Шақыру!

Құрметті Айтаберліктер! Осыдан 1 ай бұрын біздің «Екпін» атты мәдени-танымдық онлайн журналымыз дүниеге келді. Жобаны тек онлайнда емес, бүкіл елге таныстырудың сәті түсті деп ойлаймыз. Ендігі жоспарымыз — баспасөз мәслихаты. 22 ақпан күні сағат 11:00-де Саяси шешімдер институтының клубында өтетін баспасөз мәслихатына сіздерді қонақ ретінде шақырамыз :)



Баспасөз мәслихатында:
— Қазнеттің бос сегменттері; Рунеттің lifestyle жобалар тәжірибесі.
— жобаны желіде жарнамалау әдістері. Жаңа шешімдер.
— контенттік жобалардың монетизациясы жайында талқылаймыз.

Спикерлер:
Бекежан Кембаев — Yvision.kz блог-тұғырнамасының коммерциялық директоры
Әлішер Елікбаев — “Мега” СОСО PR бөлімінің басшысы, Voxpopuli.kz жобасының басшысы
Амангелді Сейітхан — «Хабар» ұлттық агенттігінің журналисі

Шара кезінде журналымыздың командасы — мен, Айжан және Әлия жобаның пайда болуы жайында әңгімелеп, жоспарымызбен бөлісеміз.
Сіздерді төмендегі адрес бойынша күтеміз:
Алматы қ., Төлебаев көшесі, 38 (Мақатаев көшесінен төмен), «Жетісу» БО, 3 қабат (жаңа қанаты), конференц-зал.



Пы.Сы.: Егер қызығушылық танытсаңыз осы мақала астына пікір қалдырыңыз немесе 8701 201 99 83 телефоны арқылы келетіндігіңіз туралы хабарласуыңызды сұраймыз. Бұл сізді блогшы немесе журналист ретінде аккредитациядан өткізу үшін қажет.

26 пікір

MSHERIMBEK
Құтты болсыыыын:) Қазақстанда болғанымда баратын едім:)
AKA
Бара алмаймын, менсіз өткізе беріңіздер десең иә :))) Сәттілік, жақсы жұмыстар тілеймін.
erke_ky3
Келгеніңде қуанып қалар едік! Рахмееееееееееет :)
MSHERIMBEK
Әлгі суретте бірінші отырған қыз неге өзінің емес, өзгенің кітабына қарап отыр?!:)
erke_ky3
Қызық нәрсе болып жатқан шығар сонда. Бәрі сол кітапқа қарап отыр ғой
MSHERIMBEK
Екінші отырған қызбен таныссақ деген ниет болып жатыр:) не айтасың?:)
erke_ky3
ҚазҰУ-ге кел! :))
Yasin
Сәттілік тілеимін тек қана алға
erke_ky3
Рахмеееееееееееет
MSHERIMBEK
иәәә, бұл сәттіліктің сыры неде екен а?:))))))))))))
Yasin
Садко ашық айтсаң?
mairosh
Сәттілік тілеймін Ерке қыз )))
yerbol89
Әттең Еркеқыз мен Алматыда болсам міндетті түрде баратын едім. Бірақ олай емес! ((( Бірақ алдын ала ескерту, осы баспасөз маслихатын видеоға түсініп толық нұсқасын интернетте жарияласаңыздар. Ютубқа салсаңдар қатып кететін еді. Міндетті түрде қарап шығатын боламын.
erke_ky3
Рахмет! Жақсы идея екен. Мүмкіндік болса түсіреміз :)
MSHERIMBEK
Мүмкіндік болса дегеніңіз де құдай-ау! Сайтқа видеоролик түсіріп, Мәдениет арнасы шыққан сайт түсіре алмайды деуіміз қалай өзі?:))) Ощм, Ербол екеуміз күтеміз:)
AKA
Тек Ербол екеуіңіз ғана ма? Біз ше, біз… артыңыздан ерген балапандар, тойыс қолданушылар. :))
MSHERIMBEK
Басқалар күтеміз деп ыңғай білдірмеген соң көпшіліктің артынан сөйлей алмай отырмын әттең:) Жарайды, букил Айтабер кутемиз:)))
AKA
Халықтың атынан президент сөйлесе, «Айтабер» сайтының атынан сөйлеуге Сіздерге рұқсат бердік қой, қалқам. Айта бер, айта бер :)))
mairosh
Ерке қыз шақыруыңыз мынаған қатты ұқсайды екен )))))) www.kerekinfo.kz/blog/7534.html
erke_ky3
Мен екі жердеде блог жүргіземін.Екі блогымада салдым шақыруды. Шақырудың мәтіні екі түрлі болмайды ғой.
mairosh
жооқ мен күнәм келтіріп отқан жоқпын. жай іздеп отырып соны көріп қалдым. сосын сенікіне ұқсайтынын ескерткенмін. Екі жақта жүргізсеңіз дұрыс екен)))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.