Уикипедия мен Wiki-бәйге

Пайдалы кеңестер /
Ассалаумағалейкум, Айтаберліктер!

Барлықтарыңызды алдымызда келе жатқан Қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Алланың назарында, бақыттың базарында болайық! Бір блог жазайын деп жүр едім, бүгінге бұйырған екен. Бұл жазбамда өзімді таныстыру да, жалпы сіздерге қызықты мәлімет беру де, ой салу да болады деп ойлаймын.

Өзім туралы 3-4 факт айта кетейін. Есімім Нұрлан Жанай, интернеттегі лақап атым Nick Jan. Жасым 23те. Үйленгенмін, бір әйелім, бір қызым бар. IT деген университетте 4-курсқа өттік. Садық Шерімбектің курстас досымын, Ербол Серікбайдың құрдасымын. Қазақ Уикипедиясының 10 әкімшінің (admin дегеннің қазақшасы) ең соңғы сайланғанымын, zhanaoi.kz деген сайттың негізін салушылардың бірімін. Әлеуметтік желілерден жақсысы да, басқа бәле боп тұрғаны да мына Facebookті қолданып жүрмін. Айтабер! блогтұғырларыңыз ұнап жүр. Тақырыптары өте қызық, ең бастысы жастар жазған соң, көріп көз қуанады. Қысқасы, 3-4 факт жазам деп, АЙТАБЕРсек әңгіме көп.

Менің айтайын дегенім, бәріміз бұл жерде бір әріп болса да, жазуымыздан мақсат осы ҚАЗАҚ ТІЛін дамыту, БІЛІМімізді арттыру, АУЫЗБІРШІЛІКті арттыру, ДОС табу, УАҚЫТ өткізу және т.б.
Демек, барлығымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ, көп нәрсеге жетуге болады екен. Бұған мысал, мына қазақ тілді интернет қолданушылар, көпшілігі блогшылар барлығы бірігіп, Тимур Бектұрдың «IT-tirlik» онлайн журналын шығарды. Бұл жақсы жоба болды, ең қуанатыны қалам сияқты шашылып жүрген (Елдардың сөзі — ©2012. BlogCamp, авторлық құқықтар қорғалған) көптеген блогшылар ат салысты.

Барлығымыз Google-дан бір қазақша ақпарат іздесек, алдыңғы қатарда шығатын сайттар Қазақ Уикипедиясы мен Сұрақ-Жауап сайттары. Енді көпшілігіңіз СЖ-ны дамытып жүрсіздер. Әркім білгенінше жауап береді, әйтеуір. Ол да үлкен көмек. Бірақ мына Қазақ Уикипедиясында нақты тексеруден өткен, дереккөздері бар, артық сөзсіз энциклопедия ретінде мақалалар жазылады. Егер біз өз ана тілімізді дамытамыз десек, барлың жер-су, ел, қала, ауыл аттарын, тұлғаларды және басқа да заттарды мақала ретінде салып отырсақ, қазақ тіліндегі сенімді, сахих, ең бастысы қажетті мәліметтер жиналар еді. Енді осы орайда Уикипедия жайлы қысқаша мәлімет.


Уикипедия – кез келген адам еркін өңдей алатын интернеттегі ашық және тегін энциклопедия.

Бұл сайт дүниеде ең көп адам қарайтын бесінші сайт болып есептеледі. Оны әр сағат сайын 5 000 000 адам қарайды. Уикипедия өз құрамына әлемнің 285 тілін қамтиды. Демек, бұл сайтта қаншалықты қазақ тілінде мақала, ақпарат, жазба көп болса, әлемдегі қазақ тілінің де абыройы асқақтамақ. Себебі соңғы жылдары Қазақ Уикипедиясындағы алып барылып жатқан істер әлемді таң қалдыруда. Қазақ Уикипедиясы 128 000 шамалас мақаламен 285 тіл арасында 36-орында, ал түрки тілдер арасында түрік тілінен соң, 2-орында тұр. Бұндай табысқа жетуде осы бастамаға қолдау көрсетіп келе жатқан, қазақ тілін дамытуға ат салысып жатқан Қазақ Үкіметі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, WikiBilim Қоғамдық қоры және т.б. ұйымдар мен компаниялардың, әсіресе, тілге жанашыр азаматтардың еңбегі зор.

Қазақ Уикипедиясын ары қарай дамыту, қазақ тіліндегі бар білімді қол жетімді ету мақсатында өздеріңізге Қазақ Уикипедиясы және Wiki-Бәйге жайлы түсініктеме бергім келіп отыр. Баршамыз осы ізгі іс-шараның, ана тіліміздің дамуына ат салысайық!

Wiki-Бәйге болып жатыр, көптеген Нокиа телефондары мен ноутбуктар өз иелерін күтіп тұр. Соған күніне бірнеше сағат уақыт бөліп отырсақ, көп өтпей сыйлыққа ерісеміз. Осы бәйге жайлы туралы толығырақ және Уикипедияда мақала қалай жазу, түзету, өңдеу туралы мына жерден толығырақ оқып көріңіздер. Айтабер! ге салайын десем, суреттері жазуы өте көп болды, әрі менде уақыт шектеулі болып тұр. Сондықтан дұрыс түсініп, сілтеме арқылы оқи берсеңіздер.


