Махаббат қызық мол жылдар...

Пайдалы кеңестер /
Осы кітапты жаңа ғана бітірдім, бұрыннан бері оқымай не бітіріп жүрсің демеңіздер))) Мен инеттен үзіндісін оқып, толық нұсқасы да солай деген қате оймен жүргенмін бұрындары, сессияның кезінде группадағы бір қыздан осы кітапты көріп, және одан бұрын осы сайттағы бір қыз агентте де айтып еді бұл бір бөлек кітап деп… Бір бастап оқып, соңына жеткенше… Өзім де бұрыннан әсершіл адам… Кітаптан алған әсерімді, толғанысымды, қалай айтсам екен… жан күйімді жасыра алмай осы блогты жазып отырмын. Кім біледі, бұрын мен секілді әр түрлі себептермен оқымаған адам болса, толық оқып шығуға кеңес бергім келеді. Кітаптың соңындағы автордың роман қалай жазылғаны, және біршама хаттарға жауабы да керемет екен. Есенов Ерболдың мінезін баста өзіме ұқсатсам, кітаптың ортасына келе біраз ашуландым. Тіпті Ерболды «Ей, оянсай, босыңды көтер, жан-жағына қара»,- деп жұлқып алғым ақ келді…
Негізгі оқуым әдебиетке жақындығы аз болғандықтан (жоқ емес бірақ), кейбір түсінбеген жерлеріме тоқтала кетейін: оқып отырғанымда ең бірінші көзіме елестеген картина ол, Ерболдың 33 аудиторияға келгенде қатты қысылып, ұялшақтанғандығы. Оны автор Ерболдың 4 жыл бойы сұрапыл соғыста бір қазақ қызының көзіне тіке қарамағандығын, қолынан ұстамағандығымен түсіндіріпті. Дей тұра 1944 жылы Танамен бірге болған 3 күнді, қарапайым күн емес-ау, лирикалық күндер болғанын ескермегені ме? мен автор ағамыздың кітабына сын айтқаным емес, ол дәрежеге жету маған әлі тым алыс, мен тек өз ойымды ортаға салғаным. Екінші **ТҮСІГБЕГЕНІМ:** Басқа да соғыс жайлы кітаптарды оқығанымда қанды соғысты көрген адам қатал, қатты мінезді болып оралатынын жазған. Ал Нұршайықов ағамыздың кітабында Ербол 4 жыл бойы (басынан аяғына дейін) соғыста бола тұра ақкөңілдігі, аузын ашса жүрегі көрінетіні таңқалдырады… қаншама қанды көрген, бірге жүрген жолдастарының өлгенің көріп, керемет соғыстың қиыншылығын көрген жігіт өз мінізін қалай сақтап қалды екен… Және соңғы түсінбегенім, нақтырақ ұнамағаны (ұнамағаны да емес, тек кітіптан алған әсерімді жеткізетін қазақта сөз болмай тұрғаны...) Меңтайдың өлімі… Автор Меңтайды керемет білімді, ақылды, ару қыз етіп бейнелейді де оған біраз ауыртпалақтар салады. Мен баста Ерболдың мінізіне, ойын жасырмай айтатын кең жүректілігіне тәнті болдым, өнеге алғым келді де романның соңында болған жайттардан кейін бұндай болмау керек деген сияқты ойлар да келді. Меніңше Ербол мен Меңтайдан өнеге алу үшін қос ғашықты соңында бақытта ету керек сияқты… Және соңында Меңтай өлгеннің өзінде де Ерболды басқа қызбен бақытта да баянды өмір сүргенің сипаттап кетуін іштей қалап отыр едім, бәрақ олай болмады әттең…

Бұл тек менің ойым, осы керемет, ғажап кітапты оқыған болсаңыз, осы ітіптап түйгеніңізді жаза кетсеңіз, аса ыждағаттылықпен оқыр едім. Әрқайсыларыңыздың осы кітаптақ алған пікірлеріңіз мен үшін маңызды. Назарларыңызға РАҚМЕТ!

