Қадыр түні - мың айдан да қайырлы...

Пайдалы кеңестер /
Алла Тағала былай деді: «Расында, Біз оны (Құранды) Қадыр түні түсірдік. Ал, саған Қадыр түнінің не екенін не білдіреді? Қадыр түні мың айдан да артық. Ол кезде Раббыларының қалауымен, Оның әрбір әмірі үшін, періштелер мен Рұх (Жәбрәйіл) түседі. Ол (түн) – таң атқанша сәлем!» («Ләйләтул-Қадр» 1-5).

Алла Тағала былай деді: «Анық Кітаппен ант етемін! Біз оны берекелі түні түсірдік, әрі Біз ескертеміз. Бұл түні, Біздің әмірімізбен барлық дана істер шешіледі» («Духан», 2-5)

Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Шын мәнінде, Қадыр түні жер бетінде, періштелер ұсақ тастардан да көп болады».

Хафиз Ибн Ражаб: «Әй, өзінің өмірін еш пайдасыз өткізген адам! Жіберіп алғандарымды қайта толықтыру үшін, Қадыр түнін қолданамын. Расында, ол түгел өмірге тең!», – деп айтқан.

Айша пайғамбарымыздан (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай сұрағаны хабарланады: «Әй, Алланың елшісі, егер мен Қадыр түнінің келгені туралы білсем, не айтуым керек?». Ол: «Әй, Алла, расында Сен – кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. мені керіше гөр!”, – деп айт», – деді.

Убәда ибн Самит Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Қадыр түнінің белгілері туралы былай айтқанын жеткізеді: «Қадыр түнінің белгісі – таза және жарық, ол түні ай масаттанып (жарқырап) тұрғандай болады. Бұл түні, таң атпайынша жұлдыздар атуға рұқсат етілмейді. Оның және де бір белгісі: таңертең күн сәулесіз, толған ай секілді түзу болып шығады, әрі шайтандарға онымен бірге шығуға рұқсат етілмейді»!

Қадыр түні құлшылығымыз мол болғай құрметті әпке, қарындас, аға, інілер!

1 пікір

Kan
Әмин айтқаның келсін!!!
Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!