KazNet-те Қазақ тілді сайтқа шолу. #2 Интерактивті математика. Geogebra.kz сайты


Келесі кезекте былтырғы Блогқұрылтай-2011-дің Старт-Ап жүлдесінің жеңімпазы болған Геогебра бағдарламасының сайты Интерактивті математика сайтымен таныстыра кетсем қарсы болмассыздар деген ниеттемін. Қазіргі 21 ғасыр ақпараттық технология, бағдарламалар т.б. қарыштап дамыған заманы болдық десек қате айтпаған болармыз. Елбасының өзі жаңа технология, оқушыларды оқытудың жаңа методикаларын, ақпараттаық технологиларды игеру үшін үлкен жаңдай жасап жатқаны баршамызға аян. Осы орайда Блогқұрылтай-2011-ге өзімен бірге Талғат Байназаров Геогебра бағдарламасын толықтай игеріп осы бағдарламаның қыр сырларымен таныстырып, қазақшаға аударып ел игілігі үшін қолдануға болатындығын презентациясында айтқан болатын. Старт-Ап жүлдесін жеңіп, бағдарламаны толықтай қазақ тіліне аударып шықты.
Соның нәтижесінде:
Интерактивті математика
Білім берудегі ақпараттық технологияларға қызығатын мұғалімдер мен оқушылардың порталы
ашылды.

Сайт мекені: www.geogebra.kz
Сайт иесі: Талғат Байназаров
Сайт қолданатын CMS: wordpress

Сайт ҰБТ-ке математика пәнінен дайындалу үшін біршама ақапарттар жинастырылған екен. Оны мына жерден жүктеп ала-аласыздар. Сайттың айдарларында қажетті ақпараттар толықтай рет-ретімен топтастырылған екен. Бұл бір жағынан өте тиімді, қажетті ақпаратты жылдам аласыз. Маған бір ұнағаны тригонометриялық теңдеулерді тиімді жолдармен шешу жолын Талғат видео түрінде көрсеткен сабақтары қатты көңілімнен шықты. Сайтта тек мәтін түрінде ғана емес, бейне сабақтарға толы болғаны көңілді қуантады екен.

Қазақша аударылған Геогебра бағдарламасының негізгі түрі:


Сайт туралы ақпаратты толықтыратын боламын!

6 пікір

qyrmyzy
біздің кезімізде ашылғанда ғой((( математиканы жақсы білетін болар ма ем…
Togzhan
әлі де кеш емес)
MSHERIMBEK
Талғат жақсы жігіт, ісі де тиянақты) Сайты да программасы да жақсы:)
«Осал адамдарға арналмаған жаңашыл сайт» — деп жазады Рафаэллоға сілтеме жасаған "Қазақ айнасы" газеті.
Togzhan
Иә, тамаша сайт! Графиктер салуға таптырмас бағдарлама!
как можно скачать програму
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.