28 пікір

Korkem
Құдай-ау, Димаш! Қайда жүрсің? мен мында ашуымды кімнен аларымды білмей жүрмін.))))
Есенов Ерболдың мінезін баста өзіме ұқсатсам
Мына сөзің ып-ырас, дәл сол Ерболдың өзі болмасаң да көзіндейсің...)) Баяғыдан бері сені кімге ұқсатарымды білмей жүр ем..)) Рас, оқиға Меңтайдың өлімімен аяқталады. Дегенімен, мен ол романға титтей де болсын артық сөз айта алмаймын. Аяқ жағын өзімше өзгертіп, Ербол мен Меңтайдың әдеттегідей қосылып, балалы-шағалы болып… роман аяқталды.))))
dimash
Бармын ғой))) жолдас баламның аулыны барып едім қыдырып, бір қошақан алдымнан, шыға келді жүгіріп, деп қуып кетсем иа))) Ең құрығанда Меңтай өлсе де артында баласы қалса да болатын еді… көз алдымнан картиналары кепи қойды…
Jako
Ерболдаң прототипі Әзілхан ағаның өзі де, Меңтайдың прототипі Майра деген Жамбылдық апамыз ғой. Әзілхан аға өткен жылы дүниеден өткенін өздерің білерсіңдер, Майра апамыз әлі бар, Жамбыл обылысында.
dimash
Қателескен жоқсыз ба ағай? әлде мен ба… кітапты да өткізіп жіберіп едім қайтадан… меніңше Майра Ыбыраева апамыз романда Майра Абаеваның прототипі емес пе?
Jako
Мн не Мараның фамилиясы туралы бірдеңе дедім бе?
dimash
түсініспеушілік деген осы екен ау)))

Меңтайдың прототипі Майра деген Жамбылдық апамыз ғой дегеніңізге айтамын да, Майра апамыз ол Майраның өзінің прототипі ғой. Өз атымен романға енген тек сол Майра Ыбыраева апамыз еді ғой. Ал Меңтайдың прототипі басқа адам меніңше ағасы
Jako
Қателесуім мүмкін, кітапты оқып шыққаныма 40 жылдан асыпты, уақыт тауып тағы бір қарап шығайыншы.
Qarakerey
Ал Меңтайдың прототипі басқа адам меніңше ағасы
жөн айтасың, Димаш. Меңтайдың прототипі, қарт ұстаз Нұрғамила Нұрбосынова, Кентау қаласында тұрады қазір.
Kokbori
Дей тұра 1944 жылы Танамен бірге болған 3 күнді, қарапайым күн емес-ау, лирикалық күндер болғанын ескермегені ме?
— Байқамасты байқайсың ау?)))
Guka
Бұл кітапты оқыдым бірақ, көп жылдар бұрын… Тағы да оқығым кеп жүр еді, одан сайын қызықтырып жібердің! Енді табу керек!
akmaral
иә, бұл кітап ерекше*), түк жалықпайсың қайталап оқи бергің келеді.Мен бұл кітапты 4,5 сағ.тапжылмастан оқып шықтым, керемет әсер беретін дуние*)
Sabions
ертең кітапханаға барып осы кітапты алам немесе қазір гуглдеп толық нұсқасын іздейм… Димаш, қызықтырып жібердің…
dimash
қиналмай ақ қой, мен гуглдан тапқанымбар, бірақ комппен оқыса көз аурады екен. бір жағынан ойын басқа жаққа кете береді, ерінбесен кітабын оқы. немесе [email protected] мен агенттен жібере салайын
Sabions
алдым, рахмет… мен кітаптан гөрі комптан оқып үйренген адаммын…
Jako
Мына жерден оқысаң болады, www.adebiet.kz/index.php?option=com_chronocontact&Itemid=23&authorid=61 Толық нұсқасы.
Aspan
ақкөңілдігі, аузын ашса жүрегі көрінетіні таңқалдырады…
батыр аңғал келеді демеуші ма еді.
ardak1996
ия мен бұл кітапты таба алмай ақыры өзіміздің Ерж тауып берген, нақтырақ айтсам соның кітабы.Мен оған сол үшін қарыздармын… бір керемет кітап… Оқып болғаннан кейін 1апта есімнен кетпеді… неге тым болмаса баласы, Ерболдың ұрпағы тірі қалмады? ауруханада Меңтай Ерболға арнап хат жазадығой… шамаса адам өлімін сезеді дегенге сенген секілдімін…
Jako
"Қызыл көрпе"-туралы ешкім ешнәрсе айтпады.
dimash
иааа)) оны қалай жазбай кеткенбіз))) сол жерін оқып отырғанда көз алдына бәрі айдан анық елестейді ғой. автор сол жерін керемет келтірген!
Jako
«Ақ етіңе қызыл көрпе басылып»- деген бе, Димаш?
dimash
Қаншама сезім жатыр ғой осы шумақтарды… Осы өлен шымақтарын Меңтайдын дәптерінің арасына қойғаны да дұрыс болды, сол кезде риза болдым-ау)

