Бақытты әйел болудың 5 қарапайым ережесі

Пайдалы кеңестер /
Егер сізден бақытты әйел кім деп сұраса, не деп жауап берер едіңіз? Әр әйел, әр қыз келіншек, әр нәзік жанды атаулы қыздар өзінше бақытты. Бақытты болудың 5 ережесі.

1. Ең алдымен әйелге керегі ақыл. Ақылды әйел қиналған шақта қатыгездікке бармайды. Серігі сүрінгенде, сенделіп кетпестен демеу бола біледі. Қай кезде де сабыр сақтап, қосағына ақыл қосқан әйелдің жанына бәрі үйір. Ондайда ашумен айқайға баспайды. Айқан шыққан жерден ақыл қашатыны белгілі. Керек кезде желік қуған ұл қызына жол тауып, ізге свалады. Адасқандарды ақылмен түсіндіріп, тізе қосфып, тірлікті бірге атқарады. Келеңсіздік кездессе, көңілін түсірмейді. Қиянат көріп құлағанда, қайта тұрып кететін қасиетке ие болған әйел бақытты. Жаратылысы шапағатқа толы нәзік жандылар мейіріммен ойлайды, мейіріммен сөйлеп, елжіреп, мейіріммен өмір бойы жанында жүргендерге сүйсіне қарап, айналасына шапағатын сыйлайды. Жан жүрегінің жылуы жүзінен, жүрегінен төгіліп тұрады. Ондай қыз атаулы немесе әйел атаулы жандар әр жігіттің, әр ересек адамның арманы.

2. Кешірімді әйел бақытқа қатты бөленеді. Әр нәрсеге күйініп, алқымынан ала беру әйелге жараспайтын мінез. Қызбалыққа салынып, кешіре білмейтін адам ерте қартаяды. Аузы толған былапыт сөздер әйел немес қыз келіншектер өте тез қартаяды. Кешірімге барған адамның ұтылғанын көрдіңіз бе? Көп кезде кешіім жасай алмаған көреміз№ Кешпеймін деп айтқан оның жазасын екі есе тартады. Барын жоғалтып, екншіден жаман атты болады. Кешіре білу керек. Ол сізді орға жықпайды. Әйелдер өмірде кешіре алмағандығынан опық жеп жатады. Жақсы жар ерінің айыбын бетіне баспастан, кешіре білгені керек. Сүйе білген адам кешіре де біледі. Соңғы кезде, сүю, сену, кешіру, аяу, аялау, достасу сияқты қарапайым ғана сезімдермен өмір сүретін адамдар өте кем. Бақытқа бөленіп жүрген нәзік жандылардың қатары көп емес.

3. Өзінің ғана емес, өзгенің жан дүниесін түсіне білген әйел бақыты. Өйткені ондай әйел алыстан аңғарылады. Алыстан сезеді. Алыстан пайымдайды. Алыстан іздейді. Алысқа көз салады. Көрген қиындығы мен тартқан азабы көп ер азамат жыламай тұра алмайды екен. Ерінің жанында жылу әрі демеу, әрі сая болар ғана жарымен мәңгі жасайды.

4. Сабырлы болғанда ғана әйелге бақыт бұйырады. Дауыл да дамыл табады. Сабырлы нәзік жандар салиқалы шешімге тоқтайды. Ұзақтан ойлайды. Өйткені үй ішің берекелі болса, өзге ісің де оңға басады.

5. Осы аталғандардың бәрі жеңіл тәрізді, сөзбен айту өте жеңіл, және де күле қарауыңызда мүмкін. Жазуға оңай деп ойлансаңыз қателесесіз. Ерік жігеріңізге сенім атып көріңіз. Мейлі тұрмыс құрмаңыз. Айналаңыздағыларға қараңыз, сабырлы болыңыз. Сабырлы болып, күле білсеңіз, ашуланбаңыз. Бұндай жұмсақ, кешіре білетін, күле сөйлейтін қыздарға қасыңыздағы жігіттер үйірсек келеді. Ондайда оның өзіңізде байқалып тұрған қаиеттерді өзіненде байқаңыз, байқалса ол азаматтардан еш қашқақтамаңыз. Тұрмыста болыңыз, баланы, еріңізді түзеткіңіз келсе, өзіңіз түзелуіңіз керек алдымен. Бойыңызға ең асыл, ізгі қасиеттерді жинап, қасыңыздағы тірегіңізбен қосағыңызбен қоса ағарасыз.

4 пікір

didi0393
түh! не деген керемет сөздер, не деген тамаша сөздер, не деген қанатты сөздер! дұрыс дұрыс! сенің сипаттағаныз ангел емес па? осындай әйелге кандай" еркек" лайықты екен? оччч интереснааа)))бірақ түртіп алам өзіме!
AKA
Мен туралы жаза бередкенсіздерДачы
Jako
Еркектердің эгоизімі болмаса болар еді…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.