Өткенде Түрки тілдер Уикипедияшылар конференциясында Google аудармашыға қазақ тілін қалай қосамыз деген тақырып көтерілді. Ол жобаны дамыту үшін, яғни Google-дың қазақша аударуы үшін ең бірінші осы Қазақ Уикипедиясындағы мақалалар саны мен сапасы маңызды рөл ойнайды екен. Ол туралы мына жерде толығырақ жазып едім. Жалпы, осы әлемдегі екі алып сайт есептелетін Google.com мен Wikipedia.org ішінде қазақ тілі жүретін болса, ол қазақ тілінің интернетте дамығанын, қазақ жастарының еңбекқорлығын, тілге жанашырлығын білдіреді. Жалпы, әзірге осы. Сұрақтар болса, қоя отырыңыздар. )))

34 пікір

nick_jan1
Бүкіл халықтың түнімен мазасын алып, әрең жаздым ғой ))) Қысқасы, осы тақырыпты бас бетке шығарып жіберейік бәріміз бірігіп
followme_alik
Сыйлық үшін емес, #KZ тілі үшін тер төгіп көрелік (((:
nick_jan1
Сіз бастап берсеңіз онда :)
nick_jan1
Алғаш рет жазған адамға мотивация, қолдау ретінде + деген белгілеріңізді аямаңыздар.
followme_alik
Сұрап алу © құбылысынсыз-ақ плюске татып тұр)
nick_jan1
Білмеймін ғой. Бір-екі рет коммент жазам деп, минусқа кіріп кеткен соң, Айтаберліктерден қорқайын дедім. Сол минусқа кіріп кеткенім үшін екі сағаттан аса уақыт бір блогты қоса алмай отыр екенмін.
qyrmyzy
Кеттік ноутбук пен қалтафон алуға! Қорқпаңыздар, біраз тер төксеңіздер, береді сыйлықтарын. Күәмін.
nick_jan1
Мен Техас деген мақала жазып, телефон ұтып алдым. Екі апта уақыт кетті, бірінші апта ағылшыннан аудардым, екінші апта өңдедім.
followme_alik
енД Шымқала толықтырылса дейм)
Техас… еңбегің ақталыпты.
nick_jan1
Шымқаланың шырайлы жастары толықтыратын шығар
Madi
Мәәәә. ноутбук жақсыыыыыииииии.
Ал, бәйге тағы сол баяғы интернетте өтеді.
ЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫ…
qyrmyzy
аудармаға жақсысың ғой. аударып алып, инет клубқа барып салсаң болады:)
Qarabala_95
Kop maktangandai bop korindinizgoi!kewiriniz artik etse eger!Siz bilip otiriniz + aiamanizdar degendi beitanis adam jazsa bitti qyrmyzy apalarimizdin koli dain tur inwallah aman bolsin siz qarasaqaldin kurstasi ekesniz joliniz boldi ja azil!postka keletin bolsak jaksi eken kop ter toktim dep jazip kerek emes te bizge baribir kerek bolsa aitaberler 1 apta jazar edi men emes arine ja prikol tfu azil kaljin postiniz jaksi eken!!!
nick_jan1
Тер төккенде жазуға емес, мына Айтаберге блог ретінде шығара алмағанымды айттым. Техникалық жағын түсінбедім.
kz_aidar
Мен Мыс металы туралы жазғам. Шетіне инфобокс қоя алмай әбден есім шықты. Бітпей қойды жарықтық…
followme_alik
Тұнған білім… жарайсың.
nick_jan1
Әкімшілерден сұрау керек. Көмектеседі сонда.
Qarabala_95
kop ter toktim dep jazip kerek emes te bizge baribir kerek bolsa aitaberler 1 apta jazar edi men emes arine ja prikol tfu azil kaljin postiniz jaksi eken!!!

Arine deitin aitaberlerdi kore almai otirmin ex!!!
nick_jan1
Бауырым, «көп тер төктім» деп қайда жаздым???
Qarabala_95
Ja zhasiniz ulken eken men jenildim,!
nick_jan1
Бауырым, рахмет саған ))) Алла разы болсын!!!
Qarabala_95
balagattaganinizba jinima tidiniz boldi jazbaiakkoiiniz fludi nesi!
nick_jan1
Бауырым, мен жеңілдім ))) Ұйқтайық, ертең жұмыс бар дегендей
Qarabala_95
xD statusim jaksi bolip kaldi ja aitaberler bir birine ulken kiwileri doskoi raxmet sau boliniz jaksi uiktaniz!
zhurttyn_balasy
Әрине дейтін жері болса дер едім
nick_jan1
Жұмбақтамай нақтырақ айтсаңыз?!
dimash
Бұрындары жаңалықтан "қазақша Уикипедия" жарық көрді дегенді естуші едім, бастамасы жаман емес! Мен де жазып көрейін…
Как раз телефоным істен шығып қиналып жүрмін)
AKA
бір әйелім
qarasaqal
Qos qolymdy kotere qoldaimyn, Nureke!
Otkende eki material salgan edim. Az da bolsa ules qosaiyq dostar! Unikaldy narselermen baiytaiyq.
nick_jan1
Sen qoldasan, Aitaberlikterge jaqsy ulgi bolganyn, Sadkojan!
Jako
Қазақша Уикипедияны қолдана алмай қойдым,қосар дүниелерім бар еді, түк шықпады.
nick_jan1
Сол себептен осы блогты жаздым ғой.
Уикипедияда мақала қалай жазу, түзету, өңдеу туралы мына жерден толығырақ оқып көріңіздер.
zhanaoi.kz/zho/blog/view/254
Madi
Бәйге әлі жүріп жатыр ма?
StrangeR
Әлі де жүріп жатыр екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.