Бал (мёд)

Пайдалы кеңестер /
Бал — бұл жай тәтті өнім ғана емес. Оның керемет дәрілік қасиеті бар. Жүрек-қантамыр жолдарын емдегенде қолдануға кеңес беріледі. Бауыр, бүйрек, асқазанды емдеу кездерінде қолданылады. Ертеде Авиценна таңертеңгілік анар, түсте пияз қосылған тағам, ұйқы алдында бал жеймін, қанның тазалануын қамтамасыз етеді деп айтқан екен. Ежелгі Грекияда және Римде тыныштандырушы дәрі ретінде қолданылыпты. Балды ұйқысыздық кезінде жеуге кеңес береді.

Бал құрамындағы микро элементтер түрлі дертпен және зат айналымы бұзылуымен ауыратындарға шипа береді. Мысалы, марганец пен темір асқорытылу процесін жылдамдатады. Калий мен магний (олардың жетіспеуі ерте қартаюға алып келеді) организм үшін өмір нәрі деп айтсақ та болады.

Бал құрамында аскорбин және никотин қышқылы, биотин, провитамин А — каротин, В дәрумендері (В2, В6) және т.б. кездеседі. Олар орталық жүйке жүйесін сақтап күшейтеді, қан айналымын жақсартады, инфекцияға қарсы тұруға мүмкіндік береді. Каротин, аскорбин қышқылдары және тиамин көздің көру қабілетін жетілдіреді.

Балдағы 90% көмірсутектерді глюкоза мен фруктоза құрайды. Олар жеңіл сіңіріледі, қосалқы энергия көзі ретінде қолданылады. Фруктоза мен глюкозаның бал құрамында болуының өзі оны инфекциялық гепатит бауыр циррозасын емдеген кезде қайталанбас өнім етеді.

Балды емдік мақсатта қолдану кезінде шырын, жеміс-жидектермен бірге қолданған дұрыс. Ересектердің диетасына 60-100 г бал енгізуге болады (жасөспірімдер үшін екі есе аз). Қолдану керек: таңертеңгілік 30 г, түсте — 40 г, кешке — 30 г. Ас ішерден 2 сағат бұрын немесе астан кейін 3 сағаттан кейін қолдану керек.

Пайдасы:

жүрек-қантамыр жодарын емдегенде;
бауыр, бүйрек, асқазанды емдегенде;
микроэлементтерге бай;
көздің сауығуына;
организмнің зат алмасуын реттейді;
күйіктер мен жарақат көздерін емдеу кезінде;
гастрит, язваны емдегенде;
тынысалу органдарынын жұмысын қалпына келтіреді;
инфекциялық ауру түрлерінін алдын алуға септігін тигізеді; т.б.

Пы/сы: Пы/сы: Ақпарат bugin.kz сайтынан алынды.Достар ауырмаңыздар,әрқашан дендерің сау болып жүре беріңдер!

31 пікір

Korkem
Салатыңды байқауға қашан саласың, қыз-ау?!
Ais_97
Көркемжан соған рецепті керек болып жүр,қандай жақсы салаттарды білесің, рецептісімен?
Korkem
қызанақты (помидор) үшбұрыштап, әдемілеп тура да, сосын қиярды (бәдіренді, огурецті) қабығының жартысы аршып, жартысын аршымай қиғашынан екі-үшке бөлвтаста да, қызанмен арластыржжівер. Сосын тұз, бұрыш майонез араластыруды ұмытпа. Аталмыш заттар магазинде сатылады. Түсіндіре алдым бааа?
Korkem
айтпақшы, магазиннің қазақшасы — дүкен
Ais_97
түсіне алмадым,өзім интернеттен қарармын, жарайды ниетіңе рахмет!
Korkem
сен үшін іздеп келіп едім, ұжыС!
Ais_97
ренжімеші Көркем!
AKA
Мә-лә-дес!
Manas
мынаны мен жасаймын))жоламаңдар)
Ais_97
не айтып тұрсың Манас?
Korkem
фанатыңнан сұра
Ais_97
Хехе фанатым АКА!
AKA
Не жырқыл осы сіздердікі?! «Мазақ па сізге ақ тырна, тойыс Айсара?!», болды енді флудтай бермей. Бастап берсе осы…
Korkem
муахахах бастап болып, тағы жалғастырып. Жыртылмай жазшиш
AKA
Жыртылмай
Сөзім жоқ! Соңғы уақытта тым мәдениетті боп барасыз…
Korkem
жақсыдан үйреніңіз
Ais_97
АКА бұныңыз не,өзіңіз де жырқылдап күлетін едіңіз ғой!
AKA
Одан әрі жалғастырмаудың амалы, әйтпесе әңгіме-дүкен боп кетеді бұл жазба. Дұрыс түсін!
Ais_97
ия оданша конференция ашып агентте сөйлесейік!
Korkem
соны айтамын
AKA
Саған тиіскісі кеп тұр-ау шамасы, айтеееп, айтеееп тасташ
Zhanat
мына салатты мен жасай аламын)))
Korkem
жауапсыз қалмасын деп қоя салдым енД))
AKA
Уа-чааа! Айсараның жазбасы, фанатыңмын.
Ais_97
хехе фанатым болғаныңа рахмет!
AKA
Негізі басында, «Иә, мен негізі жұлдызбын» деп айтылуы керек еді…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.