Мұсылман косметикасы

Пайдалы кеңестер /
Сәлем Айтабер ауылы!
Арулар,құлақ түріңіздер!
Сіздерге қысқаша ғана шолу жасап өтейін.
Халал косметиканың жаңа түрінің негізін Канадалық визажист-Лейла Мандиқалаған екен.Канадада туып өскен, визажист мамандығы бар Лейла, белгісіз себептермен мұсылман еліне көшіп барады екен.Ол елде біраз тұрақтап ислам дінін қабылдайды.Ислам дінін зерттей келе ол қыз мұсылмандар үшін шошқа еті мен спирттік ішімдіктердің тыйым салынғандығын біледі.Және де, ол елдегілердің әйелдері кәдімгі біздің қолданып жүрген «Mary Kay», «Oriflame», «Avon» сынды фирмалардың косметикаларының сатылымда екенін байқайды.Әрине, оның ішінде мұсылмандарға жат харам нәрселер бар, мысалы спирт, шошқа майы міндетті түрде… Ал ондай косметиканы жағар болсақ спирт пен шошқа майы терімізге сіңіп, организмге тарайды..(құдай сақтасын)Осы жағдайды пайдаланып Лейла Манди халал косметиканы өндірушілерді жинап, компания құруға бекінеді.Бірақ бұл фирмаға дейін Амара дейтін де компания болған, бірақ интернетте видеоларынан басқа мәлімет таппадым.Компания атын жалғыз кіршіксіз таза деген мағынамен-«OnePure»деп атайды.
OnePure-барлық иманы бар қыздарға арналған,Құрандағы тыйым салынған заттарсыз, яғни-Карминсыз(кошенилден алынатын,әлемдегі ең кең таралған қызыл рең беретін бояғыш зат,ол затты тіпті 2006 жылы Coca Cola-ға қосылатыны туралы анықталды), алкогольсіз және шошқа майы бар заттарсыз косметика.Бұл сауда линиясын Malaysian Islamic қолдаған екен.Қазірде OnePure маркасынан бағасы 125 АКШ доллары, яғни бізше18500 тенге тұратын,құрамында ағартқыш лосьондар, тониктер, ылғалдандырғыш гельдер мен көз айналасына жағатын кремдері бар жол сөмкесін шығаруда.

Мен өзім дым косметика қолданбаймын, сондықтан да сатып алып көрмеппін әлі, сондықтан да қыздар,әлі де кеш емес, косметичкаларыңызды жаңартып көріңіздер,таза, халал нәрсемен қолданайық!Өз қалаңыздағы дүңгіршектерде немесе арнайы мүсылмандарға арналған дүкен болса сұрастырып көріңіздер!
Назар аударғандарыңызға рахмет!

3 пікір

AKA
Косметиканы аса қатты қажетсінбеймін, бірақ ақпарат үшін рахмет. Опа-далаптарға да шошқа өнімдерін қосатынын енді білдім, бұл ақпаратыңды қарастырып көру керек екен.
MUZBALAK
ооооооой де))))))))))))))
qyrmyzy
вай, боянбаймыз ба енД?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.