Тұрмыстық кеңестер

Пайдалы кеңестер /
Қайырлы күн достар! Сіздерге үй шаруасында қажет кеңестер беріп өтейін
Шайнек қағын қалай кетіреміз?
Шайнек қағын оңай кетіру үшін күнделікті колданып жүрген ас содасы мен лимон қышқылын пайдалануға болады. Шайнекке суды орталап құйып, оған 2-3 шай қасық лимон
қышқылын салып, жақсылап қайнатады. Бұдан соң шайнекке қайта су құйып, 3-4 ас қасық ас содасын қосады. Қайнаған соң суды төгіп шайнекті жуып алу керек. Сонда шайнектің ішінде қақ қалмай жарқырап шыға келеді.Асыңыздың тұзы көп болып ащы болып кетсе азғантай күрішті немесе ұнды дәкеге(марлеге)түйіп қазанның шетіне салып қойсаңыз ащысын алады. Егер киіміңізге сағыз жабысып қалса, сағыз үстіне қағаз қойып өтектеп жіберсеңіз тез арада тап-таза болып шыға келеді, иіс су таңдауда қиналатынымыз бар біраз иіскесек мұрнымыз иіс сезбей қалады ол кезде кофені бір иіскеп жіберсеңіз мұрныңыз қайта иіс сезе бастайды, пияз турағанда көзімізден еріксіз жас кетері анық, ондай жағдайда аршылып тазартылған пиязды, пышақты салқын суға салып қойыңыз немесе бір шама уақыт тоңазытқышта ұстаңыз сонда көзіңіз ашымайды.

2 пікір

Jako
Өте қажетті кеңестер екен.Әсіресе сағыз жабысқан туралы.
Guka
Және де пияз тураған кезде сіріңкенің басын аузыңызға салып турсаңыз көзініңз ашымайды.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.