KazNet-те Қазақ тілді сайтқа шолу. #1 Ана мен Бала сайты.

Ал құрметті Айтабер.кз танымдық сайтының қолданушылары сіздерді алғаш шолуды бастамас бұрын алғашқы бұл тақырыптағы мақалам болып тұрғандықтан қандай сайттарға шолу жасайтындығымды айта кетсем.
ҚазНет-те қазақ тілді сайттар жоқ емес көптеп болмаса біраз қатары бар. Интернеттің қыр сырын игеріп, алдағы сайттардың болашағын өз ісінің маманы Аршат ағамыз айтпақшы биыл 2012 қазақ тілді интернеттің жылы болады деп еді бір мақаласында. Мен ол ағамызбен келісемін. Қолым бос кезде интернеттен көрген біршама қазақтілді сайттарға шолу жасап, сіздермен таныстырып ол сайттың қыр-сырлары туралы айтып сіздермен жақынырақ таныстырмақпын. Бүгін алғашқы мақалам Ана мен Бала сайтына арналмақ. Мен таныстырмақ сайттардың тарихын жазып отпаймын. Тек таныстырмақ ниеттемін. :)


Сайт мекені: www.ana-bala.kz
Сайт иесі:Мәліметтер.орг сайтының бір бөлігі.
Сайт қолданатын CMS: wordpress
Ұраны: Бәріміз де анадан тудық, бәріміз де бала болдық…

Сайтқа алғаш кірген адамның алдын көзіне күсетіні күлімдеген сәбилердің жүздері. «Бақыты баланың, бар арманы Ананың!»- демекші әр ана өзінің сәбиінің дені сау болғанын қалайды. Бірақ енді ғана ана атанып немесе жас жанұя атанып отқан жастарға бұл Ана мен Бала сайты өте қажетті таптырмас сайт болып табылмақ. Wordpress CMS — жүйесінің негізінде жасалынған сайтты қолдану өте ыңғайлы. Мәзірлерінің орналасу орны, сайттың ішіндегі ақпараттардың дұрыс жайгасуы алғаш сайтқа кірген адамға тез түсініп өзіне қажетті ақпаратпен сусындауына мүмкіндік береді.
Ана мен Бала сайтының тек аналарға ғана емес, болашақта әке атанар жігіттер қауымына да өте пайдалы сайт болмақ. Сайтты танымдық мақалалармен толтырып отқан редакциясы алқасына да алғысым шексіз.

p.s. Менің бұл тақырыпта сайтқа шолу жасауым алдыңғысы болғандықтан, сіздің көңіліңізден шықпауы да мүмкін. Бірақ алдағы келесі шолуда, шолу жасап жатқан сайтым туралы толық ақпарат беруге тырысамын. :) Сайтқа қандай жағынан жасау керектігі туралы пікірде қалдырсаңыздар болады. Рахмет!

10 пікір

MSHERIMBEK
Өткен жылы Блогкэмп стартап жүлдесін жеңіп алған еді ғой))) Сағын мықты жігіт)))
yerbol89
Аха Садық! Сағын өте тамаша жігіт. Істеп жатқан істеріне шығармашылық табыс тілейміз.
Yasin
Алла жазса алдағы күндерде Ана-бала атты журнал жарық көрмек
Zako
«Жаман сайт. Мақалаларын ұрлатпайды журиктерге» деп, пікірлердің әралуандылығын туғызайын мына жерде :)
AKA
Жақсы сайт! Әсіресе әлеуметтік желілерде «нравится» деп басқан кішкентай сәбилердің суретін айтсаңыздаршы, түүүһ, керемет балалар! Сайттың авторына алғыс, сооондай балажан, мейірімді адам деп ойлаймын. :))
Korkem
Иә, мен жақсы көретін, ылғи кеңес алатын сайт, тамаша!!! +1
Azamat
Сайтты бұрынна бері білсемде дұрыстап кіріп көрмеппін. Жақында ғана ішімен толықтай танысып, оқып жүрмін.
mairosh
байқап көру керек. Менімше барлық аналар кеңес алтын жақсы сайт деп ойлаймын. +1
zhandaulet
Пікір алмасу деген үлкенге де, кішіге де артық етпйді ғой. Болғаны жақсы.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.