Басты солтүстікке бағыттап ұйықтаудың маңызы

Пайдалы кеңестер /
«Бұның маңызы қанша?», «неге солтүстік?», «Ал басқа жаққа қарап ұйықтаса не болады?» деген сұрақтар туындаған шығар сізде де.

Таңертең сергек, жақсы көңіл күйде ояну үшін адам жатарында басын солтүстікке бағыттап ұйықтау керек екен. Сомнологтардың (ұйқының бұзылуын және қорылдауды емдейтін дәрігер) — айтуы бойыша басты солтүстікке қаратып ұйықтағанда ғана адам Жердің электромагниттік өрісімен сәйкес келеді екен. Егер жататын бөлмеңіз солтүстікке сай келмесе, керуетіңіздің басын шығысқа қаратып қоюға болады. Ал оңтүстік пен батысқа қарату қауіпті көрінеді. Болгария елінің ғалымдары зерттей келе мынадай тұжырым жасапты: адам ұйықтағанда қатты қорылға басса онда оның керуетінің бағытын солтүстікке бұру керек. Жердің электромагниттің өрісімен сай келмесе, адам бойындағы қуат оған қарсы келеді. Ол жердің электромагниттік өрісін жеңе алмасы анық, сол себептен адам қатерлі ісік ауруларына шалдығу қаупі де жоғарылайды екен.

10 пікір

AKA
Есте болады, бірақ қатты шаршап тұрсаң солтүстік па, басқа ма қарамайсың ғой. :))
Togzhan
иа… оныңыз жөн)
mairosh
сергек оянғың келсе қарауға тура келеді. Ұйықтап жатқанда бастырылып қалу да осының әсерінен болса керек.
AKA
Сергек оянуым басымның солтүстікке қарауына қарап тұрған жоқ. Аллаһқа шүкір, сергек, күліп оянамын, басымның қай жаққа қарағанына қарамастан…
dimash
ой я! құтты болсын! сен-ақ сергек оянш
Jako
"Ұйқың келсе қара тас мамық болар..."- дейсің ғой.
konvict
Мұсылмандар басын құблаға қарату керек дейді ғой
Jako
Мен де осы ұстанымды көңілге қонымды деп ойлаймын.
Togzhan
Өзім бірдеңе біліп жүр екенмін ғой)
Tyerbol94
Батысқа қаратып жату керек, Батыс. Тек қана Батыс.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.