Футбол емес,баскетбол емес ҚАЗАҒЫМЫЗДЫҢ ұлттық ойындары туралы!

Пайдалы кеңестер /
Қазақтың ұлттық ойындары Халқымыздың мәдени асыл мұрасы
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.
Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, — Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқ-ты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, тө- зімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен».
Рахмет! Жақсылықта жүздескенше!

5 пікір

AKA
Көшірілген мәлімет үшін үлкен минус!
Qarabala_95
men kowirmedim kitabim bar sodagini jazdim allahu akbar!!! sait emes kitapptan tokiganimizdi alip jazu kinama eken ai magan surak koip bolganson jazuiniz kerek edi men kinalatin tugim jok siz minustai beriniz men aitaberler uwin jazdim!raxmet
AKA
Кітабыңыздағы мәлімет ғаламтордағы мәліметпен тура келеді екендаЧы. Тіпті үтір, нүкте, сызығына дейін…
m170785
бала шаға ғой, Ака ))
Qarabala_95
Mxm galamtorda bar eken kitaptagini wigargan goi utir nuktesimen osilai jazdimgoi!RaxmeT1
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.