Қарапайым компас жасауды білесіз бе?

Пайдалы кеңестер /
Ассалаумағалейкум АЙТАБЕР қауымы!


Сіз қарапайым компас жасауды білесіз бе? Білмесеңіз жасалу жолын бірге үйренейік!

Қажетті құрал-жабдықтар:



1.Бірінші инені қуатты бір магнитке 100(жүз) рет үйкеңіз (Инені алға-артқа қозғамаңыз, тек бір бағытта айналдыра үйкеңіз, бірақ қолыңызға абай болыңыз!).

2. Стаканға жартысынан асырып су (салқын су) құйыңыз.

3. Тығынды суға қойыңыз.

4. Инені ұқыпты және тепе-тең етіп, тығынның үстіне дұрыстап орналастырыңыз.

5. Стаканды жай жылжытып, инеге зер салып қараңыз. Ине солтүстікті көрсетеді.
Міне компас дайын болды.Ешқандай қиындығы жоқ! Алыс сапарға немесе саяхатқа, аң аулауға шығып жатсаңыз үй жағдайында осындай қарапайым компас жасап алуға болады:)



П\С:Ерінбеймін, жасаймын дегендеріңіз болса, жасап суретке түсіріп, пікірге ілсеңіздер:)

3 пікір

pari
Өз пікірлеріңізді жаза отырыңыздар:)
banzaika1990
үй жағдайында осындай қарапайым компас жасап алуға болады:)
— әркімнің үйінен магнит табыла береріне күмәнім бар
Karakulov
Ормандағы ағаштардың тамырына саңырауқұлақ, мүктер солтүстігінен бастап өседі, қателеспесем, бір жерден оқыған сияқтымын. Сонымен қатар, жемістері оңтүстігінен бастап пісетінге ұқсайды. Егер орманда жүріп магнит таппай жатсаңыз дегенім ғой :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.