АРҒЫН & ARGYN

Пайдалы кеңестер /

Лондон олимпиадасында бокстан 9 ер, 2 қыз ел намысын қорғайтыны белгілі. Қос бұрымдының бірі Марина Волнова болса, екіншісі елімізде қыздар арасында тұңғыш болып олимпиада жолдамасына қол жеткізген Саида Хасенова. Саида 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 15 жасынан бастап каратэ, кикбоксинг, тайбоксингпен айналысқан ару 2005 жылы бокстан бағын сынады. Нәтижесі жаман емес, еліміздің 6 дүркін чемпионы, ал 2010 жылы Азия жеңімпазы атанды.

Саида Олимпиадаға жолдаманы Қытайда өткен әлем біріншілігінде 63 қыздың ішінен үздік сегіздікке кіру арқылы иеленген болатын. 60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайтын арудың отбасы да спорттан кенде емес. Анасы Ләззат жас кезінде шаңғымен айналысса, әкесі футбол, волейбол командаларында ойын көрсеткен. Ал ағасы мен әпкесі басқа саланы тізгіндеген. Үйінің кенжесі Саидаға әкесінің артар сенімі мол.

Қазірде спортшыларымыздың Лондон олимпиадасының ашылу салтанатына киетін киім үлгісі де дайын. Бұл киім ұлт намысын қорғайтын Саиданың тағамына сай болып шықты. Олимпиада қарсаңында спортшы қыз екі мезгіл жаттығу жасауда, әрине қарсыластарынан оқ бойы озық болу үшін төгілген тер де мол болу шарт. Жүрегінің түгі, білегінің күші бар спортшылар ғана әлемдік ареналарда көк туды желбірете алады. Ал көк туды желбірету талмай жасаған жаттығудың жемісі.

Бейжің олимпиадасында Бақыт Сәрсекбаевтың алтыннан алқа тағуына зор үлесін қосқан жаттықтырушы Кәрім Махмудов қазірде Саиданы жаттықтыруда. Әрине, Бақыттың жеңісін осы шәкіртінің қайталайтынына сенімі мол. Бокстан олимпиадаға жолдама алған тұңғыш қазақ қызының жеңіс тұғырынан көрінетініне үмітіміз мол. Шаршы алаңда ширақ қимылдай білетін Саида сол үмітті ақтап, Лондон төрінде әнұранымызды шырқатады деп сенейік.

P.S: Тақырыпты не үшін " АРҒЫН & ARGYN " деп қойғаным түсінікті деп ойлаймын))

Арғынның айтары осы…

13 пікір

Korkem
Блог пен тақырып қате таңдалған!
Лондон төрінде әнұранымызды шырқатады деп сенейік.
«он саусағынан өнері тамған» блогына мұның не қатысы бар?
Jako
Спорт та өнердің үлкені емес пе?
MUZBALAK
Jako! Көркем атты құйты қызды өшіріпсің ғой. Спорт, дұрыс айтасың өнердің атасы.
Korkem
Негізі адам өз қандай болса өзгені де сондай деп ойлайтыны рас. Маған тимесең ішкен асыңның бойыңа тарамайтынын, сосын нете алмай отыратыныңды түсінемін. Иә, мұрныңды боққа тығарсың сен бір күні!
Argyn
Мұзбалақ артық айқайласып қайтеміз, алда ораза айы келе жатыр… сабырлы болғанымыз жақсы…
Korkem
Аға, спортқа да арнап блог ашып қойып едік.
Argyn
сабыр түбі сары алтын… алда ораза келе жатыр Көркемжан… ренішің болса кешір мені… бассалып ұрысуды қойсаң қайтеді осы…
AKA
Биыл бірінші рет қыздар арасындағы боксқа Қазақстаннан спортшылар барады екен. Саидаға сәттілік, ел болып жанкүйер боламыз. Жеңіспен оралсын, инш!
Пы.Сы. Вааай, менің ағам — крәсәпшік! :)
Korkem
Пы.Сы. Вааай, менің ағам — крәсәпшік! :)
пах, шіркін! Өткізе алмай жүрмін де?
Argyn
Мәәәә, неге айтыс тартыс қылып жібергенсіңдер… Көркем айналайын, саған не болған? әркіммен бір ұрысып біттің ғой. Өткізе алмағаны несі, 17 не беташар, ауылға кел! Үйленейін деп жатырмын!
Argyn
Інім-ау сені шақырмай не болыпты… 17 шілде күні иншаллах беташар… сені арнайы шақырып отырмын… Ербол, Саска, Сен, қозыны да ерте кел...))
Argyn
ия,, сөйтеткін… бұрын соңды ел көрмеген беташар ұйымдастырып жатырмыз… қызықтан құр қалып кетпе...))
Korkem
Сөз ұқпайтын не деген аяр едің. Әйеліңді аяймын…
Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!