайтындағы группам: vk.com/webmkz
Егер сайт жасауға қатысты сұрақтарыңыз болса kenzhik-studio@mail.ru поштасына жазып жіберсеңіздер болады. Міндетті түрде жауап береміз, сіздің сұрағыныз жауапсыз қалмайды.

9 пікір

Jako
Жақсы, көбімізге көмегі тиер деп ойлаймын.
Соңғы өңделген уақыты:
beko
Құттықтаймын, іске сәттілік. Анау блогтағы орысша шаблонын неге қазақшасына да қоймасқа? тек тілі ғана ауысады да сонда көрінісі сол күйі қалып. Сосын шайқалғанға қатты қызықсаңыз, сонда да шайқалтқанды азайту керек секілді, жай пікірім ғо.
Nurlanple
Рақмет пікіріңізге!
Осыдан бір ай бұрын, екі тілдегі шаблон бірдей болатын. Екі тілге екі түрлі шаблонды әтейі қойдым, сіз сияқты оқырманның пікірін білгім келеді. Кейбір адамдарға орыс тіліндегі шаблон ұнаса, кейбіреулерге қазақ тіліндегі шаблон ұнап жатыр… Сіздердің пікірлеріңізге байланысты аяғында біреуін қалдырмақпын.
Айтсаңыз болды ғой, шайқалтқанды азайтамын )))
followme_alik
Отзыв панелін қосарсың :))
samarhan
Керемет осындай қазақ IT саласына демеу болатын сайыттар көбейсын! Деседе орыс тілынен көры қыйналмай ана-тілдегы сайыттар ды аралағымыз келеды менше болғанда қазақ тілы жетеды! Орысша керек болса сіздың сайтыңыз емес ресейлыктердың басқада шетелдың мықты ресей нарығына шықан сайттар жетерлік! Өз нанымызды өзімыз жейык біреуге жағатсып шаш бауын котергенше өзымыздың мұдены ойлайық… Жек сіз емес екі тілде жұретін құлдық саналы сайттар көп бұйте берсек қазақ тілын ұйренудың не қажеты? Барлық қолайлықттар орыс тілынде болса біз қазақшаны қайтеміз?
Jako
Шырағым-ау, ақыл айта бергенше былдырламай өзің үйренсеңші қазақша сөйлеуді, бұл сайттағы жігіт, қыздардың бәрі таза қазақша сөйлейтін, өздері де біреулерге қазақша үйрете алатын дәрежедегі азаматтар.
Соңғы өңделген уақыты:
samarhan
Сіздей данадан пікыр алғаныма қуанам! Е жаман ұстарашы шаш ал десе бас алады дейды өз шамаңызға қарай сөйлеп тұрғаныңыз білынп тұр!
Jako
Сен өзің қай тілде былдырлап отырсың, не деген көргенсізсің? Менің ең кіші балам сенен үлкен және мен саған қарағанда таза қазақ тілінде сөйлеп отыр емеспін бе?
samarhan
Қалмақша және қытай тілде сөйлеп отырмын сіз қазақсыз ал мен қытайда қалған жетым ұлытпын! Тұсінікты болдыма? Жоқ әлде сөздік ақтарып орысша отап берйынбе?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.