Google Earth - ға суреттерді қалай жүктеуге болады ?

Пайдалы кеңестер /
Ассалаумағалейкум Айтабер сайтының қолданушылары! Мүмкін Google Earth бағдарламасымен интернет қолданушылар таныс болар (Google Earthтегін). Google Earth бағдарламасы тек ғарыштан түсірілген суреттерді көруге мүмкіндік беріп қана қоймай, дүниенің әр бұрышын "адамдық көзбен" көруге және қолданушыларға контентті көбейтуге қатысуға да мүмкіндік береді.Нақтырақ айтсақ, картаға белгілерді, пікірлерді, суреттерді байланыстыруға мүмкіндік береді.
Ал сіз өз суреттеріңізді Google Earth — ға қойғыңыз келе ма? Сіздің суреттеріңізді бұл бағдарламаға жүктеуге болады және миллиондаған адам сіздің тұратын үйіңізді, қалаңызды немесе сіздің саяхаттағандағы күнделігіңізді көре алады.Мүмкін көптеген қолданушыға өз балконынан түсірілген суретті ғаламтор сервисінде көру қызық болар.
Картаға қарай отырып біз көптеген көгілдір түсті белгілерді көреміз.Олар әр түрлі қолданушылармен жүктелген суреттер.Егер тышқанның батырмасын бассақ, онда сурет жаңа терезеде ашылады.
Google Earth, бағдарламасына тіркелу үшін алдымен panoramio.com сайтына кіріп тіркеліп аламыз.

Тіркелу процессінің өзіндік ерекшелігімен айырмашылығы болмағандықтан оған тоқталып жатудың қажеті жоқ деп ойлаймын.Тіркеліп болып өзіміздің атымызбен кірген соң, "Загрузить" сілтемесін басамыз.
Интернетке жүктейтін суреттерімізді таңдап болған соң, суреттің кішкене үлгісі пайда болады, ал жанында “Привязать фотографию к карте” сілтемесі тұрады.Сілтемені басқан соң, тексттік полеге суреттің картаға байланыстыратын жердің атын жазамыз.Байланыстыратын жерді тауып болған соң тышқанның сол жақ батырмасын бассақ, суретті картаға байланыстыратын жерді көрсететін кішкене қызыл белгіше пайда болады.

Өзгертуді "готово" кнопкасын басып құптаған соң,"я закончил(а)" кнопкасын басу керек бетке өтеміз.
Сурет panoramio.com cерверіне жүктеліп және Google Earth сервисіне қабылдануға қарастырылуға кезекте тұр.Енді тек суретке кезек келіп жеткенше біраз уақыт өтуі қажет (Әдетте ол 2-3 аптаға созылады).Егер сурет сервистің өзіндік ережелерін бұзбаса ол әкімшідікпен қабылданады.

9 пікір

qyrmyzy
Гуглмәпқа әр қазақ өз үлестерін қосса ғой, шіркіннің. Өз басым, үййді сағынғанда картаға кіріп, шатырын көріп қайтамын:)
qyrmyzy
гуглмәпмейкер жайлы пост сұранып тұр екен. Жаза кетсеңіз
ZevsKO
гуглмәп пен мынау жақсы болды негізі керек жерді мап арқылы табасың
AKA
Ық-ық :))
Korkem
ООО Ленгер)))
qyrmyzy
Баратын жеріңе сіңісіп жатырсың ба? Маддис, жарайсың! Үйрене бер:)
AKA
И не?! Не и?! муахаха :))
qyrmyzy
жәрәйсіңи! Леңгірге қазірден үйрене бер, зертте, біл, көр!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.