Фотосүйер қауымға, СҮЙІНШІ!!!

www.photooner.kz — «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігінің ресми сайты.

ҚазНеттегі жаңа әрі қызықты сайттар: Фотосүйер қауымға, СҮЙІНШІ!!!

Мақсаты:
Қазақстандағы фотография және фотопублицистика саласының мемлекеттік тілде дамуына үлес қосу;
Республика аумағындағы аймақтармен, шет елдердегі қазақ тілді фотосуретшілер және фотожурналистермен сайт арқылы байланыс орнату, тәжірибе алмасу;

Міндеті:
• фотодәрістер өткізу;
• фототехникалардың жаңа түрлерімен таныстыру;
• фото әлеміндегі жаңалықтар мен мақалалар жарияланып отыру;
• орталық фотомұрағат құру.

Сайт 2 тілде жұмыс жасайды: қазақ тілі және орыс тілі.

Еліміздегі фото саласы бойынша қазақ тілді алғашқы сайт. Сайтта 4 бөлім бар:
Біз туралы;
Жаңалықтар;
Фото дәріс;
Галерея.
Біз туралы бөлімінен қоғамдық бірлестік туралы негізгі мәліметтер берілген. Ол «Біз туралы», «Бірлестік мүшелері», «Шаралар», «Байланыс» бөлімшелерінен тұрады.
Жаңалықтар бөлімінде фото саласына, фототехникаға байланысты еліміздегі және шет елдегі жаңалықтар беріледі. Сонымен қатар қоғамдық бірлестік туралы мақалалар жарық көретін болады.
Фотодәріс бөлімі әуесқойларға және кәсіпқойлыққа ұмтылушы фотографтарға арналған. Мұнда фото саласына байланысты базалық ақпарат қамтылмақ.
Галереяда бірлестік мүшелерінің соңғы (жаңа) суреттері (еңбектері немесе туындылары) тұрақты түрде шығып тұрады. Ол 9 жанрды қамтыған.

Және де басты бетте фотобайқаулар туралы мәлімет беріледі.

Сайттың демеушісі – «BANK RBK» АҚ

1 пікір

Kan
керемет жоба
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.