Еркек үйге асығу үшін...

Пайдалы кеңестер /
Еркекті үйге, яғни күйеуіңізді үйге асықтыратын жанұя жылулығы. Жарының жылы қабағы ынтықтырып тұрады. Үйден шығарда, сәттілік тілеп, мұнтаздай етіп, тағатсыздана күтетініңізді наздана жеткізіп, ауладан ұзағанша, артынан қарап тұрыңыз. Бұл күйеуіңізге өте жағымды әсер. Сіздің өзіне деген құштарлығыңызды сезініп, қайта үйге оралғанша асығады. Үге асықтырудың 6 амалы;

1. Ол келгенше, үй ішін тазалап, барлық затты орын орнына қойыңыз, немесе ауыстырыңыз. Бұл оның көзіне түсірер басты қағида. Есікті ашқанда, тынысты кеңейтетін жұпар иіс аңқып тұратындай болсын.

2. Босағадан енген сәтте қабағына қараңыз. Күлімдеп қарап қойғанның артықтығы жоқ, бұл сәл шаршауын басады. Күлімдеген жанарыңызға қарап оның қабағындағы ашудың ұшқыны да қалмайды. «Күлімдеу» деп аталатын жалынға ерімейтін мұз жоқ. Жымиып қарсы алыңыз. Отырған кезде, өзі сөз бастағанша, әрнәрсені қазбалай сұрай бермеңіз. Өйткені миы тынығу керек. Күні бойы немен айналаысқаныңызды да айтып тікбектей бермеңіз.

3. Үй шаруасындағы әйел болсаңыз көркіңізге мән беріңіз. Бұл оның шаршап жүрген кезіндегі сізге қараудың басты қаруы. Келбетіңіз бен сымбатты жүрісіңіз, жинақы киіміңізге сүйсінетіндей құмартатындай болсын.

4. Күн сайын әр түрлі бір біріне ұқсамайтын түрлі тағамдар, сусындар, тәттілер әзірлеңіз. Кейде оның ас үйге кірері анық. Қарны тоқ, көңілі жай адам өз үйінен безбейтінін естен шығармаңыз.

5. Ер адамдар күні бойы «Жұмыс ертерек бітсе, үйде тамақтанып, теледидар алдында тынығармын» деп жүреді. Бұл барлық адамның ойы. Күйеуіңіз келгенше, балаларыңызды тамақтандырып, қажетісін орындап үлгеріңіз. Шаршап жүрген оның жүйкесіне шулаған, жылаған баланың айқайлары әсер етеді. Ескертіп отырыңыз.

6. Кейде ол болмашыдан ілік іздеп, ашу шақырса, қабақ шытып, қарсы шықпаңыз. Отағасы болған, түздің адамы болған соң оныкі дұрыс. Қасына отырып, басу сөздер айтып, сабырға шақырыңыз, әңгімеге тартыңыз. Таза ауаға дем алыңыздар. Бұл оның жүйкесі мен шаршағанын басатын амал.

