damba.kz - қазақша математика сайты.

Құрметті, оқырмандар! 2013 жылдың жаз айында damba.kz сайты ашылған болатын. Қазір бұл сайт та өзінің аздаған қолданушыларын жинап үлгерді.
Сайттың мақсаты қазақ тілінде білім алатын оқушыларға математика пәнінен көмек көрсету. Осы мақсатта сайттың сұрақ-жауап бөліміде ашылды (http://szh.damba.kz). Егер математика пәнінен қиындық келтіретін есептер болса, Damba.kz сайтынан таба аласыздар. Жәнеде szh.damba.kz сайтына тіркеліп өз есептеріңізді сұрақ түрінде қойып немесе сайттағы жауап берілмеген есептерге жауап беріп ұпай жинауларыңызға болады. Бұл сайттың сіздердің математика пәніне деген ынталарыңызды оятатынына сенімдімін.

Басты сайт: damba.kz
Сайттың сұрақ-жауап бөлімі: szh.damba.kz
Сайтқа қатысты сұрақтар болса: damba.kz@mail.ru

5 пікір

serjan
Санаттар дегенді неге астына қойып тастағансың, ол сайттың ең маңызды бөлігі.
ereke_enu
Алдын бір рет кіріп кетіп едім осы сайтқа, сұрақ жауапта да бірдемелерің бар-ау дим) Жарайсыңдар! Блогтарың бар ма? Жалпы, сендер жайлы басқа қайдан білуге болады?
pari
Сөздің шынына келгенде сайттарыңыздың пайдасын өте аззз… Мәселен, сұрақ-жауап бөлімінде сұрақтар қойылған алпыс пайызына жауап алынбаған. Және қателеспесем админ деген сіздер. Өздеріңіздің математикадан білімдеріңіз өте төмен екен. Сайтты ашқан екенсіңдер өздерің математиканы игерген білікті маман болуларың керек. Сіздер тек 4-6 сыныптың есептерін ғана шеше алады екенсіздер, неге десек бірнеше қолданушылардың тек оңай есептерін шығарып қиынын шығармапсыздар. Математика деген оңай пән емес. Көбісі, есебіме жауап беріледі деген мақсатпен кіреді. Ал сайттарыңызда қаншама есептер шешілусіз жатыр. Бұлай жалғаса берсе сайт ешқашан дамымайды. Дұрысы математик адам тауып жұмысқа алыңыздар күнінен осындай уақытта есепке жауап жазатын етіп. Міне сонда ғана сайттарыңызға адам жиналып, одан әрі дами түсеі.
damba
Пари сен неге сразу олай айтасың? Саған кім айтты 4-6 сыныптың есебін шеше алады деп. Пікір жазғанда ойланып жазуды үйрен. Бұл қолданушылар үшін ашылған сайт. Барлық есепті шығарып береміз деген еш жерде уәде берілген жоқ.
ereke_enu
Расында көп есептердің жауабы жоқ… Математикадан сабақ бергім кеп кетті)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.