Қара торы едім, сарғайып кеттім ...

Пайдалы кеңестер /
Кіріспе сымақ:
1. Пост көрәріп. Жүйкесі нашарларға валерианкамен оқуға кеңес беремін
2. В15+
3. Ақтарылдым, кешегідей қайталанбасын.
4. Пост күшті, жарайсың, Әдемі, жақсы қызсың, керемет, +++++ © деген сияқты пікірлер жазылмасын.
5. Оқысаңыз да, оқымасаңыз да ренжімеймін.

1) Бала махаббатыңыздың есімі кім? Ол қазір қайда?


Бала махаббатымның есімі — Серік. Қазір Алматыда болса керек.

2) Бұл махаббат сізде қалай басталды, ерекше бір оқиғаңызбен бөлісе отырсаңыз.

Студенттік өмірімнің алғашқы күндерінде басталған болатын. Бәрі сол жатақханада… Ол біздің көрші әдемі жігіт еді. Қоныстанып, группалас, көрші-қолаң, перваштар, втораштар, демблдер, мектептегі таныстармен таныса бастадық… неткен танысу бітпейтін. Сондай арпалыс күндердің бірінде бөлмемнен асығыс шығып, жақында танысқан қыздың бөлмесіне бара жатыр ем, ол да кенет бөлмесінен атып шықты. Рубен мырзаның қызбен соқтығысуы емес, Көркем әпшенің қарама-қарсы келе жатқан жігіттің қойнына кірмеуі емес, бізде ыстық құшақтар айқаспаса да, қап-қара көздер мен жүректеріміз айқаса кетті. Соқтығыса жаздап, тормозды басып, газды басуға ыңғай келмеу, не бір жол беру деген жоқ, үш секундтық өмірдің тоқтауы мен бір-бірімізге жол беріп тағы да соқтығыса жаздадық. Мен жол берсем, ол встречныйға шығып кетеді, ол жол береді, мен встречныйға шығып кетемін… осылай бірнеше рет қайталанды. Сол кездегі жүректің тулап, денеме сыймай, өз жүрегімді өзім басқара алмай қиналған болатынмын. Жүрегім артынан бар дей ме, артыңа қара дей ме… ақылым жүр, құрбыңа бар дейді....Құрбымның бөлмесіне кіріп кеттім

Ертесіне сабаққа бардық. Ол отыр екен соңғы партада. Ал, жүрек қайта өзіне сыймай…
Онымен қалай танысқанымыз есімде емес. Бір айдан соң танысып, араласқан да шығармыз. Себебі ол басқа кругтың қыздарымен араласатын. Сол кругтың қыздары біздерді бәсекелес етіп алған өздерінше. Жігіттерді де қайрап...әй, қыздар-ай, қыздар-ай...қазір сол қыздардың алды — балалы, біреуі қыркүйекте тұрмысқа шығады дегендей…

Қуантатыны, жұбататыны — ол біздің топта еді. Университет қабырғасында болғандар, жүргендер білетін шығар, топтың ішінен топ шығаратын заңдары бар. Сонымен, ол менің тобымда, тобымның ішіндегі тобымда болды. Қуанғанымды-ай сол кезде.

Ақырындап мәлімет жинай бастадым. Сол кезде басқа топтас жігітпен жақсы араластық. Әңгімеміз жарасатын.Маған Редиска деп кличка қойғаны бар емес пе… Сосын мен оған удочка деген ат қойып алдым, хыхы. Не керек, сол Удочканың көмегі тиіп, Cерікпен жақынырақ танысып, араласа бастадық.

Бізде орыс тілі сабағы ерекше қызықты өтетін. Мұғаліміміз кәріс апай Ким апай деп атайтынбыз өте мейірімді болатын. Аптасына бір рет күні бойы Ким апайдың сабағы, йеахуууууу©, керрррееееммеееет болатын. Үзілісте собра жасап, арахис әкеліп, қытырлатып жеп отыратынбыз. Апайымыз байқамаған сыңай танытатын еді.

Ким апай, көбіне, үйге эссе жазуға беретін. Бір-біріміздің эссемізді талдап, өтірік мақтайтынбыз. ол кезде интернет деген қайдаааа, түнімен отырып, сөздік ақтарып, тіліміз бұралып әрең жазатынбыз. Ертесіне Әдемі әдемілеп эссесін оқитын, мұғалім «кім талдайды?» дегенінде, ол қолын көтеретін. Ажжжжжж, жыным ұстайтын. Оның алғашқы аузынан үнемі шығатыны: «У нее много грамматические ошибки» болатын. Жыным келетін. Басқалардікі күштіленіп мақталатын. Біздікінің бағасы солай берілетін. Оған жалынатынмын талдамашы менікін деп. Ол да пысық, эссесін орыс қыздарға жазғызып ап, өзі апайға сауатты көрінгісі келіп, грамматикалық қате жайлы көп айтатын. Өзі оңып тұрғандай. Қаным қайнап отыр....

