Қазақшаны қалай тез үйренсе болады?

Пайдалы кеңестер /
Досым "қазақша үйренгім келеді, маған бірнеше өлеңдер жаттауға берші" дейді))) Қуанып қалдым. Орыс тілін үйренгенде мұндай мәселе болмап еді, Айтаберушілер, кімнің көрген білгені бар?? Қалай қазақша тез үйренсе болады, неден бастау керек? Өлеңдер ма, кітаптар ма, грамматика? Өз тәжірибесінен жазатындар болса тіпті керемет болар еді…

11 пікір

ereke_enu
Статусына "қазақтармен тек қазақша сөйлесем" деп жазып қойыпты… жарайсың)
MSHERIMBEK
Досыңыз нәзік жандылардың сапынан болғаны ғой?
ereke_enu
Жоқ, ер жігіт… Және қыздарға еліктейтін ешқандай мінезін байқамадым
MSHERIMBEK
Жеңіл әңгімелер мен өлеңдер оқу үшін жас-кәріге 1-2 сыныптың «Ана тілі» кітабы таптырмайтын құрал деп ойлаймын.
assetova
Негізі бұл статус дұрыс емес деп ойлаймын! Мейлі қазақ болсын, орыс болсын, басқа болсын қазақша сөйлеуді қатаң талап ету керек!!! Неге біз орыс тілділердің ыңғайына көне береміз?! Бұлай жалғаса берсе, қанша үйреткенмен еш нәтиже шықпайды деп ойлаймын! ТАЛАП ҚОЯ БІЛУ КЕРЕК! Алдымен өзіңе, содан соң айналаңдағыларға!
assetova
Мәселен, бір орыс дүкенде қазақша білмеймін деп сізге орысша сөйле десе, кетіп қалыңыз! Келесі дүкен қаншалықты алыс болса да, уақытңыз қаншалықты тығыз болса да… Сатып алушыдан ешкім де айрылғысы келмейді ғой! Не көнсін, не кетсін ҚАЗАҚТЫҢ жерінен!!!
ereke_enu
Қазақ тілінің дәрежесі орыс тілінен төмен болып тұрғанына бүгінгі таңда тек қазақтар кінәлі. Сондықтан, басқа ешбір ұлтқа біздің тілде сөйле деп талап қоя алмаймыз. Алдымен, өзіміздің арамызда орысша сөйлесу деген понтты құрту керек.
Baha_07
Негізі грамматикадан бастаған дұрыс қо… содан кейін алып кетуге болад!
ereke_enu
Айтаберге шақыр деп ешкім айтпады(((
Kokbori
Өзі қазақша білмесе грамматикамен басын қатырып қажет емес
Ең тез ұғадын әдіс қазақша кеңесіп сөйлесе беру керек
Екінші мұмкін болса қазақша жазыса беру керек
Осы екеуі тез арада досыңның қазақша сайрауына септігі тигізеді
beko
Қазаншының қасында жүрсең күйесі жұғады дегендей сөз бар. Мейлінше қазақшаға мықты адаммен таныстыр, аралассын, мейлі вертуалды. Бұл да бір ой ғой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.