Интернетке тәуелдісің бе ?Интернет саған тәуелді ме?

Пайдалы кеңестер /
Сіз интернетте ұзақ отырғанды жақсы көресіз бе? Таңертең тұра салысымен ноутбугіңізді қосып поштаңызды тексеремісіз әлде өзіңіз ұнатқан сайттарды аша жөнелесіз бе?Құттықтаймыз, сізде интернетке тәуелділіктің алғашқы белгілері бар.Жо-жоқ, бұл психикалық ауытқу емес, бұл жай ғана жаман әдет.
Белгілері
Сіздегі интернетке тәуелділіктің маңызды белгісі ол интернет ресурстарына деген тым қатты қызығушылықтың болуы.Тіпті сіз өзіңізге маңызы жоқ сайттарды еш себепсіз шұқылай бересіз.Мысалы делік, сіз поштаңызды маңызды хат келгені себепті ғана ашпай, жәй ғана хат келді ме екен деп тексересіз.Сізге пошта жәшігін ашып қарау процесі ұнағандығы себепті ғана ашуыңыз мүмкін.
Интернетке тым берілгеніңізді айналаңыздағы адамдардың жиі-жиі ескертпесінен де байқауға болады.Олардың «Сен интернетте көп отырасың!» деген алаңдаулы сөздерінен-ақ сіздің агенттегі мылжыңыңыз сіздің бар болғаны алтын уақытыңызды ұрлап жатқанын, жақын достарыңыз бен достарыңызбен реалды қарым-қатынас жасаудан қалыс қалдырып жатқандығын білермісіз?
Сондай-ақ интернетке тәуелділік пайда болғанын Интернетке және электр шоттарына қарыздың таудай үйілгенінен-ақ, сондай-ақ достарыңызбен кафеге барғанда алдымен «Мұнда вай-фай бар ма?» деп сұрағаныңыздан-ақ, және де таңертең шай мен тамағыңызды жеудің орнына компьютерге жүгіргендігіңізден білуге болады.
Бұл қауіпті ме?
Егер осы сұраққа сәл бас қатырсаңыз, аздап болса да виртуалды тордан алшақтайсыз.Еуропа өңірінде осы проблеманы белсенді түрде талқылап, тіпті арнайы интернетке тәуелділікке қарсы орталықтар құруда.Ал енді, менің ойымша Қазақстанда бұл мұндай бас қатырарлық проблема бар дегенге көбісі келісе қоймас.Дегенмен де, интернетке тәуелділік адам денсаулығына әсері бары сөзсіз.
Әрине, алдымен жанарыңызға әсері бар.Тіпті қандай да бір жаңа заманғы қорғаныс көзілдіргін киіп, жаңа модалы мониторды пайдалансаң да, ол сізің көзіңізді шаршау мен күш түсруден сақтай алмас.Көз бұлшық еттеріне үнемі күш түсетіндіктен, олар өз икемділігін (эластичность) жоғалтады, Көздегі нәруыз тартылған тамырлар әсерінен қызарып кетеді, ал көз маңайында әжімдер пайда болады.Көз алмасын босаңсыту үшін өзіңізді әр компьютер алдынан тұрған сайын көзіңізбен алысқа қарап тұруды үйреніңіз.Сондай-ақ Офтагель тәрізді көз тамшылары да жақсы әсер береді.
Интернетке тәуелділіктен туындайтын тағы бір жағымсыз жағдай — арқаның, жауырынның ауыруы, сколиоз, бүкірлік.Бұлар отырықшы өмірден туындайды және оларды емдеу соншалықты оңай емес.Бұндай келеңсіздіктерден құтылу үшін дәріханадан арнайы бандаж сатып алыңыз.Арқа ауырғанынан, сондай-ақ йогамен айналысу, суда жүзу көмектеседі.
Интернетке тәуелділіктің жағымсыз бір факторы — қоғамнан оқшаулану (асоциальность).Яғни, достарыңызбен кездеспей-ақ скайппен сөйлесесіз, ешкіммен де телефон арқылы хабарласып, уәдеесудің керегі болмай қалады, себебі сіз е-майлмен хат жіберсеңіз, дүкенге де барудың қажеті жоқ, себебі интернет-дүкенмен тапсырыс бере салсаңыз.Интернетте неғұрлым ұзақ отырсаңыз, соғұрлым реалды қарым-қатынастан алшақтай бастайсыз, демек жаңа бейтаныстармен танысу барысында күйзеліске тап болу мүмкіндігі бар…
Ақпарат мына сайттан ықшамдалып аударылды.