46 пікір

qyrmyzy
Көркем, бері келші, мынаған жауап жазу керек екен. Әйелдер осылай жүре берсе, бір күні үйіңізде Нагасакидегідей бомба жарылуын естен шығармаңыз. Әйеліңіздің әрбір істеген жұмысына мақтау айтып, ішіп отырған тамағыңыздың тұзы ащы болса да, «дәмді екен» деп айтуды ұмытпаңыз. Жалақы, премия алғанда гүл сыйлап, керек-жарағын әперіп тұрыңыз. Отбасылық демалыс та жанұя жылулығын арттыруы сөзсіз.
Korkem
Мақсаттың, әр айтқан сөзімен келісемін. Сөзіңнің жаны бар, сенің айтқаның еркектерге кеңес болса, ал бұл әйелдердің отбасы бақытын сақтаудың таптырмайтын тәсілі деп білемін. Қазіргі қыз кездегі еркелігімді айтпағанда, бұл менің тәрбиеме жатады.)))
m170785
Тойға шақырсаңыз, сіздікі де осылай болар ))
Korkem
Әбизәтілні тойға шықыру керек пе?
qyrmyzy
ойыбай, ойыбай, мен не дим, сен не дейсің???? Пікірімді қайта оқып шықшы, плииииз! Неткен қыз едің, дайын тұрсың ғой, дайын! Отбасын сақтау — біржақсы емес екенін айтқым келген. Постқа қатыысты әйелдер тарапынан да ұсыныс айтайық дегім келген. ық қы, пікіріңдііііссс
AKA
Тәубеңізге келіпсіз, сендім.
Zhassiko
Тәәк, Үйге келіп, жұмыс істедім деп аяғын аспанға қаратып, тоңқайып жататын еркек\жігіт атаулымен үш қайнаса да сорпам қосылмайды, ондайларды ше сыпыртқымен қуып шығару керек ық-ық, әзілім ғой…
Шын мәнісінде, күйеу де әйеліне масыл болмай, жасаған тамағын бір мақтап қойса; "әйелді бастан"… дей бермей, жағымды комплимент айтып тұрса; кез-келген ауыр тірлікте жанында табылса; ең бастысы, айлық, я ақша қолына түссе ішкілікке салынбай үйге ең бастысы продукты, анау мынау, заттар әкеліп тұрса, қақаңдап кетеміз ғой.
Karakulov
ееемое)) Осы күнге дейін Жассиконы ұл екен деп жүрсем акк-на қарап. Ішіне де назар аудармаппын-ау, а))
m170785
Қарақұлов қарау керек ондайда, назарыңнан бұндай ерке сылқым өзіңіздікі болып қалса шіркін, назарыңыз берік болсын, бастысы назарыңызды жоғалтпаңыз ))
MSHERIMBEK
ол қыз заниыт ойыбай:)))
m170785
Қарақұловқа Көркемді емес, мына әмпей жәмпей болып отырған екеуін айтамында ))
MSHERIMBEK
охоооооооооооооооооооу! неткен керемет түсінік, мына қыздыкіііі))) болды, ініім, басқасын қой, осы қызды аламыз:)))
m170785
Саке той жасап жіберейік, қыз айтабердікі, той біздікі деп ))
Zhassiko
ойевоой, неболыКетті, мына жақта уже той жасап, қызды-қызды болып кетті ма?
Если шо мен Сұрақ-жауаптанмын…
Korkem
ең бастысы, айлық, я ақша қолына түссе ішкілікке салынбай үйге ең бастысы продукты, анау мынау, заттар әкеліп тұрса, қақаңдап кетеміз ғой.
сонда да ойыңыздан бас тартпайсыз ба?
MSHERIMBEK
Еркелеп дегені шығааар:)))
Korkem
«Күліп тұрған бетті ашулы жұдырық ұра алмайды» деңіз. Уақытынан бұрын жазылған пост екен.)))
m170785
Әйтеуір Көркемге ұнапты ғой, пікірін енді көрдім ))
assetova
Дұрыс-ақ. Осыған ұқсас дүниелерді көп оқимыз. Интернеттен болсын, журналдардан болсын. Былайша айтқанда «ИНСТРУКЦИЯ» біз үшін. Ал ерлерге арналған инструкцияны әлі көрмеппін. Бар ма екен өзі??? Міне, соны жазу керек, айта-айта мына тақырыптың тізесі шығып кетті әйтпесе!
Korkem
Бар, бар. Несі бар, керек десеңіз, жазудан мен қашпас ем)))
AKA
Бәсе, бәсе, "Қалай ғана тәубесіне келе қалды?" деп ойлап отыр ем, позицияңыздан таймапсыз ғой әлі, жазыңыз онда, сіздің талаптарды оқиық.
Karakulov
Бұл тақырыпқа қатысты айтарым, еркек — жанұяның құрушысы, әйел — сақтаушысы ғой. Қанша жерден атша шауып, ақшаны күректеп тауып жатсаң да жанұя жылылығы әйелге тікелей байланысты.
Korkem
Сөзім жоқ. Дегенімен осыны біліп алған еркектердің әйеліне көпшіліктің көзінше: «байыңның жайн білесің ғой» деп шіренгенін де көрдік. Таяқтың бір ұшы еркектердің де қолында, мұны да ұмытпаған жөн.
Karakulov
мхм мхм, келісемін, пікірлеріңіз ойымды толықтырып тұр екен!
деп айтсам, құдды бір мәдениетті адам сөз сөйлегендей болады екен, ә?))
AKA
Мұның бәрін жасамаса несіне әйел болады онда? Дұрыс, әйелдің міндеттеріне кіреді ғой, соған сәйкес еркектің де өз міндеттері бар. Көркем, жаза ғой қәне:))
Togzhan
Хабарстар ма, Хабарстарс па бір бағдарлама болып жүр ғой. Алдыңғы күні, ТД қосып қалсам сол болып жатыр екен. Сонда мынадай әзіл айтылып еді:
Ері: Үйге келгенде, шәпкем сол жаққа қисайып тұрса, қарным аш, тамақты тезірек дайында дегенім, егер оң жаққа қисайып тұрса, көңіл-күйім жоқ, орынсыз сөйлеп, мазамды алма дегенім!---ДЕСЕ)
Әйелі: Егер сен жұмыстан келгенде, қолымда оқтау тұрса, сенің шәпкеңнің қай жаққа қисайып тұрғанында шаруам жоқ! (дептіі)
Сол сияқты…
Zhanat
осы айтқандарды орындайтын қыз бар ма екен?
qyrmyzy
«Жоқ, ойбай, ондай қыз жоқ қазір» деген пікірді оқығыңыз келіп отыр ма?
Zhanat
мен бармын деп айтатын қызды күтіп отырмын, сіз сияқты
m170785
Қырмызы ол орындайды
m170785
Қырмызымыз бәрін істейді
qyrmyzy
ық қы, сенімді айтып тұрсыз ғой, жүдә?!
m170785
астаһфируллах, қой қартайғанымыз жоқ әлі
MSHERIMBEK
Әлі бұддаға тәуекел етуге шама шарық бар дещ:)))
m170785
қара сақалың сапсиып қатырасыз
MSHERIMBEK
Сіз секілді осы заманның Иоллығ Тегіндері аман болсыншы:))
Manas
Күн сайын әр түрлі бір біріне ұқсамайтын түрлі тағамдар, сусындар, тәттілер әзірлеңіз.
Ту, шіркін ол заман қайтіп келмейді))
qyrmyzy
ық қы, ажырасқан адамның әңгімесі ма?
m170785
астаппыралла
Manas
жоооооқ, андай әйелдер бұрынғы заманда кетіп қалды-ау деп жатқанымғо))
qyrmyzy
бәсеее, шошып отыр ем
didi0393
Қырмызы ханым сіз қай жылғы боласыз
Jako
Мені тыңдаңдар мұның бәрі 42 әріпті әйтеуір бір жерге қолдану керек қой дегендердің ғана әңгімесі.Өмірде бәрі басқаша, бәрінің де орны бар,қатып қалған қағида,қолдан құрған заңменен өмір сүру өмір болып есептелмейді, ол кино кәдігімгі.Өмір деген ол өмір ғой.Жазуға ұзақ,әрі өзім де онша түбегейлі біле бермеймін(((
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.