«Жаужүрек мың бала» фильмінің DVD нұсқасы шықты

Пайдалы кеңестер /
Отандық кино туындыларының ішінде соңғы уақытта жарық көріп, қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленген режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» атты тарихи драмасының DVD нұсқасы шықты. 5000 таралыммен екі тілде жарық көрген жаңа таспаларды фильм кейіпкерлері, бүгін салтанатты рәсімге келген Алматыдағы №1 балалар үйінің жеткіншіктеріне тегін үлестірді. Қазақ халқының рухын биіктететін, ынтымағын нығайта түсетін нағыз патриоттық фильмді, енді еліміздің шалғай аймақтарындағы жұртшылық тамашалай алады. Естеріңізге сала кетейік, «Жаужүрек мың бала» фильмі 17 мамырда Францияда өткен 65-ші Канн кинофестивалінде шетелдік мамандардың назарына ұсынылып, жоғары бағаға ие болды.
Асылхан Төлепов, актер:
Фильм 15-16 жастағы, әлі бұғанасы қатпағанына қарамастан, келген жауға тойтарыс беруге ұмтылған жас жеткіншектер туралы. Және сол балалардың Отанына деген сүйіспеншілігі, ата-аналарына деген махаббаты арқылы біздің бабаларымыздың ерліктері көрсетілді, деп ойлаймын. Әрбір қазақтың жүрегінде патриоттық сезім болса, осы кино бәріне ұнар еді.

Ақпарат мына жерден!

4 пікір

Nursultan2002
Пікір жазайық!
torpedaip
Фильм өте беделді, қызықты, Меломаннан қымбатқа лицуха сатып алуға арзиды.
Kinostrov
Уже бәрі көріп тастад не керек ешкім алмайтын да болар, алдын ала шығармаған соң
kozy
Теледидардан көрсетіп тастады. Халықтың бірәзі көріп қойды!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.