Арадан біраз уақыт өтті. Әрбір секунд, минут, сағаттар бізді жақындата түсті. Дос едік. Жақын дос. Түбінде екеумізде де сезіміміз болатын. Көбіне ол менің арт жағымда отыратын. Бірге отырып көрмедік-ау… Көркемнің Бақыты сияқы группадағы менде ғана артық қалам, таза қағаз, артық кітап, артық қарындаш, артық бірлік болатын. Есесіне, оның галстугын назло барып алатынмын сұрап. Енді анау-мынау концерттерде галстугым алып тұратынмын.

Бір жыл өтті… достық. Екінші жыл басталды...әлі достық. Группаның бәрі білетін жақсы араласатынымызды, бірақ ешқайсысы бетімізге басып айтпапты, пысықтық танытып, қосып та көрмепті. Себебі оған басқа да қыздар ғашық болатын. Сосын менің Удочкам бар. Сонымен жүреді деп ойлайтын жарықтықтар.

Бір күні Әдемі апаларың жер болған группаның көзінше. Оның туған күні болатын сол күні. Оның қаламды ермек қылатын әдеті бар болатын. Содан топтағы қыздар оның бір маған арналған ба өлеңін оқыпты. Қырсыққанда, мұғалім жоқ. Кешігіп келдім. Бәрі улап-шулап жатыр. Не болған деп таңқалып, бос орынға барып жайғастым. Ал басты рөлде — ОЛ. Өлеңін пысық қыздар оқытып жатыр біруақытта. Сосын кімге арналғанын сұрамасы бар ма, ептіііііі. Ол осы топтағы бір қыз дейді. Маммаааа, үстімнен сұп-суық бір камаз су құйылды десеңші. Қобалжығаннан қасымда отырған жігіттің қолындағы кішкентай кітапты жұлып алып, ішінде итімді жоғалтқандай, бас салмай оқып жатырмын типа. Әшейінде, кітапты саусағына жолатпайтын апаларың. Не керек, кешкісін бір кафешкада жиналатын болдық. Ол кейіпкерді кеш барысында биге шақыратын болды. Содан өлең арналған қыз табылады.

Кешке жиналдық. Бір жыл бойы группаның бас қосуларына келмейтін топтастар келген ғой, вуаля, рекорд жасап. Біраз ғашық қыздар да келіпті, дәмеленгені ғой, қайсыбір группаласым деп іздегенінен дейсің бе?! Кеш басталды. Әйтеуір, қалай болғанын білмеймін, ол менің қасыма отырыпты. Бір кезде құлағыма сыбырлайды өлеңі жайлы. ОМГ! Осы кезде Көркемдегідей тәкаппарлық бойымды билеп, «білмейм» на дегенім бар. Содан оның салы суға кетіп, кеш бойы ешқандай қызды биге шақырмады.

Сол тәкапарлығымның кесірінен махаббатымыз достық қарым-қатынаспен шектеліп қойды. Ал, қыздарға айтқанымда, төбелеп, жеп қоя жаздағандары бар. Да, да, да, я такая дурочка! Достығымыз жалғаса берді. Ол күнде қоңырау шалып, үй тапсырмасын сұрайтын. Көтермесем, қасымдағы қыздарға қоңырау шалатын, қырсығып.

Уақыт өте берді… қайтпас, қайсар қыздың шыдамы таусыла бастады… Төзім уақталып, опырылды. Ол трмзданып жүре берді, жүре берді, жүре берді. Қаншама сезімін білдірген жігіттердің бетін қайтара бердім, қайтара бердім, қайтара бердім. Көзімді ашсам, 3-курспын. Қой деп, етек-жеңімді жинап, ұмытайын, мына түріммен кәрі қыз атанамын деп, ұмытуға бел будым. Былай неше-неше қойындәптерлер арналды оған, қанша рет құс жастығымыз жасымызға малынды, қаншама күндеріміз күтумен, сарғаюмен өтті, қаншама уақытымыз өлді десеңші… Содан шығар сап-сары қызға айналғанымыз.

Онымен қоштасқаныңа өкінетін сәттер болама? Өмір жолы қайта табыстырса дәл сондай сезімді келтіре аласың ба?



