Жеке кәсіпкерліктің ашу жолдары

Пайдалы кеңестер /
Қазіргі таңда өз кәсібін ашып, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізгісі келетіндер өте көп. Алғашқы қадамды қалай және неден бастау керек екенін көптің бірі біле бермейді. Жаңадан іс бастаған кәсіпкердің көпшілігі құжат мәселесіне бас ауыртпай бірден жарнамалық агенттерге ақылы қызметтерге жүгінеді. Жеке кәсіпкерлік ашудың еш қиындығы жоқ. Ол үшін;

Алдымен ЖК ашудың еш қиындығы жоқ. Ол үшін сіз өзіңіз тұратын қаланың немесе ауданның Салық басқармасының мекемесіне барасыз

Салық Басқармасының қажет ететін құжаттары;
Жеке куәлігіңіз
ЖКны тіркеу үшін (2011ж-3024теңге, 2012 жылға -3236теңге) 2 айлық көрсеткіш мөлшерінде төленген мемлекеттік төлемдердің төленгені туралы түбіртек
3,5х4,5көлеміндегі суретіңіздің 2 данасы.
СТН
Жеке кәсіпкердің тұрғылықты мекен жайын анықтайтын құжат (Бұл үй кітапшасы немесе жылжымайтын мүлікке иелік етуге құқық беретін құжат болуы мүмкін)
Тіркеу мекемесі бекіткен арнайы үлгідегі өтініш.
Осы аталған құжаттың бәрін, кейін, үш күннен кейін, сізге ЖК куәлігі келеді.

Патент
Жеке кіріс салығы мен әлеуметтік салық, патент бойынша төленетін төлемдер патенттің құнына қарай есептеледі. Құны ЖК кірісінің 2 пайызын құрайды. Мысалы, Алынған кіріс 100тенңге болса, құны 100тг 2 пайызын немесе 2 тг құрайды.
Одан әрі патент құны екі бөлікке бөлінеді. Әр бөлігі бюджетке жеке кіріс салығы және әлеуметтік салық түрінде төленеді. Патент есебі оңай шаруа емес, әрі салық құны бұл бойынша өте төмен болады.

Жеңілдетілген тәртіп
Егер сіз жеңілдетілген декларация бойынша жұмыс жасасаңыз, салықтарды бәрінен шығып төлеуіңізге болады. ЖК кәсіпкерлік қызметтен қандай пайда табады деп сұрақ қойсаңыз, мысалыға, 1000тг кіріс кірсе, жеңілдетілген тәртіп бойынша салық құнының көлемі 3 пайыз немесе 30тг болады. Сіз патент пайдалану үшін, көпшілік мақұлдаған немесе оңайтылған тәртіпке өтініш жазуыңыз керек. Келесі жағдай Көпшілік мақұлдаған тәртіп деп аталады.

Көпшілік мақұлдаған тәртіп.
Көпшілік мақұлдаған тәртіп бойынша, салық салу нысаны, кәсіпкерлік қызметті іске асыру мақсатында өзі енгізген ЖКның кірісі мен шығысының айырмашылығы саналады. Мысалы, Егер ЖК КМТға 1000тг тауар алып, оны 1100тг сатып, салық төлемінде 100тг кіріс айырмашылық болады. Жеке кіріс салығының көлемі ҚР Салық кодексіне сәйкес көпшілік мақұлдаған тәртіп бойынша, 10пайыз салық салыну керек. Мысалы, алынған 100тг кірістен жеке кіріс салығы 10 пайызды немесе10 тг құрайды. Жеке кәсіпкер КМТ шеңберінде жұмыс істеп, ай сайын өзі үшін 2 айлық көрсеткіш көлемінде (2011ж бұл 3024тг, 2012ж 3236тг құрайды) әлеуметтік салық төлеп отырады. Әлеуметтік салық көлемі кәсіпкердің кіріс көлеміне қарамайды.

14 пікір

akil_kalta01
Мәліметіңе рахмет. Өзің кәсіпкерлікпен шұғылданасың ба?
m170785
ЖКны ашып алғанмын
qyrmyzy
Жұмыс іздеп қайтем, осындай бірдене ашып алсам ба екен, ахаха
Manas
диплом қолда, енді жұмыс табылмай жатырма?
qyrmyzy
Сол, диплом қолға әлі тимеді ғой:(
banzaika1990
Диплом қолға тимей жатыр деген сылтаумен жұмыс іздемей үйде жатырмыз ғой сол бізде))))))))))
qyrmyzy
табылар, бұйырып тұрған компьютер мен орындық бар шығар??
banzaika1990
сол орындық жай ағаш орындық емес кожанный кресло болса, компьютер жай экраны дөңес, арты шыққан емес LED мониторлы компьютерден тисе көрім ғой. эхххх......)))))))))
qyrmyzy
Амин! Сәттілік!!!
qyrmyzy
ендеше жұбату — сіздің ғана қолыңыздан келетін сияқты:)
followme_alik
Сәтті… нәтижелі… коммерциялыҚ кәсіпті жүзеге асыру мақсаттарымның біріне айналды.Алғысым, Хех )
Korkem
Ох, «тиіп-қашып» жазылмаған тамаша ақпарат болды)))) рахмет!
AKA
Түсінігіңізді айтып бере аласыз ба?
Ееей жігіттер буларын жарамайд, Себебін істеп кәсіп іздеген адамга Аллах оз несібесін беред, Копшіліктін армандайтыны бір столда отырсам екен деп армандаид, иа жаксы бірақ сен соган шаман келеме жоқ алде жай ғана женіл акша табума осыныда ойлану керек, Ал енді жеке касіпкерлікке келсек бул неггізі улкен мумкіндік, Жалкаулыкка берілмеик жігіттер,
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.