Ауа райы бұзылғанда аяқ қақсап, бастарыңыз неге ауырады?

Пайдалы кеңестер /
Табиғат құбылыстары адам ағзасына әсер етеді сөзсіз. Ондаған тонна атмосфералық қысым тұрса да, адамның ішкі қысымы оның ағзаға салмағын бірқалыпты ұстап тұрады. Сыртқы ортаның жағымсыз әсерленің адамның інкі ағза мүшелеріне мен жүйелеріне бейтараптандырып отырады. Сондықтан құбылыстар бұзылып, ауа райы құбылғанда, адам ағзасы біршама өзгеріп отырады. Ауа ылғалдылығы мен температурасы, желдің соғу күші мен бағыты және күннің бұлтты болғаны өзіндік әсер береді. Қаншалықты күн бұзылса лезде, метеотроптық реакциялар қатты байқалады. Бас ауруы көбінесе күн бірден суытып кеткенде, қатты аяз бол қалғанда пайда болады. Күн өзгерген кезде адамдардың денсаулығы 2 күн сыр бере бастайды. Денсаулығында кінәраты бар нәзік адамдарда қатты байқалады. Қант диабетімен, қан қысымы бар егде тартқан кісілерде бұлтты кезде балтырлары сыздап, аяқтары қақсап отырады. Кальций жетіспеушілігінен, остреортроз аурулары мазалайтын адамдарда қақсаудың зардабын тартады. Көбінесе қала тұрғындарында кездеседі. Медицина тілімен метеопатия деп атайды. Ғалымдар ауа райына тәуелді болудың 4 себебін атап көрсетеді;
1. Тұқымқуалаушылық. Бойында таланты бар ақын, жазушы, сазгер, суретші сияқты өнер иелерінде болады.

2. Адамның туған күнінің ерекшелігіне байланысты.

3. Ауа райы мен ғарыштың біздің ғаламшарға әсер етуі денсаулыққа ықпал етеді.

4. Адамның ұстанатын өмір салты. Күнделікті жүріп тұру, тамақтану кезі.

Адам ағзасына әсер ететін табиғи құбылыстар;

1. Атмосфералық қысымның ауытқуы артериялық қысымды, және қуысты органдар мен буындарды қан қысымын көтереді. Бас ауырып, аяқтың қақсауына осы табиғат құбылысы себепкер. Бұрынырақ жарақат алған буындар табиғат құбылғанын сезеді.
2. Аллергиясы бар адамдар суық ауада шамалы уақыт тұрғанның өзінде тұншығып қалады. Ыстық будан шығып, суы мұздай бассейнге сүңгісе, күнде жүріп келіп, суық суға шомылса қан қысымы ойнап тұрады.
3. Ауа райының жоғары ылғалдылығында гипертония, стенокардия, астма ауруларымен ауырған науқастар заардап шегеді. Өйткені, ауа құрамындағы оттегі азайып, ағзаға қажет болып жетпей тұрады. Содан адам әлсіреп, жұмысқа икемі келмей шаршайды. Ұйқысы келіп, шаршаңқы жүреді.
4. Жел, боран, дауыл ұбылыстар қанның биохимиялық құрамына әсер етеді. Қатты дауыл соғып, бірде күн жылынып жақсы болып тұрса, адамның қан ұйығыштығы артып кетеді. Жоғары температурада болған әсер бүйрекке, қанда минералды заттардың жиналуына әсер етеді. Суық ауада тамыр тромбтары шығып, үлкейіп, сіңіріліп кетеді.
Адам ағзасы күн радиациясынада әсері бар. 75 пайызы магнит өрісі мен ғарыш сәулелерінің әсерінен ауырады. Психикалық аурулар мен жүрек қан тамырлары ауруларына ауырғандар көп кездеседі.

Адам ағзасын ауа райының қолайсыздығынан қорғау үшін;
1. Таза ауада демалып жүргені жақсы

2. Жұмысбасты болса демалыс күндерін көл жағажайларына, қала сыртында болғаны жақсы.

3. Көңіл күйді ұстап стресске бой алдырмау.

4. Арақ шараптан бас тарту

5. Уақытысымен ұйықтау, дене шынықтырып тұру

6. Ысталған, қақталған, ащы, тұзды, тағамдарды көбінше көбірек пайдаланбаған жақсы

7. Жүйке жүйесін қалыпқа түсіру үшін тұнбаларды, пайдалы шәй сусындарды ішкен пайдалы.

8. Дәрілері қалтасынан тастамай жүрсе жақсы

4 пікір

qyrmyzy
Кезінде бір дәрігер: «Енді он төрт жыл бойы аяғың ауа райы бұзылғанда қақсайтын болады» деген. Епті, өтірік! Ауа райы бұзылғанда аяғым қақсамақ түгілі көңіл күйім түспейді
pana
ондай да дәрігер болады екен ау, ужс,
Kinostrov
Жаңбыр жауар алдында аяқ дздздз етед
Zhanat
менім бір аяғым осыдан 5жыл бұрын сыныдырып едім, сол күн бұлтты күні жаман қақсайды
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.