Қызбен алғашқы кездесу: Кездесу

Пайдалы кеңестер /
Отыздан асып барамын,
Тормыз болма, қарағым!

© Жаңа заманғы поэзия жауһарларынан
— Эээ, өткенде жолыққан қызым, телефонын алмайды. Агентте де жоқ!
© Бір жігіттің әңгімесінен
Сонымен екі ай бойы аяқ киіміңді сүртіп дайын тұрған болсаң кеттік кездесуге:) Тоқта, айнаға қарап ал, тағы да, муахаха:) Енді шыға берсең болады.
1) Үйден шығып, аптобусыңа яки таксиіңе отыр да, «Пәленше» деген кафеге жетесің. Енді қыздың келуін күтесің. Қобалжыма, епті-ау! Сен мықтысың, бірақ мұны ешкімге айтпа:)
2) Келген бойда оны әлсін жымия қарсы ал! Қыздың қолының ұшын нәзік қана ұстап сәлемдес. Виртуалдың аты — Виртуал. «Молдаберген!», — деп атыңды айтып ресми таныса салудың да сөлекеттігі жоқ.
3) Есікті ашып қызды бірінші кафеге кіргізуді айтпасам да білетін шығарсың. Бірақ, орындығын ысырып беріп қатты рөлге кіріп кетпей-ақ қой, енді. Бір кезде даяшы келеді. Әуелі қыздан не қалайтынын сұра. Негізі, қыздардың бастары істейді. Ол сенің ыңғайыңа қарай таңдау жасайды. Шәй тапсырыс берсең, ол жай ғана шырын сұрауы мүмкін. Сондықтан жейтін жеңіл тәтті бірдеңені қоса айт.
4) Кездесуден алдын сөйлесіп жүрсеңдер, әрине, ортақ тақырыптарың бар шығар. Бастапқыға солардың бірін сырғытып өте сал. Бұл біраз сенің де оның да ашылуына жақсы ықпал етеді. Өз аузынан естіп қойған нәрселерді қайта сұрай берме. «Тұмаудан амансыңдар ма?», — деп қуып кетсең қыз әлдеқашан отырған жерден кетуді ойша пландап қойған болады:) "Әңгіме айтсай", — деп қыздың түріне қарай берме, ойбай?!:) Одан да тұмау туралы темаң әлдеқайда жақсырақ:)
5) Оның өзі туралы көбірек білуге тырыс. Саған беймәлім болған тараптарымен танысуға әрекет қыл. Есіңде болсын бұл жай ғана танысу. Оған қызық болатындай тақырыптарда әңгіме өрбіт! Бір-бірімен және сырткы ортамен энергия және зат алмаса алатын макроскопиялык денелер мен өрістердің жиынтығы болған термодинамикалық жүйелерге қызығатын болса, ол басқа әңгіме. "Үйіңде неше қызсыңдар", — деген әңгімелер ескірген болса да, көп жағдайда өтіп жатады:) "Әкең не жұмыс істейді?" — деген сияқты сұрақтарды жия тұр. Өйткені, оның әкесі — депутат немесе жеке кәсіпкер:) «Ооо, мамаң ЦОНда істесе барып куәлігімді қайта жасатып алсам болады екен ғой», — деп айтатын болсаң, қыздан мәңгілікке үмітіңді үзе бер. Осындай кездерде сыныбыңдағы/группаңдағы Әбдікерімнің приколдары жақсы өтуі де мүмкін:) Шеберлік керек.
6) Тыңдап үйрен! Алдыңдағы қызды мұқият тыңда. Сөз арасында «Иә, иә», «Дұрыс айтасың», — деп қоштап, қызығушылық танытып қой. Әңгіме сұйылып немесе Үнсіздік аға қайта-қайта келіп орталарыңа араласа бастаса, өзіңді жинап соңғы соққыны беруді ойла. «Мен сені басқаша елестеткен едім, бірақ менің ойымдағыдан әлдеқайда… екенсің. Сенімен танысқаныма өте қуаныштымын!», — деген сияқты комплименттердің құлағын көрсетіп қой. Енді, қыз саған ұнамаса оны әрекет немесе әрекетсізлігіңмен әшкерелеп қойма. Есепті сұратқан соң әмияныңды ақтара салмай, қызға білінер-білінбес қалыпта ақшаны қыстыра сал. 20-30 теңге шегерімді күтпей-ақ қой.
7) Шыққан соң, сәл жүріп серуендеуге де болады. Бірақ, айтарың жоқ болса, уақыт кетірмей-ақ шығарып сал. Ощм, қызда жақсы әсер қалдыра біл, бауырым! Негізі, жігіттер мұның барлығын да біледі. Сен де не істеу керектігін білесің:) Бірінші кездесуде қызда жақсы әсер қалдырсаң, ол келесі кездесуден бас тартпайды.