Тәтті ұйқының құшағына беріліп,
Жатты сұлу шалқасынан керіліп,
Ақ дидарын, аппақ тәнін көргенде
Бойым
балқып, кетті сезім еліріп.
Ай секілді мандайдағы қиғаш қас,
Беттегі мең — сайда жатқан қара тас.
Дем шығарып кеудесінен жұпардай,
Корғасындай толықсиды қарындас.
Ак етіне кызыл көрпе басылып,
Көкірегі жатыр екен ашылып:
Діріл какты уылжыған кос алма,
Қара шашы
толкындай боп шашылып.
Күнім туып бақ жұлдызым жанатын,
Қымтап, шымқап, жаным рақаттанатын,
Болсам етті, әттең дүние-ай,
сол көрпе Құшып, сүйіп, құмарым бір қанатын.
Дәурен кайда маған оны сүйетін? Т
ым болмаса киімінің киетін,
Не сол көрпе астарының бір сабақ Жібі
болсам денесіне тиетін!
marghan_84
Махаббат жайлы жазылған үздік кітаптардың бірі. 2-3 рет оқып тастағам.
Бір өкініштісі, қазіргі кезде сондай мөлдір махаббат бар ма???????
konvict
Сіздің соңғы сұрақты өзіңіздің басыңызда мөлдір махаббат болмағанымен байланысты. Мен бар деп толық айта аламын
marghan_84
Сіздікі тура романдағыдай ма? )))))
konvict
Менде бар деп емес, мен сенемін деп айтқан, тойыс жазған секілдімін
konvict
Айтайын дегенім, кітаптың оқиға желісі осылай өрбуі оқырман үшін қызықты. Егер, сен айтқандай кітап кейіпкерлерінің бақытты болуымен аяқталатын болса, көптің бірі болып қызықсыз болар еді. Бұл жерде Әзілхан ағаның креативтілігін айта кету керек
marghan_84
Жалпы біздің халық деп алсам ба, жоқ әлде КСРО кезеңінің буыны ма трагедияға жақын. Сол кездегі атышулы әдеби туындылардың барлығында дерлік трагедиялық желіс байқалады. Ал сол секілді шетелдік туындыларды алсақ шетінен «хәппи енд» ))) Білмеймін бұл ненің салдарынан екенін.
dimash
иә, сөзсіз кітіп керемет. Әзілхан Нұршайықов ағамызға респект! Біздің қазақ халқымыз көптеген қиыншылықтарды бастан кешіргеннен шығар біршама кітіптары көңілсіз аяқталатыны…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.