16 пікір

Ademi
Не десем екен… Жарайсыз! Жақсы аударма!
Шетелде көлік жүргізушілеріне де жағдай жасалған. Яғни олар көлігінен түспей-ақ тамақ сатып ала алады. Оларға арналған арнайы дүңгіршіктер болады екен. Енді ойлай беріңіз…
Интернетке тәуелділіктің жағымсыз бір факторлары:
1. Реалдағы достардан айырылу;
2. Жаңалықтан құр қалу;
3. Туыстардан алшақтау;
4. Ұшқалақтықтың пайда болуы;
5. Жүйке жүйесінің сыр беруі;
6. Қыздардың отырып қалуы, жігіттердің опырылуы
7. Денсаулықтың құруы;
8. Өтірікшіге айналу.
Ademi
тағы қоса отырыңыздар…
AKA
Айтылғандар менде жоқ екен, тәуелді емес екенмін.
qyrmyzy
Мәди, әдемі аударыпсың. Қалайсың? Хабарсыз кеттің ғой? Қайдасың?
Jako
Мади, соңғы кезде осы тәуелділік жайлы көп айтып жүрсің, демек ойланасың.«Аға мені 1 айға банға жіберші»-дегенің есімде СЖ-да. Жарайсың мен банға жібермей ақ жақсы жағына қорытынды шығарғансың, соңғы кездері жиі көрінбейсің, демек тәуелділік деген пәлені жеңуге болатынын білдің.Жастардың бәрі өзің сияқты салқынқанды болса ғой, шіркін. Ал мына постың керемет, жастарды қайдам, өзім көшіріп алып дәл алдыма іліп қойдым, демек жастар тұрмақ менде қорқамын, тәуелділіктен.
Zhanat
бұл тәуелділіктен өзің ғана шыға аласың, өзіңнің ақыл-қайратыңмен. мен интернетке тәуелдімін деп айта аламын. Неге бұл тәуелділікке бардым, қазірде кетіп қалуыма болады бірақ, менім әлі атқарар істерім бар, мен бұл казнеттен көп нәрсе үйрендім,әлі де үйренудемін. ендігі мәселе осының өтеуін жасау, ол қалай менен кейін келетіндер үйренетіндей із қалдыру, бір іс жасау. осы ойларымды жүзеге асырсам сонда ғана интернеттен кетемін. Ал енді реалды өмірді ысырып тастау, жүйкеңнің сыр беруі ол барлығы өзіңе байланысты, барлығында дерлік алып жүруге мүмкіндік жетеді, тек қана сана болса болды.
Madi
Дұрыс айтасыз/жазасыз, сізбен келісемін.
Azamat
Менде пошта жәшігін тексергеннен ләзат алу белгісі жоқ бірақ кейбір сайттарда ұзақ отырамын, ұйқыдан ояна сала компьютерімді қосамын)
Менде де осындай жаман әдет бар ау)
Kan
Кей кейде жұмысқа кедергі келтіріп жататыны шындық. Бірақ заман талабы болғансоң оны қолданғанда дұрыс тек таң ертеңнен кеш батқанға дейін отырып алу емес.
mairosh
Ақыры жазып қойданыз ба? )))) Но жақсы жазыпсын да. әп әші шындық
Madi
Соңғы жағын аударуға ерініп кеттім :D
Daniar_alan
тәуелділік емес, мүмкін… :) мәселеңки, ия мен алдымен… ең алдымен агент қосылады автоматты түрде. Агент арқылы әрине пошта да ашылады. Пошта ашылған соң әрине хаттарды тексересің. Мүмкін, біреу маңызды бір хабарлама тастаған шығар… деп ойлайсың… бірақ, бірақ… екі-үш осындай блогтұғырларға тіркелгем, солардан «Сіздің пікіріңізге жауап жазылды» деп келіп тұрады… Бітті сосын… Жұмыспен 11.00-ге дейін қоштаса бер. Әрине, мен өзімнің мемлекетке орасан зор шығын келтіріп жатқанымды (санаңыз: 1-жылда шамамен 256-күн жұмыс. оның 8-сағатынан 2-3 сағатты алып тастаңыз) түсінемін, алайда… в обшым ия ауру! емін айтыңыз енді…
Madi
сілтемеге өте салыңыз…
khairbek
интернет болмаса агентке 0алай кыресын а,,,?? яғни Интернеттін де қатысы бар агентке? жарайма достым?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.