Ұнату, сүйіп қалудан ұмыту қиынырақ демекші, С дискісіне жазылған естеліктерді өшіру оңайға соқпады. Себебі С дискісін кетіріп тастаса, не болатынын білетін шығарсыздар… Ақырындап естеліктерді өшіре бастадым. Ал орнына басқа оқиғалар орнатыла бастады. Кешегі құрбан болған жазбамдағы хаттың авторы оны ұмытуға көп септігін тигізді. Онымен қоштасқаныма өкінбеймін, оны сүйіп қалғаныма өкінемін. Онымен араласпай кеткеніме өкінемін. Өмір жолы қайта табыстырмайды. Себебі ол басқа өмірдің өзеннінде, мен басқа өзенніндемін, басқа арнада. Қайта табыстырса, қайтпайтын едім. Себебі оны күтумен үш жылымды өлтірдім. Оляяя, күтіііп жүре беріпті деп ойлап қалмаңыздар, студенттік өмірдің қызықтары былай басқа кадр, ракурста өте берді.

Сұрақ: опшым, шанссызсыз, шартты түрде, әрине. Малтабар, бірақ мінезі шатақ жігітті ұнатып қалдыңыз делік. Осы арада, жалқау, епетейсіз, бірақ момын жігіт сізді жоғары бағалап, сүйіп қалды делік. Қайсысын таңдайсыз? (((: Екеуіне тиіп алуға ұрұқсат жоқ.

Ошшым, егер демей-ақ қояйын. Былай жалқау, епетейсіз, бірақ момын жігіт бізді жоғары бағалап, сүйіп қалған © болатын төрт жыл бұрын. Егер сондай жігітті таңдайтын болсам, қазір екі балалы болып отырар ма ем… Сезімім болса, мінезі шатақ жігіттің қылықтарын көтеретін ем. Соғатын болса, түйіншектерімді түйіп, сандықтың түбіндегі жинап қойған ақшаларымды алып, екінші типтегі жігітке кетіп қалам. Екі шатақ қосылып, керемет шаңырақ боламыз деген ниет бар. Есесіне, у нас много общего болады. Екінші типтегі жігітпен тебілетін шығармыз. Екеуге тиіп, көргенсіз деп ойладыңыз ба, оляяяяя. Сүйгеніңмен бірге болсаң, лашық та жұмақ ©.



Бірақ уақыт өткен сайын розовый © көзілдірігім сынып барады. Қазір шытынап тұр стеклосы. Мінезі шатақ жігіт тез арада таппасам, жалқау жігітке шығып кететін шығармын. Сондықтан көзілдіріктеріңіз сынбай тұрғанда тұрмысқа шығып кетіңіздер.
Эстафета таяқшасын ereke_enu ға ұстаттым.Сұрақ: болашақ әйеліңізді қалай елестетесіз? Рахмет!

15 пікір

pana
құлағыңызға не дед сонда?)
Ademi
Өлең есіңе түсті ма деді. Ошшым, сценарий есіңе түсті ма деді
ereke_enu
Мына постты оқып, менің де көрші қызым мені күтіп жүр мааа деп ойлап қалдым)
AKA
Бір топта болып, бір-бірін күнде көріп, эххх… қиындау.
Ademi
Концовкасы басқаша екен… Негізі, оған қосылмағаныма қуанам. Адам да солай өзгере ме екен деп таңқалам кейде… Баяғы… баяғы кейпі… уот сол кезін сағынам.
Жігітке обал болыпты. Түймедақ тартқанша, көмек бергендеріңіз жөн еді…
Шешкім келмейді, өзі сынайын деп тұр…
Ademi
Менің де парталасым сыныптасым шолақ балақтылардың қатарына кіріп кетіпті. Оқуын да тастапты соңғы курсында. Бірақ ешкім қайтарып әкеле алмады. Қазір жүр, қойдың артында. Сөйтпесек болмайтын сияқты, шытынаған сынықтар да ұзақ тұрмайтынын ескерсек…
zhomart
Серігің таза тормоз ғой, көз алдындағы қызды байқамай… әй түк бітірмепті анауың
AKA
Кім жазды десиш мынаны?!
Jako
Пост көрәріп. Жүйкесі нашарларға валерианкамен оқуға кеңес беремін
Қайдам, мынадан кейін көріміз көзімізге көрініп тұр, валериянка да көмектеспес)))
mairosh
Адемі сенің жазбанды оқымас бұрын Ишимізден калимамызды айтып алып оқитын болдық. Басы бір қорқынышты басталад. А А А Б Б Б деп қаламыз кейде. ))
тфуу пікір жазбайм енді жазбаларға десемде оықп отырып кетіп қала берем
qyrmyzy
Автор саған ұқсайма дим?!
алғашқы махаббат жақсы ғой© хэ:))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.