Өзімізден бастайық...

Пайдалы кеңестер /
Мен ЕҰУ-да оқимын. Мұнда келген адамға ең алдымен екі сұрақ қойылады: "Қай жақтан боласың?" және «Ол қай жерде?». Павлодарданмын десем болды, маған менісінбей қарап: "Қазақша білесің бе өзі?" деп сұрайды. Намысыма тиетіні-ай!
Біз негізі біреудің мінін өзіміздікінен әлдеқайда жақсы байқаймыз. Қанша тілге шорқақ қазақтарға «шалақазақ» деп айдар тағып қойдық. Көмек қолын созудың орнына!.. Біреудің кемшілігін айта бергенше, өз тіліміздің тазалығынқадағалайық, «паразит» сөздерден құтылайық дегім келеді!
Қайда жүрсек те, алдымызда тұрған адам қазақ болсын, орыс болсын — қазақша сөйлейік. Жауап беруге қиналады, бара-бара үйренеді амалы қалмаған соң!
Қазақша сөйлеген клиентке қызмет көрсетуден бас тартқан сатушыларды талай көрдім. Жасыратыны жоқ, Керекуде ондай жағдай жиі кездеседі… Сондай жағдайға тап болғанда кетіп қалыңыз! Қасыңыздағы достарыңызды да осылай істеуге үгіттеңіз! Келесі дүкен қаншалықты алыс болса да, уақытыңыз қанша тығыз болса да, кетіп қалыңыз! Сатушы сізді түсінбегендіктен қызмет көрсетуден бас тартты деп ойлайсыз ба? Жоқ. Неше жыл ҚАЗАҚСТАНДА тұрып «нан беріңізші» деген сөзді білмеу мүмкін емес нәрсе! Көбі қасақана түсінбеген болады! Ендеше, біз де қайтпайық! Уақыт өте клиенттерінің азая бастағанын көрген олардың тілді үйренбеске амалы қалмайды. Қоғамдық орындардың барлығында бізге қазақ тілінде қызмет көрсетуін талап етейік! Не көнсін, не кетсін ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРІНЕН!!!

9 пікір

Bagashar
павлодар өте керемет қала ғой. мен болғам онда, тектілер шыққан ол жерден
banzaika1990
мен Павлодарда 1жыл оқығанмын, тамаша жер. Ондай «шалақазақтар» барлық жерде кездеседі, амал қанша айтып та жатырмыз, үйретіп те жатырмыз нәтиже болар болмас
meirambek95
kuwti jazilgan nagiz kazakh
qyrmyzy
Сосын қоғамдық көліктерде «Абая — Байтұрсынова» деп айғайлайтын кондукторларға жыным келеді.
AKA
Орысқа жауап беру былай тұрсын, өз қазағымыздың арасында да орысша сайрап жүргендер жетерлік. Алдымен, тілге деген құрметті өзімізден, айналамыздағылардан бастайық. Қалғандарынан да талап етеміз ретімен…
AKA
Қазақтан
Қазақстан болатын шығар ә?!
Jako
Жаксы, өзекті, ойланарлықтай пост екен."Қайран елім"-деген(http://www.kayranelim.com/) Керекуліктердің сайты бар, бірле-бір орыс сөздерін кездестірген емеспін.
VVVWWW
«Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады» демекші осыдан 3-4 жыл бұрынғыға қарағанда қазақ тілінің қолданылу аясы көш ілгері деуге болады. Сен сияқты намысшыл қазақ жастары тұрғанда тілдің болашағына сенімді боламыз.
Тіл-ұлттың жаны, тіліміз құрыса ұлт та құритынын адам санасына қалай түсіндіре аламыз осы? Бауырым, пікірің өте керемет жазылған екен. Біздер, жастар, бірігейік. Өз білгенімізді өзгелерге үйретуден шаршамайық. Алдымен таза қазақша сөйлеуді, достарымыздан талап етейік, оларды да өзгелерге солай талап қоюына жеткізейік!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.