Қатып қалған қағида жоқ, әрине! Ең бастысы өзіңді дұрыс ұстап, орнымен әзілдессең болғаны. Ендеше, қиялға ерік беріп отыра бермей, тезірек қимылда! Ал, жолың болсын, дос:)

P.S. Қалып кеткен пункттер болса қоса отырыңдар, уа, ұлы да мәртебелі пикаперлер:)

46 пікір

Moldir_96
макроскопиялык денелер мен өрістердің жиынтығы болған термодинамикалық жүйелер...
Хехе, қатырасыз:)))
yerbol89
«Тұмаудан амансыңдар ма?»
Уааа-чаааа ха-ха-а өлтіресің сен де! :)
mairosh
Негізі, қыздардың бастары істейді. Ол сенің ыңғайыңа қарай таңдау жасайды
Осы жері тура кеткен))
«Тұмаудан амансыңдар ма?»
ухахахаха)))
"Әңгіме айтсай", — деп қыздың түріне қарай берме, ойбай?!:) Одан да тұмау туралы темаң әлдеқайда жақсырақ:)
мынаны дұрыс айттың. «фу әңгіме айтсай»))
Umit-Umit
Керемет ойың
qyrmyzy
Сосын кездесу орнын қыздардың айтқаны дұрыс, таңдауды қыздарға беріңіз. Себебі сіздер шақырған жер қызға ұнамауы мүмкін.

Бір тал раушан гүлін,меніңше ең төменгі бағасы 400теңге, сыйлаңыздар.

Сосын бірінші кездесуде екінші кездесу орнын белгілеп алғаныңыз жөн.Сосын тағы жазармын
Yasin
сөз арасында балта сұрауды ұмытпаңдар үйде балта барма деп сосын
ол: иә бар оны қайтесің дейді
сен: жай әңгіме болсын дегенім ғой де ық ық ық :))
Shugyla

цахахахахахах
mairosh
цахахаха балта жоқ балға бар дегеннің өзі бір әңгіме боп қалады екен ғүә. Қызбен болмашы әңгімеде жалықтыратын сияқты.Бір оқиға есіме түсіп кеннііі осы кезде))
qyrmyzy
хехехехеххеее
Manas
«Тұмаудан амансыңдар ма?»
хии,әзілді қатырады екенсіззззз!
AKA
«Молдаберген!»
:)))))) Керемет есім!
«Ооо, мамаң ЦОНда істесе барып куәлігімді қайта жасатып алсам болады екен ғой»
Бұқақақаа © демеске шара жоқ.
Үнсіздік аға қайта-қайта келіп орталарыңа араласа бастаса
:))))))))))))) Ойбай-ай, сөзім жоқ, дәл ғой, дәл! Тамаша кеңестер екен, жігіттердің құлағына мыс, ойй бүгін мереке екен ғо, онда күміс сырға! :)
qyrmyzy
іхіхіхіххі
Meirzhan
Болды. Қыздардың бәрі енді менікі! :)
naimankyzi
Жаксы кенес екен! Кездесуге дайындалып қобалжып журген жигиттерге таптырмас кенес. Мынандай амалдарды жасаса жарасымды жуптар саны курт артатын шыгар)))))
Meirzhan
мен плюс қойдым
kaz007
Тормозға айттың не айтпадың не бәрібір ғо) жағдайыңыз қалай? менің жағдайым ше? деп тура беред
Meirzhan
мойындаудың өзі ерлік, жарайсың!
kaz007
Кешірерсіз, мен өзімді айтқан жоқ едім негізі
pana
ең маңызды моменттердің бірі!алғаш танысып, номерін алғанда қыздың операторы актив болып, сіздердікі билайн бола қалса, басқа/үйде/жатақханада/жұмыста/қыздарыңда билайн номер жоқ па нее??-деп сұрауға болмайды, дұрысы қыз көзінде звондауға уақыт таппай кеткен құпия болып қалу (смайлик қоюды айтып жіберіңіздерші а?)))
MSHERIMBEK
иәәәә, ондайлар да бар:)
Пункт қабылданды:)
bravo
сосен қызбен кездесуге барар алдында дәрет алып, Құдайдан алдын ала кешірім сұрап алған да артық етпес))
MSHERIMBEK
муахахаха, енді мынау да қабылданад:)
bravo
сонда сіз жұмысқа қабылдаушысыз ба аға??????
MSHERIMBEK
5 минуттан соң, есіктің алдында жолығайық:)
pana
кешірім??
bravo
бұл пункт тек біз сияқты күнәхар ахилар үшін :)
AKA
"Әңгіме айтсай", — деп қыздың түріне қарай берме, ойбай?!:) Одан да тұмау туралы темаң әлдеқайда жақсырақ:)
qyrmyzy
Басыңнан өткен ғой деймін!
AKA
Жоға, Құдай сақтасын
qyrmyzy
Сақтансаң, сақтайды менде ондайлар жиі кездеседі, ОМГ!
AKA
Сізде жиі кездессе, жаман емес екен. :))) Менде болған жоқ кездесу, кіттәймын ғҰә әлі :)))
Korkem
муахахах кеЧиии бар апау)
qyrmyzy
Жүрген жеріміз кездесу ғой!
qyrmyzy
! Виртуал деген — осы! Виртуалдағы жаргондар! Қош келіпсіз, Шәйнек мырза!
qyrmyzy
Шәйнек екеніңізді тағы бір рет дәлелдедіңіз!
qyrmyzy
Кездесу орнын белгілей алмайтын жігіттерге жыным келеді! Пантазия сабағын мектепте оқытса екен… Енд соны да қыздар айту керек па?
banzaika1990
Біз қайда шақырса да бара саламыз ғой деп қойсай
qyrmyzy
сол ғой, ұялғанымыздан! Жоқ мына жақа шақыр деп айтпаймыз ғой
didi0393
predvoritel'nye laski ot Serja Gorelogo Sadyk Sherimbeka deeep koimaisynba)))))muahhahah
tursynai
жігіттер виртуалды танысуға уйреніп қалған ғой… әдемі сөйлеп уйреніңдерррррр… смайлик
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.