kaspi.kz

Маусым айында kaspi.kz онлайн қызметі жаңартылғаны туралы хабарлаған едік. Сайт негізі 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бірақ, жаңартылғанға дейін тек орыс тілінде және банк клиенттеріне ғана қолжетімді болатын. Енді кез-келген адам тіркеліп, орыс тілімен қатар қазақ тіліндегі нұсқасын қолдана алады. Меніңше, соңғы уақытта ашылған пайдалы сайттың бірі. Өйткені барлық қызметке төлем 0 теңге. Мысалы: ұялы байланыс үшін 500 теңге салсаңыз, 500 теңге түседі. Пәтерақысына 1000 тг.төлесеңіз 1000 тг. түседі. Пәтерақы төлеу керек. Банк немесе поштаға барып, кезекте тұрып, қызмет құнына қосымша комиссия төлеп қысқасы уақыт пен артық ақшаңызды құртқанша, үйде немесе кеңседе отырып, артық комиссиясыз төлем жасаған шынымен де пайдалы.

Сайтта қандай қызметтерге төлем жасауға болады?
Ұялы байланыстың кез-келген түріне.
Коммуналдық қызметтерге. Жылу, жарық, лифт, пәтерақы т.б
Үй телефоны. Қазақтелеком, Транстелеком т.б
Интернет пен ТВ. Қазақстан аумағындағы барлық операторларға төлем жасай аласыз.
Жол полициясының айыппұлдары. Сайттан қанша айыппұлыңыз барын тексеріп, бірден төлем жасауға болады. Төлем жасалған соң, сайттан түбіртекті басып шығарып, Жол полициясына көрсетсеңіз болды.
Купондар. Chocolife, Besmart, mirkuponiov, top kupon, blizzard-қа комиссиясыз төлем жасай аласыз.
Косметика Faberlic, mary kay, oriflame, avon.
Қайырымдылық қорларына ақша аударыңғыңыз келсе, ол да қарастырылған. Қалтаңыздағы қаражаттан «Аяла» қайырымдылық қоры мен «Еркін» мейірімділік қоғамына аудара аласыз.
Колеса, Крыша, Олимп т.б қызметтеріне барлығы 200-ге жуық қызметке төлем жасай аласыздар.

ПыСы: қазақ тіліндегі нұсқасын пайдалануды сұраймын.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.